44
профазасының бастапқы кезеңінде хромосома материалының
тығыздалатыны жəне ДНП фибриллдерінен түзілген хромонем
құрылымы хромосоманың күрделенуіндегі аралық заттың
негізгі материалы болып табылатыны анықталды. Ал телофазада
осыған қарама-қарсы процесс жүреді. Митоздың басқа
фазаларында
хромомемалар
байқалмайды.
Политен
хромосомаларында хромомерлер өте айқын көрінеді, олар қатар
орналасып политен дискілерін құруда негіз қалайды. Қорытып
айтқанда, хромосоманың құрылысынан ДНҚ орналасуының,
ДНП фибриллдерінің хромомерлі, хромонемді жəне хроматидті
деңгейлерін
байқауға
болады.
ДНҚ-ның
тығыздалу
деңгейлерінің күрделенуі арқылы митоз хромосоманың денесі
құрылады.
Қазіргі уақытта хромосома денесінде ұзынша орналасқан
элементтер жөнінде əр түрлі деректер бар. Полинем гипотезасы
хромосоманың денесі бір-бірімен спиральдана орналасқан
бірнеше ұзынша жіпшелерден тұрады десе, Унинем болжамы
хромосоманың бойында ұзынша орналасқан бір құрылымның
барын дəлелдейді.
Унинем болжамына қарсы пікірдегілер мұның генетикалық
ұғымға қайшы келетіндігін айтты. Бұл теория хромосомадағы
субхроматид элементтері бірдей ме, егер бірдей болса, мұндай
жағдайда ген мутациясы қалай жүреді, əр түрлі болса,
кроссинговер процесімен, хромосомалардың бойында гендердің
орналасу принциптерімен қалай байланыстыруға болады деген
көптеген сұрақтарға жауап бере алмады. Эксперименттік əдістер
унинем болжамында айтылған түжырымның растығын
дəлелдеді. Мейоз хромосомасын ДНҚ-аза ферментімен бұзғанда
бұл
хромосоманың
құрамында
ДНҚ-ының
бір
ғапа
молекуласының бары айқындалды. Сонымен марфологиялық
жəне физика-химиялық əдістер арқылы дрозофильдің бір
хромосомасында бір ғана ДНҚ молекуласының бары, яғни
дрозофилдің хромосомы унинемді екені анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: