Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет34/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147
Бақылау сұрақтары

  1. Оқытып үйрету әдістеріне қойылатын жалпы талаптарды атаңыз.

  2. Оқытып үйрету әдістеріне жалпы сипаттама жасаңыз.

  3. Сөзді және көрнекі құралдарды көрсетіп пайдалану жолдарын түсіндіріңіз.

  4. Қатаң уақыт пен белгіленген жаттығулар әдісінің мәнін атаңыз.

7 Лекция сабағының тақырыбы : Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерге үйрету




Сабақтың мақсаты: Студенттерге қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерін оқытып үйрету


Жоспары:
1. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттер оқу пәні ретінде: қозғалу біліктіліктері мен дағдылары, оларды қалыптастыру механизмдері.
2. Дағдылардың өзара байланысы.
3. Қозғалысқа үйрету үрдісінің құрылымы.
4. Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, тереңдете үйрету, бекіту және жетілдіру.
Лекция мәтіні: Оқытып үйрету сөзі кең ұғымда жаңадан меңгерген жеке тәжірибесінің негізінде нақты, айқын қызметке дайындығын қалыптастыру жүйесі болып табылады. Жаңа үйренген әдіс бойынша былай бөлуге болады: еліктеп істеу арқылы үйрету, сынап көру және қателіктен үйрену; басқа адамның ұйымдастыруымен үйрету; бағдарламаландырылған үйрету; оқытып, үйрететін машинаны пайдаланып үйрету. Оқыту жүйесінің өзі психология мен физиологияның белгілі заңдарымен жүреді. Біздің еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінің методологиялық оқытып үйрету негіздеріне ілімдік таным жатады. Барлық танымдық жүйенің негізі іс-тәжірибе (практика) болып табылады. Танымның бастапқы сатысы бәрінен бұрын сезім мүшелерінің қызметімен байланысты. Әлемдегі қазіргі заманғы мәліметтердегі адамның үйлесімді болмысты сезіммен көрсетуінде тек қана сыртқы сезім мүшелері ғана емес, сонымен бірге сезім мүшелері аппаратынан келетін буын-бұлшық ет сезіну және түйсінуі де қатысады.
И.М.Сеченовтың еңбегінде бүлшық ет қозғалысы сезінуі заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды қабылдауда және оны қысқа уақыт аралығында бағалай білуде үлкен рөл ойнайды. Сеченовтың ілімі бойынша бұлшық ет сезінуі "өлшегіш немесе кеңістік пен уақытты бөлшектік талдау жасағыш" болып табылады.
Іс жүзінде біз бөлек емес сезімдермен ғана емес, үғыну, қабылдаумен, яғни жекелеген сезінулер заттың нақтылы бүтіндей бейнесіне біріккен немесе өзінің жеке іс әрекетіне өзгеше бүтіндей әсерленушілік, ренжу мен тікелей істес боламыз. Адам жаңа қозғалысты меңгеруге талаптану кезінде сезім мүшелерінің жәрдемімен алынған мәліметтердің барлығын түгелдей емес тек қозғалыс міндетін шешуге арналған қажеттісін ғана пайдаланады. Оның шешу барысының өзі байқап көру, қателіктер және табысты әрекеттердің кезектесіп келетін кезеңдерінен түрады. Іс жүзіндегі әрбір табысты байқап көру сол уақытта қозғалыс міндетін шешуді ашудың кішкентай жолы, яғни адам қызметінің іздену-талдау білімділігінің нәтижесі болып табылады. Адамда барлық ойлау операциялары "өзі туралы сөзбен" қабаттаса және "ақылында" сол істеуге тиіс әрекет бейнесін көз аддына елестетіп келтірумен жүреді. Бұл жүйелерде адамның жануарлардан үйрену кезі мен біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру механизмдерінің негізді айырмасымен қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет