ұмтыла үндесу дейміз де, соңғысын тартына үндесу дейміз», – дейді.
«Қазақ сөзін сөз етіп тұрған сингармонизм құбылысы екенін, ал
сингармонизмнің иек артар тілдік бөлшегі буын екенін ескерсек, проф.
Қ.Жұбановтың қаншалықты көрегендік танытқанын көреміз», – дейді проф.
Ә.Жүнісбеков (28, 193).
Қ.Жұбанов: «Сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең
күштісі – түбір мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл заңды
сингармонизмдейміз», – дейді. Ол сингармонизм деп түбір мен қосымша
аралығындағы дыбыстардың үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшаның да жуан, жіңішке
келуін және екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы
айтқанда, ғалым түбір мен қосымша аралағындағы барлық дыбыстардың да
үндесуіне көңіл бөлген. Атап айтқанда, ғалым түбір мен қосымша
аралығындағы үндесу түрлері деп төмендегі мәселелерге назар аударған: 1)
түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай; 2) түбірдің соңғы
дыбысының үнді-үнсіз болуына қарай; 3) түбірдің соңғы дыбысы дауысты
болғанда; 4) түбірдің соңғы дыбысы л-дан басқа ауыз жолды сонор болып,
қосымшаның бас дыбысы л мен м-ның бірі болғанда; 5) түбірдің соңғы
дыбысы л болып, қосымшаның бас дыбысы л мен м-ның бірі болғанда; 6)
түбірдің соңғы дыбысы мұрын жолды сонор болып, қосымшаның бас
дыбысы да, аяқ дыбысы да мұрын жолды сонор болғанда; 7) түбірдің соңғы
дыбысы к, қ, п дыбыстарының бірі болып, қосымшаның бас дыбысы
дауысты болғанда; 8) түбірдің соңғы дауыссызы сыбыр дыбыстары мен
сыбыс дыбыстарының үндісі болып, қосымшаның бас дыбысы үнсіз
болғанда; 9) түбірдің соңғы дыбысы сыбыр болып, қосымшаның бас дыбысы
сыбыс болғанда; 10) түбірдің соңғы дыбысы мұрын жолды езушіл сонор
болып, қосымшаның бас дыбысы еріншіл дауыссыз болғанда; 11) түбірдің
соңғы дыбысы н болып, қосымшаның бас дыбысы қ, к, ғ, г дыбыстарының
бірі болғанда пайда болатын өзгерістер (8, 209-213.). Мұның өзі
сингармонизм сөздің бүкіл өн бойында бірдей тембрдің сақталуын
қамтамасыз етіп, сөз құрамындағы дауыстының да, дауыссыздың да бір
сазбен айтылып, өзара үндесіп тұруы туралы фонетист-ғалым проф.
Ә.Жүнісбековтің тұжырымдарының негізі Қ.Жұбановтың осы сарындас
ойларының тамырында жатқандығын аңғартады. Қ.Жұбановтың екпін мен
72
үндестік заң туралы ілімдерінің ғылыми тұрғыдағы маңызы өте зор.
Лингвистиканың бұл салалары қай кезеңде болмасын ғалымдардың
назарынан тыс қалмаған және сан қилы көзқарастар тұрғысынан түсіндіріліп
жүрген нысан болып есептеледі. Қ.Жұбанов оларды айтылатын сөзге негіз
болып, оның құрамындағы бірліктерді бір-бірімен біріктіріп, туыстас
просодикалық құралдар ретіндегі орнын қарастырады. Қ.Жұбанов
еңбектерінде буын туралы ілімдер ерекше орын алған. Ғалым қазақ тіліндегі
бар буындарды нақты талдап, буын құрылысының бірігу, орын ауысу және
т.с.с. өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сипаттамасын анық
береді (29).
Қ.Жұбанов қазақ тілін, тек оның қазіргі заманғы жай-күйі тұрғысынан
ғана емес, сонымен қатар, тілдің пайда болу және бірте-бірте дамуы
тұрғысынан, оның да, табиғат сияқты, өмір сүріп, үздіксіз қозғалыс пен
өзгерісте болатындығына сілтей отырып қарастырады. Тілдің қазіргі заманғы
жай-күйі оның ұзақ уақыт даму нәтижесі болып табылады. Тілдің әрбір
дамуы кезеңіне қандай да бір жаңалық тән, ол, өз кезегінде, дамудың келесі
деңгейіне өтуі кезеңінде аңғарыла бермейтін одан әрі қалыптасып-жетілудің
негізін қалайды. Сонымен, Қ.Жұбанов қазақ тілін басқа тілдермен өзара
байланысып-әрекеттесу тұрғысынан дамып-қарқындауын «қазақ тілі туралы
барлық уақытта да бір сарында айтуға болмайтындығын, ол жөнінде тек
белгілі бір кезеңдегі қазақ тілі туралы сөйлеп, сипаттау тиіс екендігіне»
сүйене отырып қарастырған.
Құдайберген Жұбанов дыбыстардың пайда болуына, фонетика-
фонологиялық құбылыстар арқылы дамуына ерекше көңіл бөлген. Ғалымның
пікірі бойынша, «бір замандарда түркі тілдерінің дауыстыдан басталатын
сөздерінің бәрінде де дауыстының алдында дауыссыз, сонор дыбыстардың
бірі болған; әр сөзінің басындағы а дыбысы е болып та айтыла беруі мүмкін.
Өйткені бұрынғы замандарда дауыстылар бірінің орнына екіншісі
қолданыла берген». Ғалымның бұл тұжырымдамалары кейінгі тілші-
ғалымдардың пікірлерінен сабақтастық тауып жатқандығын көреміз,
олардың айтуынша, жалпы түрік тілінде вокализм өте кедей болған және
дауыстылар тек буын құрушы қызметін атқарған.
Түркітанушылардың
пікірлері
бойынша,
түркі
тілдеріндегі
фонологиялық құрылым моновокалды типпен ерекшеленіп, басқаша
айтқанда, барлық дауыстылар бір-ақ дауысты фонеманың варианттары
болған. Алтай дәуіріне дейінгі уақытта дауысты дыбыстар буын түзуші
қызметінде ғана жұмсалып, морфонемаға сәйкес келсе, алтай дәуірінде түркі
тілдері морфема және қосымшамен бірге агглютинативтік құрылысына
жеткен.
Түркітанушылардың айтуынша, ататүркі тілінде дыбыстардың ұяң-
қатаң (ғалымның пікірі бойынша, үнді-үнсіз) қасиеттеріне негізделген
фонологиялық корреляция болмаған. Оның пайда болуы қатаң дыбыстардың
позициялық ұяңдауымен байланыстырылады. Қ.Жұбанов бұл жөнінде:
«Үнділерді сыбырлап айтсаң, үнсізге айналады. Үнді-үнсіз парлары бұрын бір
73
болып жүрген. Тіпті алғашқыда қ, к, т дыбыстары бір-бірінен
ажыратылмаған. Қазір бізде – үнді бір фонема, үнсіз – бір фонема. Осы
күнге шейін осы екеуінің ауыса беретін жерлері де бар, алтайда: пұс – пұзы,
Достарыңызбен бөлісу: |