Лекцияны дайындаған: Байдуанова Л. А. Қазақстан Республикасының Тұңғыш


Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі –



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата04.04.2022
өлшемі6,06 Mb.
#29773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – "Қайырымды 

қала тұрғындарының көзқарастары жайлы 

трактат" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы").

"Ғалым қала басшыларын "қайырымды және 

надан" деп екіге бөледі. Ол кезде қала-мемлекет

болған. Оның тұрғындары қай кезде бақытты

болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың

әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, 

ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты

болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік

айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. 

Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі

іздену керек дейді.



Ғұламаның ғылыми философиялық 

еңбектерін байыптап, қайта қарау барысында 

оның педагогика тарихындағы ұлы 

тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол 

Шығыс еліндегі тұңғыш сындарлы 

педагогикалық жүйе жасаған ағартушы. Әбу 

Насыр Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия 

өнері», «Бақытқа жол сілтеу туралы» 

трактаттарында этикалық- эстетикалық 

мәселелерге көңіл бөліп, білім дәрежелерін 

саралап, солардың негізін дәлелдеп берді. Ол 

музыка туралы жазған кітабында музыка 

өнерін әдемілеп жіктеп береді. 



Ал «Логика» және «Диалектика» атты 

шығармасында әлемнің ішкі байланысын, 

дамуы қандай екенін түсіндіріп, әлемге паш 

етеді.



Әл-Фараби дүниенің мәңгілігін мойындап, 

танымның болмысқа тәуелділігін растап, ақыл-

парасат туралы ілімді саралады. 



Ол “Ғылымдар тізбегі”, “Бесінші трактат”, 

“Медицина каноны”, “Қайырымды қала”, “Адам 

ағзасындағы мүшелер”, “Жануарлар ағзасындағы 

мүшелердің құрылысы мен қызметі”, 

“Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы”, 

“Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа 

жол сілтеу”, “Вакуум туралы”, “Теориялық 

арифметикаға қысқаша кіріспе”, “Болжамдағы 

геометрияға кіріспе”, “Фусул ал-мадани”, 

“Ғылымдардың шығуы”, “Астрологиялық 

болжамдарда не дұрыс, не теріс”, “Евклидтің 

бірінші және бесінші кітаптарының 

кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме”, 



“Философияны үйрену үшін қажетті шарттар 

жайлы трактат” секілді ғылымның барлық 

саласына арнап еңбектер жазып, көп мұралар 

қалдырған кемеңгер философ.




Әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» 

трактатының ғылым тарихында алатын орны 

ерекше. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет