18
барып қақ бөледі). Сонда цитоплазма жағынан бұл аймаққа
көптеген жіңішке жіпшелердің орналасатынын көреміз. Тығыз
байланыстар арқылы молекулалар мен иондар алмасуы
жүрмейді. Мұндай байланыстар эпителий, эндотелий жəне
мезенхима клеткаларының аралықтарынан байқалады.
Саңылаулы байланыстардың негізгі қызметі — клетка
аралық қатынастарды реттеу, атап айтқанда, химиялық
заттардың алмасуын, əсіресе дамып келе жатқан клеткалардың
байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір
клеткадан екінші клеткаға өтуін реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: