Ә) Қосымша әдебиеттер Бегалинова К.К. Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека. Алматы, 1999
Көпрүлү М.Ф. Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы. Шымкент, 1999
Тирмэнгэм Дж. Суфийские ордена в Исламе. М.,1989
Мырзахметов М. Иасауи тағлымы. Түркістан, 1996
Шах И. Суфизм. М, 1994
Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.
Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.
Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000
Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000
Есім.Ғ. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998
Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999
Иасауи жолы журналы. Түркiстан, 2004
Cebecioglu E. Tasavvuf Terimleri ve Deyimler Sözlüğü. Ankara, 1997
Köprülü F. Türk edebiyatinda İlk Mutasavvıflar. İstanbul, 1993
Mert H. Hoca Ahmet Yesevi. Ankara, 1999
Eraslan K. Divan-i Hikmetten seçmeler. Ankara, 1983
Eraydın S. Tasavvuf ve Tarikatlаr. İstanbul, 1981
13 тақырып
Қ. А. Ясауидің орынбасарлары мен жолын қуушылары 1. Атақты орынбасарлары
2. Ахмет Яссауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары
3. Рұм өлкесiндегi iзбасарлары
1. Атақты орынбасарлары.Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтың ұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаның әкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидің үшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.