Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет45/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Сиыр мөңірейді – осы шақ, Ертең сиыр мөңірейді – келер шақ. 
Дәл осы шақты өз ішінде төрт түрге жіктейді: 
1) Жалпы осы шақ (жазып жатырмын).Істің нақ осы кезде істеліп 
жатқан болуы да немесе көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-
создық жүріп жатқан іс болуы да мүмкін, осыны жалпы түрде айтсақ, 
етістік жалпы осы шақта болады; 
2) Кәдімгі осы шақ (жазып жүрмін).Ұзаққа созылған, үздік-создық 
істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен 
айтамыз;
3) Қазіргі осы шақ (жазып отырмын).Істеуші дәл осы кезде іс үстінде 
екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақ қолданылады; 


111 
4) Әзіргі осы шақ (жазып тұрмын).Дәл осы кезде болып жатқан және 
өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз» 
(8, 388).
Ғалым осы шақ түрлеріне байланысты қазіргі грамматикаларда 
ауыспалы осы шақ деп аталатын түрін «дағдылы осы шақ» деп атап, нақ осы 
шақты «дәл осы шақ» деген атаумен береді. Сонымен қатар дәл осы шақ 
құрамын төрт қалып етістігінің негізгі етістікке тіркесуіне қарай олардың 
мағыналарын негізге алып, кіші топтарға бөліп жібереді. Яғни автордың 
пікірінше, жатыр етістігі өзі тіркескен етістікке осы уақытта болып жатқан 
жалпы іс-әрекетті білдірсе, ал жүржатыр-ға қарағанда нақтылау, отыр 
етістігі аталған екі етістіктен де дәл қазіргі болып жатқан іс-әрекетті 
білдіреді, ал тұр тап қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Ғалымның бұл 
жіктемесінен қалып етістіктерінің мағыналық реңктерін терең тани 
алғандығын көреміз. Сондай-ақ Қ.Жұбановтың келер шақ түрлеріне 
байланысты кесімді және тілекті келер шақ түрлері де басқа 
грамматикаларда айтылмайды. Және де өткен шақты тоғыз түрге бөліп 
қарастыруы да – ғалымның тілдік мағыналарды жете меңгергендігінің 
айғағы. Шақтың ішкі мағыналық топтары көбейген сайын тілдік 
құралдардың функционалдық, жұмсалымдық ерекшеліктерін аша түсуге 
болады. Тілдік (грамматикалық) категорияларда парадигмалық қатардың көп 
болуы тілдегі функционалдылық құбылысынан туындайды (49, 128).
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі шақ категориясы туралы ойлар бойынша 
О.Жұбаева былай деп тұжырым жасаған: «Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінде 
шақ категориясы туралы танымның қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан 
ғалымдардың бірі. Ғалым өз тарапынан шақ мәнін аша алатындай жаңа 
атаулар ұсынумен қатар шақ категориясының түрлі қырын, реңкін дөп басып, 
анықтай білген. Ғалымның шақ категориясы туралы танымы етістіктің қыр-
сырына үңіле түсіп, ерекшеліктерін байқауға, қалыптасқан қағидаларды түрлі 
қырынан зерделеуге мүмкіндік берері сөзсіз» (50, 120). 
Академик Р.Сыздық өз мақаласында: «Қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, 
жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық 
қасиетімен ерекшеленеді дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов. Бірі – 
олардың жіктік жалғауларын тікелей қабылдай алатындығы; екінші – түбір 
күйінде тұрып таза Präsеns-ті (осы шақты) білдіре алатындығы; үшінші – 
түбір күйінде тұрып Imperativ-тің (бұйрық райдың) II жағы мен Präsеns-тің III 
жағын көрсететіндігі. Оның үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты 
жасағанда, соның өз аясындағы әртүрлі мағынаны білдіреді. Жатыр етістігі 
іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-
арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді: Бейімбет бір үлкен роман 
жазып жатыр (мысал Қ.Жұбановтікі – Р.Сыздық). Егер іс-әрекет сөйлеп 
тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі отыр етістігін жұмсайды; ұзақ іс-
әрекет үзілістерімен жүріп жатса, қазақ жүр көмекшісіне жүгінеді: тұр-ға 
келсек, ол соншама күрделі: осы сәттегі істі де, орындалып жатқан іс-әрекетті 
де білдіреді, дәл осы сәттегі істі білдіргенде тек адамға байланысты 


112 
айтылады. Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші, күрделі етістіктер туралы» деген 
орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты 
семантикалық-функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін 
талдап көрсетіп береді. Бұл – атақты төрт етістік (отыр, жатыр, жүр, тұр) 
туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс», – деп ерекше атап көрсетеді 
(4, 46). 
Профессор М.Томановтың пікіріне жүгінсек: «Қ.Жұбанов көмекші 
етістіктер жайындағы өзіне дейінгі тарихи-теориялық зерттеулер айта 
алмаған, аша алмаған көмекші етістік семантикасы мен құрылысының басты 
ерекшеліктері мен зандылықтарын талдайды. Қазақ тіліндегі көмекші 
етістіктер жалғамалы тілдің құралдары бола тұрып, өз бойында синтетизмнің 
де көп белгілерін сақтағандығы тарихи талдау арқылы дәлелденді. 
Сондықтан да, кейде бір етістік түбірдің күрделенуі ме, әлде екі түбірдің 
синтаксистік тіркесі ме – осы жағын анықтау қазақ тілінің жүріп өткен 
жолының ерекшелігін анықтаумен тең түсіп жатады. Қазақ тіл білімінде 
бірінші рет Қ.Жұбановтың осы еңбегінде көмекші етістіктердің 
полисемантикалық 
және 
полифункционалдық 
сөздердің 
тобына 
жататындығы дәлелденді. Ал мұндай зерттеулер 30-жылдарда, тіліміз жаңа 
әлеуметтік жағдайларда дамудың қай бағытын ұстану керек дейтін сұрақ бар 
шындығымен қойылған кезде аса мәнді еді» (24, 125.). 
Профессор Қ.Жұбанов «Заметки о вспомогательных и сложных 
глаголах» деген еңбегінде отыр, жүр, тұр және жатыр етістіктерін басқа 
күрделі етістіктердің ішінде барынша әмбебап және өнімділігі өте жоғары 
деп бағалайды. Аталған етістіктер басқа етістіктермен тіркесіп келгенде 
басқа тілге аударғанда мағынасын бір сөзбен дәл беру мүмкін емес, бұл 
қасиет олардың көмекшілік қызметінен деп, олардың қандай тұлғалармен 
тіркесетіндігін және беретін мағыналық реңктерін алғаш рет ашып көрсетеді. 
Профессор Н.Оралбаева аталған еңбекте 1) көмекші етістіктердің түрлі 
грамматикалық қызметтері қарастырылғанын; осы шақтың жасалу жолының 
ғылыми түрде дәлелденгенін, осы шақтың көрсеткіштері ретінде  отыр, тұр, 
жүр, жатыр көмекші етістіктері көрсетіліп, олар осы шақтың күрделі 
формалары деп аталғанын (бұл тұжырым кейін етістіктің аналитикалық 
формасы теориясының бастамасы болды); 3) түркология көлемінде күрделі 
көмекші етістік мәселесі тұңғыш рет көтеріліп, келе жатыр, бара жатыр 
сияқты мысалдар келтірілгенін; 4) қимылдың жасалу кезеңі (фазасы) мәселесі 
алғаш көтерілгенін айтады (51, 23-29). 
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін 
грамматикалық мағынасын шақ ұғымы, нақтырақ айтқанда, осы шақ арқылы 
түсіндіруге тырысады. Бірақ мұнда Қ.Жұбановтың қимылдың уақытқа 
қатысын шақ арқылы сипаттауда оның (қимылдың) ішкі созылыңқылығын 
көрсетеді. Бұл туралы ғалымның өзі көмекші етістіктер күрделі етістік 
құрамында осы шақ мағынасын ғана емес, негізгі етістік мағынасына 
қимылдың созылыңқылығын, дүркіндік мағынасын үстейтін сыпат (вид) 
формативтерінің де қызметін атқаратындығын айтады. Төрт қалып етістігін 


113 
біріктіретін ортақ семантика шаққа қатысты болса, ал айырмашылығы – 
қимылдың өту ағымын сипаттауында. Сондай-ақ ғалым жетекші етістік пен 
төрт көмекші етістік тіркесімділігі алдыңғысының лексика-семантикалық 
ерекшелігіне де байланысты болып келетіндігін дұрыс байқаған. Ғалымның 
мына пікірі осыны көрсетсе керек: «...тұр формативі дәл сол минутта өтіп 
жатқан қимылды хабарлау үшін: жаңбыр жауып тұр (дождь идет в 
данную минуту) және созылыңқы қимылды беру үшін қолданылады: көптен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет