Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Друг сельских учителей 

(Воспоминания старого учителя

 

С  Худайбергеном  я  впервые  познакомился  в  1925  году.  В  тот  год  мы 



оба работали в Актюбинске, некоторое время были соседями по квартире. Я 

407 

 

тогда  работал  заведующим  и  учителем  казахской  начальной  школы  №  6,  а 



Худайберген был инструктором по методике губоно

В то время большинство книг в личной библиотеке Худайбергена было 

по  педагогике,  психологии.  Особенно  много  он  читал  литературы  по 

психологии. Ежедневно до 2-3 часов ночи сидел он, склонив голову над кни-

гой. 

Однажды  я  спросил  его:  «Худайберген,  ты  много  читаешь  книг  по 



психологии, для  чего  это нужно!».  Он  ответил:  «Когда  ты  работаешь  среди 

людей, особенно среди молодежи, вооружая ее знаниями, наукой, и незнаком 

с психологией, особенно детской, то вся работа будет идти вслепую». 

И позже, когда Худайберген достиг профессорского звания и переехал 

в  Алма-Ату,  мы  не  порывали  связи,  постоянно  переписывались.  Он  редко 

отвечал  на  обыкновенные,  бытовые  письма,  но  когда  его  спрашивали  о 

вопросах науки,  воспитании,  он не  задерживал ответ.  Будучи  еще  учителем 

семилетней  школы  пос.  Алга  Ключевого  района  Актюбинской  области,  я 

получил от него ответное письмо на свои вопросы. Это письмо сохранилось у 

меня. 


Худайберген  был  весьма  скромным  человеком,  он  был  чужд 

бюрократизму. Несмотря на постоянную занятость, он постоянно заботился о 

сельских школах, переписывался со многими учителями, давал им советы, а 

когда была возможность – лично беседовал с ними. Многие старые учителя, 

некогда  работавшие  на  просветительском  фронте  вместе  с  X.Жубановым, 

ныне пенсионеры, как Абдулла Беркинов, Опа Алпанов, не раз обращались к 

Худайбергену за помощью, советом по многим вопросам обучения детей

За  такую  заботу  и  скромность  учителя,  знавшие  X.Жубанова,  любили 

его, как самого близкого человека. 

 

(Учитель Казахстана. 1957 г. 5 декабря) 



 

 

 

 

 

 

Е.Бірманов 

 

Асыл аға 

 

Сонау  20-шы  жылдардың  «Мешін-тауық»  ашаршылығында  жетім 



қалып,  мектеп-интернатта  тәрбиеленіп,  сауат  ашып  жүрдім.  Кейін  Ақтөбе 

қаласының  коммуна  мектебінде  оқып,  орыс-қазақ  тілінде  білім  алдым. 

Жиырмасыншы  жылдардың  ортасында  Ақтөбеде  тұңғыш  совет-партия 

мектебі мен педагогикалық техникум ашылды. Бұл оқу орындары сол кездегі 

кедей-шаруа  қазақтардың  балалары  үшін  үлкен  білім  ордасы  сияқты 


408 

 

болатын-ды.  Ал,  шынын  айтқанда,  ол  уақытта  орта  білім  беретіндей  қазақ 



оқытушылары  губернияның  өзінде  саусақпен  санарлықтай  екен  ғой.  Өзінің 

ағартушылық  қызметін  төменнен  бастаған  Құдайберген  ағамыз  бұл  тұста 

губерниялық  оқу-ағарту  бөлімінде  жұмыс  істеп  жүріп,  техникумда  қазақ 

тілінен сабақ берді. Міне, енді біздер, техникум оқушылары, осы ағамыздан 

дәріс  алып,  қазақ  тілінен  білімімізді  бұрынғыдан  әлдеқайда  шыңдай  түстік-

ау. Тек программалық сабақ қана емес, әдеби кітаптарды, газет-журналдарды 

құмарта  оқуды  да  Құдекеңнен  үйрендім.  Мұғалімдердің  кейбіреулерінде 

кездесіп  қалатын  қатыгездік,  өркөкіректік  осы  ағамыздың  бойында  мүлдем 

жоқ  еді.  Бұл  кісінің  келбетінен  біздер  тек  ұстамдылық,  жанашырлық, 

ұлағаттылық,  биязылық,  қарапайымдылық  қасиетті  танитын  болдық.  Әр 

оқушысының  сабақ  үлгірімін  сұрағанда,  бейне  бір  өзінің  туған  інісімен, 

баласымен  сөйлескендей  ишарат  танытушы  еді.  Сондықтан  біздердің 

әрқайсымыз  мұны  туған  ағамыз,  қамқоршымыз,  болашақта  нағыз  Адам 

болуға жолдама берушіміз санайтынбыз. Шынында да, солай болып шықты. 

Техникумда  Құдайберген  ағамыздан  білім  алғандардың  бірталайы  кейін 

совет,  партия,  баспасөз  органдарында  басшылық  қызметте  болып,  бұл 

күндері партия, еңбек ардагерлері ретінде құрметті демалыста жүр. 

Құдайберген  ағай  тек  қазақ  тілі  ғана  емес,  бірнеше  өзге  тілдерді  де 

меңгерді,  әрі  әдебиеттің  де  түрлі  саласына  көңіл  бөлді.  Губерниялық  оқу-

ағарту  бөлімінде,  әрі  педтехникумде  оқытушы  қызметінде  жүріп,  1928 

жылдың  қысында  «Сегіз  бен  Мақпал»  пьесасын  жазды,  мұны  техникум 

студенттері  Диқанбай  Сахин,  Жүсіп  Сейілов,  совет-партия  мектебінің 

оқушысы  Көздібаева  сахнаға  шығарды,  қала  тұрғындарына  бірнеше  рет 

көрсетілді. 

Отызыншы  жылдың  бас  кезінде  Құдайберген  Жұбанов  Ленинградқа 

оқуға  кеткен-ді.  Содан  кейін  оның  қайда  жүргенін  білмейтін  едім.  Әуелі 

Ақтөбенің  аудандық  «Алға»,  содан  соң  облыстық  «Социалды  жол» 

газеттерінде  жұмыс  істеп  жүріп,  1933  жылдың  күзінде  Алматы 

мединститутына оқуға түстім. Демалыс күні бір жолдасыммен колхоз базары 

қасында тұрғанымызда Құдайберген ағайға кездесе қалып, сәлем беріп едім, 

мені тани кетті. Газетте қызмет істеп жүріп, биыл мединститутқа келгенімді 

айттым.  Ағайым:  «Оқығаның  жақсы-ау,  бірақ  медик  болғаннан  гөрі, 

журналистік  саған  қолайлылау  еді  ғой»,  –  деді  де  қойды.  Сосын  біздерді 

ертіп базар ішіндегі ұйғыр шайханасына апарды. Даяшы жігітке: «Айырықша 

заказдың үш лагманын әкеліңіз», – деді. Әрқайсымызға қос таяқшасымен үш 

үлкен кесені толтырып алып келді. Бұл тағамды менің тұңғыш рет көруім еді. 

Өте  ыссы  екен.  Ағай  әлгі  екі  таяқшамен  көсіп,  шұбатылған  лапшаны  асай 

бастады.  Мен  таяқшаны  ұстай  білмейтінімді  айтып,  бізге  темір  шанышқы 

беруін сұрадым. Ішекше шұбатылған ұзын лапшаны шетінен ауызға сүйретіп 

отырғанымда,  ең  соңғы  шеті  бетіме  шылп  ете  түсті.  Ұялғанымды  қайтейін. 

Бірақ Құдекең «мұның не?» деген жоқ. «Ештеңе етпес, қарағым, үйренерсің. 

Бұл  дүнген  халқының  ұлттық  тағамы»,  –  деді.  5-6  жылдан  кейін  алғашқы 

ұстазыммен  кездесуім  осылай  болды.  Бақсам,  ағамыз  Қазақ  мемлекеттік 


409 

 

пединститутының  кафедра  меңгерушісі  екен.  ҚазПИ  ауласындағы 



оқытушыларға арналған үйлердің бірінде тұратынын айтты. 

Бұдан  соң  1934  жылдың  бас  кезінде  Совет  көшесімен  келе  жатып, 

пединститут қасынан ағаймен екінші рет кездесіп, қолын алып сәлемдестім. 

Оқу  жағдайымды  сұрады.  Мен  былтырғы  күзде  өлкелік  комсомол 

комитетінің  тапсырмасымен  мединстнтутты  тастап,  «Лениншіл  жасқа» 

қызметке  ауысқанымды  есіне  салғанымда:  «Тіпті  жақсы  болған  екен, 

жарайсың, жігітім, қадамың құтты, қаламың күшті болсын!» – деп қолымды 

қысты. Осы жұмыста, кейіннен Іле МТС саясаттық бөлімі газетінде, Алматы 

облыстық  газетінде  жұмыс  істеп  жүргенімде  де  Құдекең  ағаймен  талай 

кездесіп, сәлемдесіп, ақыл-кеңес алып жүрдім. Оның берген кеңесі әсер еткен 

болар,  Ленинградтың  журналистер  институтына  сырттай  оқуға  түсіп, 

алғашқы  қысқы  сессияға  барғанымда,  сырқаттанып  қайттым.  Сөйтіп,  онда 

оқудың сәті түспеді. 

Алматы  облыстық  газетінде  хатшылық  қызметінде  жүрген  кезде, 

«Каменское  плато»  курортында  демалып  жатқанымда,  жеке  адамға  табыну 

салдарынан замандастары – әдебиетіміздің алыптары Сәкен, Ілияс, Бейімбет 

ағаларымыздың  соңынан  Құдекең  де  кесапатқа  ұшырағанын  естіп,  қатты 

қапаландым. Амал нешік. Сөйтіп, ардақты ағаларымыз ғайып болды. 

 

 

К.Ержанов 



 

Жарыққа жетелегендер 

 

Біз,  аға  ұрпақ  алғашқы  ұстаздарымыз  Ыбырайдың  шәкірттері  едік. 

Орыс  мектептерін  оқып  бітіргендер  кексе  қызметтерін  атқарды,  тілмаш, 

адвокат, орыс тілі мұғалімдері болды. 

Солардың  бірі  қараңғы  елден  топ  жарып  шыққан,  орыс,  қазақ 

тілдерінің маманы, болашақ профессор  Құдайберген Жұбанов еді. Менің ол 

кісіден дәріс алған таныстығым 1926 жылдан басталды. 

Сол  жылы  Ақтөбеде  педагогикалық  техникум  ашылып,  біз  – 

Торғайдағы  Алтынсарин  салдырған  мектепте  оқып,  балалар  үйінде  тәрбие 

алған, оқып білімімізді көбейтуге құштар  жеті бала – осы техникумға келіп 

түстік. Ол кезде жоғары білімділер түгіл, орта білімді қазақтарды саусақпен 

санарлық  еді.  Педагогикалық  техникум  қазақтан  орта  білімді  бастауыш 

мектеп мұғалімдерін даярлайтын бірден-бір оқу орны еді. 

«Сауатсыз  елде  социализм  құруға  болмайды»  деген  Ленин  өсиетін 

жүзеге асыру үшін біз қыс оқып, жаз оқып сауатсыздықты жоюға, мәдениет 

жорығына аттандық. 

Оқып,  білім  алуға  сусаған  біздер  қиыншылықтарға  қарамастан, 

ұстаздарымыздың аузынан шыққан әрбір сөзін қағып алып, жаттағандай есте 

сақтайтынбыз.  «Ана  сүті  бой  өсіреді,  ана  тілі  ой  өсіреді»  дегендей, 

Құдайбергеннен алған ана тілі дәрісіміз ойымызды өсірді. 



410 

 

Біздің  талабымызға  сол  кездегі  білімді  деген,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 



Алтынсарин  мектептерінен  өткен  мұғалімдер  іріктеліп  алынған  екен. 

Солардың  ішінде  Құдайберген,  «Кедей»  газетінің  редакторлары  Кенжеғали 

Абдуллин, Жиенғали Тілепбергенов, Ырғыздан үш оқытушы бар екен. 

Техникумның оқу үйі Некрасов көшесіндегі планерияның жанындағы, 

қазіргі  5-балалар  бақшасына  орналасқан.  Оның  екі  бөлмесінде  Құдайберген 

семьясымен тұрады. Ақырап деген баласы сонда туды. 

Құдайберген сабырлы, майда тілмен мағыналы сөйлейтін ұстаз еді. Ол 

көбінесе өздігінен оқып, білімін толықтыратын адам болатын. 

Мұғалімдеріміз  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  қатысатын.  Сол  кезде 

Ленинградта  оқып  жүрген  інісі  Ахмет  техникумда  орыстың  сым  аспаптары 

оркестрін  ұйымдастырып,  бірқатар  оқытушылар  балалайка,  мандолин, 

гитара,  скрипка  аспаптарын  үйренді,  концерттерге  қатынасты.  Бұл  орыс 

музыка мәдениетін білуге жасалған алғашқы қадам еді. 

Мұғалімдеріміздің  басқаруымен  «Мәдениет  жорығы»  қорына  арнап, 

концерт, спектакль қоятынбыз. «Еңлік-Кебек», «Арқалық батыр», «Сегіз бен 

Мақпал»  пьесаларын  қойдық.  Бас  рольдерде  аталас  қарындасым  Шарипа 

Жүзбайқызы Өтебаева (қазір Алматыда) ойнайтын. 

«Жақсыдан  –  шарапат»  дегендей,  ұстаздарымыздың  үлгі-өнегесі  әсер 

еткен болу керек, техникумның бірінші кезегін ойдағыдай бітірдік. 

Ол  кезде  ана  тілін  жақсы  білетін  жастар  аздықтан  біздерді  әр  салада 

қызмет  істеуге  жіберетін.  Мен  және  бірнеше  жолдастарым  газет  шығаруға 

мамандануым қажет болды. Педтехникумды бірінші болып бітірген Қазыбек 

Әзірмәмбетов,  Хамит  Құрмашев,  Бисембай  Ералин  аудандық  газеттердің 

редакторы,  Ғұмар  Аққұлов  кейіннен  республикалык  «Социалистік 

Қазақстан»  газетінің  редакторы,  Мұса  Дінішев  «Мәдениет  және  тұрмыс» 

журналының редакторы, Ғабдыр Салықов, Сабыр Ильясов, Ерекеш Бірманов 

республикалық  жастар  газеттерінде  істеді.  Алғашқы  басшы,  партия,  совет 

қызметкерлерінің де ұшқан ұясы Ақтөбе педтехникумы болатын. 

1940-60  жылдары  мен  Құдайбергеннің  туған  жері  Жұрын  ауданында 

партия  комитетінің  бірінші  секретары,  онан  кейін  басқа  қызметте  болдым. 

Құдайбергеннің  туған  аулы  бұрынғы  «Жаңа  тұрмыс»  колхозы  еді.  Аудан 

орталығындағы қазақ орта мектебі Құдайбергеннің есімімен аталады. 

Жақсының аты өлмейді деген осы. 

 

 



А.Тлегенов 

 

Незабываемая встреча 

 

Актюбинское  педагогическое  училище,  где  я  учился,  находилось  в  то 



время  в  центре  Октябрьского,  Мугоджарского,  Темирского,  Байганинского 

районов – городе Темире. 



411 

 

В  январе  1933  года  наш  старый  учитель  Хаким  Косаев  объявил  о 



скорой  встрече  с  Худайбергеном  Жубановым,  о  его  лекции.  Студенты  с 

нетерпением ждали встречи с известным ученым. 

Мне  посчастливилось  увидеть  этого  человека  раньше  других 

студентов.  Я  и  раньше  заходил  к  редактору  Темирской  районной  газеты 

«Социалистик майдан», бывшему своему наставнику Алпанову Опе. Зайдя на 

этот  раз,  я  увидел  у  него  гостя  –  известного  ученого.  Ему  было  более 

тридцати  лет.  Смуглый,  с  широким  лбом,  густыми  черными  волосами  с 

проседью. Опа-агай и Худайберген сидели за дружеской беседой. 

Назавтра Худайберген и Опа пошли на рынок. Не спеша, беседуя, они 

обошли  базар.  Я  заметил  у  Худайбергена  маленький  блокнотик  и 

коротенькую ручку. Он подходит к беседующим старикам, слушает, иногда 

что-то  записывает.  Конечно,  это  для  нас,  молодых,  было  загадочно  и 

непривычно. 

После обеда Худайберген Жубанов пришел в училище, читал лекцию о 

развитии казахского  языка,  о  словах,  пришедших после революции.  Лекция 

длилась полтора часа. Он лишь иногда заглядывал в блокнот, но лекция была 

очень интересной и содержательной. Мы узнали много интересного о своем 

родном языке. 

После  лекции  ученый,  отвечая  на  вопросы,  остановился  на  богатстве 

казахского  языка,  на  необходимости  дальнейшего  его  исследования, 

развития, совершенствования пособий. На вопрос о том, что он записывал на 

базаре, Худайберген Куанович ответил: 

–Богатство  языка  –  у  народа.  Я  записал  из  уст  стариков  много  новых 

слов, названий. 

После  этого,  вечером,  он  провел  встречу  со  старшекурсниками 

училища. На встрече ученый говорил об известных в то время специалистах 

казахского языка Сауранбаеве, Балакаеве, ответил на многие вопросы, играл 

с молодежью в шахматы. 

До сих пор у меня в памяти эта встреча с известным ученым, земляком 

Худайбергеном Жубановым. 

 

(Коммунист (г. Эмба, Актюбинск, обл.). 1979 г. 29 декабря) 

 

 

 

 

 

Ж.Балмағамбетова 

 

Білімімен үлгі 

 

Әлі есімде, 1936 жылдың күзі еді. Темірдегі педагогикалық училищенің 



дайындық курсында оқып жүргенмін. Қазақ тілінен сабақ беретін ағайымыз 

412 

 

Қама  Қосаев  «Қазақ  тілінін  грамматикасы»  деген  кітап  шыққанын,  оның 



авторы Қ.Жұбанов деген профессор екенін айтты. 

Азғантай  тиражбен  шыққан  жұқа  мұқабалы  кітап  сол  кісінің  өзінің 

қолында  ғана  болатын.  Ал  біздер  грамматиканың  ережелерін  соның  айтуы 

бойынша дәптерге жазып алып жүрдік. Бір күні ол тақтаға: 

«Ауылдың алды айдын көл, 

Айдын көлде шағала, 

Айдын  көлді  жағала»,  –  деп  жазып,  –кәне  балалар,  осыны  талдап 

көрейік, – деді де, өзі түсіндіре бастады. Кейін білдік, мұғалім бұл мысалды 

Қ. Жұбановтың осы «Қазақ тілінің грамматикасынан» алған екен. 

Сол  жылы  жазда  «Профессор  Қ.Жұбанов  келіпті,  қазақ  тілінің 

грамматикасы жайлы жоғары курс оқушыларымен әнгіме-кеңес өткізіпті», – 

деп естігенбіз. Ол кісінің келіп, кеткендігі жайлы сабақ үстінде Қама ағайдан 

сұрадық. Ол үлкен үзіліс кезінде: «Жаңа сабақ үстінде уақыт болмады. Енді 

профессор  Құдайберген  Жұбанов  туралы  аздап  айтып  берейін.  Мүмкін, 

кейбіреулерің  көрген  боларсыңдар,  май  айында  Темірге  келіп  кетті.  Ол  кісі 

осы  аудандағы  оқу  бөлімін  басқарған.  Қазақтың  тұңғыш  тіл  маманы.  Қазақ 

тілінің  жаңа  грамматикасын  жасады.  Бұрын  бізде  араб  әліппесі 

қолданылатын-ды. Қазақ жазуы үшін латын әліппесін қолданғандардың бірі. 

Қ.Жұбанов  араб,  парсы,  түрік,  орыс,  монғол  тілдерін  біледі.  Профессор, 

ҚазПИ-дің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі»,  –  деп 

таныстырған. 

Ол  кезде  профессор  деген  атақ  бізге  таңсық.  Оның  үстіне 

Қ.Жұбановтың  бірнеше  тілді  меңгерген  адам  екенін  естігенде  таң  қалдық. 

«Ол  соншама  тілді  қалай  үйреніп,  қалай  меңгерген»  деген  сұрақтар  да 

қойдық. 

Сол қадірлі ұстазым Қ.Қосаевтың ғұлама аға жайлы айтқаны әлі есімде, 

көңілде  бәрі  сайрап  тұр.  Білім  теңізіне  ерте  сусындаған  Қ.Жұбановтың  ер 

тұлғасы алыстаған сайын биіктей түсетін сияқты. Оның ісі бәрімізге де үлгі. 

Қазақ  тілінің  тұңғыш  грамматикасын  жасаушы,  ғалым  Құдайберген 

Жұбанов  ағаның  «Ауылдың  алды  айдын  көл»  деген  мысалы  есіме  түсе 

береді. Оның өзі де тіл білімінің айдын шалқар көлі екен деген ой кетпейді 

көңілден. 

 

(Коммунизм жолы, 1979 ж., 20 декабрь) 

 

 

 

К.Бекниязов 

 

Мы помним его 

 

Имя  ученого,  педагога  Худайбергена  Жубанова  известно  не  только  в 



его  родном  Мугоджарском  районе,  но  и  по  всей  республике.  X.Жубанов 

413 

 

вложил  много  труда  в  исследование  и  развитие  казахского  языка. 



Свидетельством  этому  –  десятки  его  научных  трудов.  Сейчас  они  широко 

используются  учеными,  преподавателями  высших  учебных  заведений  и 

средних  школ.  Доктор  исторических  наук,  профессор  Санжар  Асфандияров 

приравнял и поставил его рядом с такими деятелями казахской литературы, 

как Сакен Сейфуллин и Мухтар Ауэзов. 

Худайберген  и  со  старшими,  и  с  молодыми  был  всегда  внимателен, 

приветлив. Мы были очень молоды в то время. Несмотря на это, Худайберген 

находил  время  на  беседу  с  нами,  при  встрече  расспрашивал  об  учебе,  о 

наших планах, давал советы. 

Никогда  не  угаснет  в  нашей  памяти  образ  талантливого  казахского 

ученого Худайбергена Жубанова. 

 

(Коммунист (г. Эмба, Актюбинск. обл., 1979 г. 29 декабря) 



 

 

Ж.Жолаева 

 

Ағалардың ақ жолынан айнымай... 

 

Біздің ата қонысымыз Шалқар маңындағы Қошқаратаның құмы деседі. 



Бірақ  мен  ес  білгелі  үйіміз  Ақтөбе  қаласында,  соған  жақын  Алға 

поселкесінде  тұрған-ды.  Құдайберген  ағамен  біздің  әке-шешеміздің  алғаш 

танысуы да сол Ақтөбеде тұрған кезімізде болса керек. Менің әкем Жанғазы 

Жолаев бұл жайында «Ауыл мұғалімінің ақылшысы» («Қазақстан мұғалімі». 

1957  жылғы  5  декабрь  мақаласында  былай  деп  жазған  болатын:  «...Менің 

Құдайбергенмен  танысқаным  –  1925  жыл.  Өйткені  сол  жылы  екеуміз  де 

Ақтөбеде  қызмет  істедік,  біраз  уақыт  бір  пәтерде  көршілес  те  болдық.  Мен 

қаладағы  №  6  қазақ  бастауыш  мектебінің  меңгерушісі  әрі  мұғалімі  едім. 

Құдайберген  губерниялық  оқу  бөлімінде  методика  жөніндегі  нұсқаушы 

болатын. 

Ол  кезде  Құдайбергеннің  өз  кітапханасындағы  кітаптардың  көбі 

педагогика,  психология  жөніндегі  әдебиеттер  болатын.  Ол  әсіресе 

психология туралы еңбектерді бас алмай оқитын. Күн сайын түнгі сағат 2-3-

ке дейін сарылып кітап оқып отыратын. Бір күні мен одан: «Құдайберген, сен 

осы психология жөніндегі кітаптарды көп оқисың ғой, ол не үшін қажет?» – 

дегенімде, ол: «Өзің адамдар арасында, оның ішінде жастар арасында қызмет 

істеп, оларға ілім, білім үйрететін болсаң, сүйте тұра психологияны, әсіресе 

балалардың  психологиясын  жете  білмесең,  қызметің  не  болмақшы?  Ондай 

адам өз құралының тілін білмейтін ұста тәрізді», – деді. 

Кейін  Құдайберген  профессор  болып  ғылым  жолында  еңбек  етіп, 

Алматыға  басқа  қызметке  ауысқан  соң  да  мен  онымен  хат  арқылы 

байланысып тұрдым. Ол жай шаруашылық жөніндегі хаттарға көп аса жауап 

қайтара  қоймайтын,  ал  ғылым,  білім,  тәрбие  мәселесі  жөніндегі  сұрақ 


414 

 

хаттарға  жауапты  кідіртпей  беретін.  Мен  Ақтөбе  облысының  Ключевой 



ауданындағы  Алға  поселкесінде  жеті  жылдық  мектептің  мұғалімі  болып 

жүрген  кезімде  келген  хаттың  біреуі  әлі  күнге  дейін  сақтаулы.  Хатта  қазақ 

тілінің грамматикасы, терминологиясы жөніндегі менің сұрақтарыма егжей-

тегжейлі  жауап  берілген.  Хат  1936  жылы  жазылған,  көлемі  –  дәптердің  19 

беті. 

Құдайберген  өте  кішіпейіл  адам  болатын,  менменсу  дегенді  өмірінде 



біліп көрген жан емес. Өзі жұмыс басты болып жүріп, ол ауыл мектептерінің 

жайын әрдайым есінен шығармайтын. Көптеген мұғалімдермен хат жазысып, 

хабарласып,  реті  келсе,  жүзбе-жүз  сөйлесіп,  көмек  беретін.  Құдайбергенді 

ертеден білетін, ағарту майданында қызметтес болған, қазір пенсияға шыққан 

Абдолла  Беркінов  (Қазақ  ССР-інің  еңбек  сіңірген  мектеп  мұғалімі),  Опа 

Алпанов сияқты қарт мұғалімдер де талай рет хат алып, хат жазып, одан да 

жұмысына көмек сұрап отыратын. 

Осындай  қамқорлығы,  кішіпейілдігіне бола  Құдайбергенді  мұғалімдер 

қатты ұнататын. 

Профессор  Құдайберген  Жұбановтың  ғылым  майданындағы,  қоғам 

қайраткері  ретіндегі  алуан  еңбектері  жайында  республикамыздың 

ғалымдары, әрине, көптеген мақалалар, ғылыми еңбектер, естеліктер жазды. 

Ал мен осы адамның ұстаздығы, жаны жайсаң тәрбиешілігі, үлкен семьяның 

қамқоршы бас иесі болғаны жайында есімде қалған кейбір кезеңдерді айтқым 

келеді. 

Құдайберген  Қуанұлы  Жұбановты  1928  жылдан  бастап  Ақтөбе 

қаласынан  білемін.  Құдайберген  ағай  біздікіне  келіп  әкеммен  ұзақ 

әңгімелесетін.  Менің  жасырақ  кезім,  не  айтқандары  толық  есімде  жоқ, 

дегенмен жадымда қалғаны «мектеп», «оқу», «оқыту» деген сөздер. Москва, 

Ленинградқа  кетіп  бара  жатса  да  немесе  қайтқанда  да  біздікіне  соқпай 

өтпейтін.  Бірде  (1930  ж.)  ол  кісі  Ленинградтан  қайтқан  бетінде  семьясымен 

біздікіне келді. Ағайдың үстінде қара костюм, галстук таққан, шашы бурыл, 

сымбатты.  Раушан  жеңгей  аққұба,  талдырмаш,  үстінде  әдемі  тігілген 

желбіршекті  күлгін  крепдешин  көйлек,  аяғында  байланатын  ұзын  қонышты 

бәтеңке.  Қастарында  үйелмелі-сүйелмелі  екі  бала  –  Мүслима  мен  Ақырап, 

киімдері бірдей – матроска. Бәрі де жарасып тұр. Сол кезде олар менің көзіме 

басқа ешкімге де ұқсамайтын ерекше жандар болып көрінді. 

1934 жылдың күзі, Алматыға ҚазПИ-ге оқуға келдім. Қасымда жолдас 

қызым  бар,  документтерімді  алып  институттың  Совет  көшесіндегі  оқу 

корпусына келдік. Дәлізбен жүріп келеміз. Қарсы алдымызда бір адам бізге 

қарап  жымиып  күліп  келеді.  Жақындай  бере:  «Сәлематсыңдар  ма?  Жәмила, 

әке-шешең  аман  ба?»  –  деді.  Мен  де  тани  кеттім:  Құдайберген  ағай  екен. 

Менің не істеп жүргенімді, қайда тоқтағанымды сұрады. «Заттарыңды ал да, 

үйге кел, біздікінде тұрып оқы, өйтпесең жеңгең ренжиді», – деді де, адресін 

берді. Мен ертеңіне заттарымды алып институттың оқытушы-профессорлары 

тұратын корпусындағы ағайлардікіне келдім. Жеңгей де қуанып қалды. Ағай 

менің  физика-математика  факультетіне  түскім  келетінін  қоштамады.  Ағай: 


415 

 

«Рахмет-ақ математик болсын, сен тіл-әдебиет факультетіне түс, қазақ тілінің 



ашылмаған,  анықталмаған  жақтары  көп.  Жақсы  оқысаң  ғалым  боласың»,  – 

деді. Мен, әрине, ол кезде «ғалым» дегеннің кім екенін, не істейтінін білгенім 

жоқ, бірақ ағайдың ұсынысына қарсылық жасамадым, сол факультетке түсіп 

оқи бердім.  

Осы тұста ағайым Рахметтің (кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының 

корреспондент-мүшесі)  бір  айтқаны  есіме  түседі.  Ташкенттегі  Ирригация 

институтында  (САИТИ)  оқып  жүрген  кезі  жолы  түсіп  бір  себептермен 

Алматыға келеді. Жұбановты тауып алып сәлемдеседі.   

Профессор тіл білімі туралы бұрын-соңды естімеген көптеген қызықты 

әңгімелерді майын тамызып айтып береді. Ағайым айтатын: «Мен тіпті оқып 

жүрген институтымды тастап, ҚазПИ-ге ауысып, тілмен айналысқым келіп 

кетті», – деп. 

«Көңіл  сыйса,  орын  табылады»  деген  рас  екен,  кішкене-кішкене  үш 

бөлмеде он шақты адам тұрдық. Оның үстіне бұл кісілердің үйіне күнбе-күн 

жазушылар,  институттың  оқытушылары,  студенттері  келіп  тұрады.  Басқа 

қалаларда  оқып  жүрген  студент,  аспиранттар  да  жазғы,  қысқы  демалыс 

кездерінде  келіп-кетіп  тұрады.  Мысалы,  доценттер  Баталов,  М.Жолдыбаев, 

жазушы  Ғ.Мүсірепов,  аспиранттар  I.Кеңесбаев,  М.Балақаев,  М.Қаратаев, 

X.Есенжанов,  студенттер  Т.Бисенов,  Ғ.Мұсабаев,  К.Жаманбаевтар  жиі 

келетін.  Ағай  да,  жеңгей  де  кім  келсе  де  қабақ  шытпай,  қошаметпен  қарсы 

алатын. 

Осы  адамдардың  қай-қайсысы  да  сол  кезде  профессор  Жұбановтан 

білім,  тәрбие,  ақыл-кеңес  алғаны  сөзсіз.  Қазір  бұлардың  көпшілігі 

республикамызда ғылымның, әдебиет, мәдениеттің көрнекті қайраткерлері. 

«Өсер  елдің  баласы  бірін-бірі  батыр  дейді»  дегендей,  Құдайберген 

Қуанұлы сөйлескен адамның білім дәрежесі өзінен көп төмен болса да, оны 

жақсылап тыңдап, ойын еркін айтуға мүмкіндік беретін еді. 

1936  жылдың  жазында  Құдайберген  мен  Бейімбет  Майлин 

семьяларымен  Каменское  платода  екі  киіз  үй  тігіп,  жұмыс  істеп  жатты. 

Бейімбет  «Аманкелді»  пьесасын  жазып  бітіріп,  Құдайберген  қазақ  тілі 

грамматикасының фонетика бөлімін аяқтап қалған. 

Біз ағайдың қызы Мүслимамен жазғы демалысқа ауылға барып қайтып, 

Каменское  платоға  келсек,  Бейімбет  пьесасын  ағайға  оқып  отыр  екен.  Мені 

Бейімбетке таныстырып: 

 

–Студент, тәуір оқиды, тыңдап, пікір айтсын, – демесі бар ма? 



Жазушы жалғастырып оқи берді. Бір актісін бітірген соң, Құдайберген: 

 

–Қане,  Жәмила,  не  айтасың?  –  деді.  Маған  айту  қайда,  ұялып  жөнді 



тыңдай  да  алмай  отырғанмын.  Менің  қысылғанымды  сезіп,  далаға  шығып, 

ойнауымызға  рұқсат  етті.  Қазір  ойласам,  бұл  жас  қыранды  аңға  салған 

сияқты, ұстаздың баулып, тәрбиелегені екен ғой... қайран ұстаз! 

Құдайберген  Қуанұлы  бізге  «Тіл  біліміне  кіріспе»,  «Қазақ  тілінің 

ғылыми  грамматикасы»  курстарынан  лекция  оқыды.  Тілдің  коғамдық-


416 

 

әлеуметтік мәнін, өз алдына ғылым екенін, оны зерттеудің теріс және дұрыс 



әдістерін біз алғаш Жұбановтан естіп білдік. 

Жоғарыда  аталған  курстардан  жазылған  материалдар,  оқулықтар 

болмады. Сондықтан лекторға да, студенттерге де көп қиындықтар кездесті. 

Біздерді  орыс  лингвистерінің  еңбектерімен  таныстырып,  оларды  оқуды, 

қалай пайдалануды үйретті. 

Профессор  қазақ  тілінің  кейбір  құбылыстарын,  категорияларын 

түсіндіргенде, 

басқа 


түркі 

тілдерімен 

салыстырып, 

ұқсастығына, 

айырмашылығына  көңіл  бөлді.  Тіпті  өзіміз  оқып  жүрген  неміс  тілінен  де 

мысалдар келтіріп, салыстыратын. Бұл біздің тіл білімі туралы түсінігіміздің 

тар шеңберде қалып қоймай, терең, жан-жақты болуына әсерін тигізді. 

Лекцияларында  студенттердің  қолдарымен  жасалған  кейбір  кесте, 

схемаларды қолданумен қатар, бор мен тақтаны көп пайдаланатын. Лекцияға 

өзі де беріліп, бізді де қызықтырып, баурап алатын. Кейде киімдерінің де бор 

болып қалғанын байқамайтын. 

Профессор  ақырын  сөйлеуші  еді.  Қызықтырып,  көрнектілікпен 

түсіндірудің арқасында аудиторияда әр уақытта тыныштық орнап, лектордың 

сөзін жақсы естіп, конспектілеп отыратынбыз. 

Лекцияның  үзілісі  кездерінде  студенттер  профессор  Жұбановты 

қоршап  алып,  сұрақ  жаудыратын.  Тек  сабақ  бойынша  ғана  емес,  басқа  да 

ғылым салаларынан, өнерден, оқыған кітап мақалаларынан да сұрақ беретін. 

Оларға  ренжімей,  ерінбей  жауап  қайыратын.  Оқытушылар  демалатын 

бөлмеге  жетпей-ақ,  жарым  жолдан  лекцияға  қайтып  оралатын  кездері  аз 

болмайтын. 

Студенттердің  әр  нәрсеге  қызығып  сұрақ  қойғандарын,  кітап 

оқығандарын қатты бағалайтын. Өзінің үйіндегі кітаптарын да шәкірттеріне 

оқуға беріп тұратын еді. 

Ұстазымыз  студенттерді  төменгі  курстардың  өзінен  бастап-ақ  тілге 

байланысты  кейбір  анықтау,  талдау  жасау  сияқты  жұмыстарға  тартты. 

Мысалы:  өзінің  мектепке  арналған  «Морфология»  кітабы  жарық  көргеннен 

кейін біздің курстағы бірнеше студентке тапсырма берді. Біріншіден, «Қазақ 

тілі  грамматикасы.  Бірінші  бөлім.  Жалпы  морфология»  аталатын  оқулық 

жөнінде  елге  барғанда  пән  оқытушыларының  пікірін  білу;  екіншіден,  VII 

класс  оқушыларынан  жазба  жұмыс  алып,  сауаттылығын  байқау,  әсіресе 

термин  сөздерді  жазуларына,  жаңадан  енген  «ф»,  «х»  әріптерін 

пайдалануларына талдау жасау. Мысалы, Ә.Ахметов Талдықорған мектебіне, 

Ә.Әбішев,  Қ.Жаманбаев  Қызылорда  мектебіне,  мен  Ақтөбе  мектебіне 

бөліндік.  Кейін  өз  байқағандарымызды  жазып  әкеліп  профессорға 

тапсырдық. 

Жоғарыда  айтылғандай,  қамқорлық  профессор  Жұбановтың  білімге 

құштар жастарға деген ерекше сүйіспеншілігінен, ілтипатынан болса керек. 

Қ.Жұбанов  комсомол  жиналыстарына  да  жиі  қатынасып,  кейбір 

мәселелерді  шешуде  ақыл-кеңес  беріп  отырды.  Комсомолдардың  бір 

жиналысында  (1935  ж.  болу  керек)  комсомол  комитетінің  оқу  секторы 



417 

 

үздіктер  мен  екпінділердің  тізімін  оқығанда,  біреулер  ана  студент,  мына 



студент  байдың  баласы  (соның  ішінде  Сүлеймен  Жүсіпбеков  бар),  оларды 

өткізбеу керек, сызу керек деп өңештейді. Жұбанов өз сөзінде жақсы оқудың 

үлкен еңбекпен келетінін, олайша қараудың теріс екенін, студенттің еңбегін 

дұрыс бағалау қажеттігін айтып, даурықпаларды тоқтатты. 

Профессор 

Жұбанов 


өзінің 

адамгершілік 

сипаттарымен, 

білімдарлығымен  оқытушы  профессорлар  арасында  да,  студенттер 

қауымының арасында да зор беделге ие болды. 

Құдайберген  ағай  үйінде  де  қызметтегі  сыпайы  қалпынанөзгермейтін. 

Үй-іші, бала-шағаға да жайлы болды. Ашу шақырып, жанжал шығарған емес. 

Жұмыстан  бас  ала  алмай  жүрсе  де,  балаларына  көңіл  бөлуге  уақыт 

табатын.Мектепте  оқып  жүрген  балаларының  сабақтарынара-тұра  болса  да 

тексереді.  Мүслиманыңжазған  өлеңдерін,  Ақыраптың  салған  суреттерін 

көріп  тәуір  жағын,  кемшіліктерін  көрсетеді.  Балаларымен,  жұбайы 

Раушанмен кинотеатрға барып тұратын. Сол жылдары театрда жүріп жатқан 

«Шұғаның  белгісі»,  «Түнгісарын»,  «Айман-Шолпанға»  барғанымыз  әлі 

есімде. 


Інісі  Ахметтікіне  барғанда  пианиноға  ойнатып,  Ахаңныңқоңыр 

дауысымен  сызылта  әндерін  тыңдайтынбыз.  Кейде  бәріміз  де  қосылып 

кететінбіз. 

Ой, заман, шіркін-ай десеңші! 

Көңілдерін  қалдырмай,  сонша  жақын  болғандықтан  да,  балалары 

папасын өте жақсы көретін. Папасы зекіп, нұқымаса да, барлық балалары да 

тәртіпті,  жақсы  болып  өсті.  Ол  ата-анасының  жеке  бастарының  үлгі-

өнегелерінен де ғой деп ойлаймын. 

Сол  ел  басына  түскен  ауыр  күндерде  ҚазПИ-ден  талай  профессор, 

оқытушы,  тіпті  студенттер  де  қамалды.  Қ.Жұбановты  да  ұстап  алып  кетті. 

Көптеген  студенттер  комсомол  қатарынан  шығарылды.  Мені  де  «халық 

жауы» Қ. Жұбановтың үйінде тұрған» деп комсомол қатарынан шығарды. 

Ол заманда жаның аши тұрса да, біреуге-біреу көмекке келу, қол үшін 

беру деген мүмкін емес. «Қараланған» адамның күйесі нахақтан тағы біреуге 

«жұға»  салады.  ҚазПИ-де  Құдайберген  ағаның  артына  мықтап  түскен 

адамдар да болды... Олар Қ.Жұбановтың өзін ғана емес, оның шәкірттері мен 

пікірлестерін  де  «халық  жауы»  деп  қаралады.  Осындай  «қараланған», 

Құдайберген «ұлым» деп атайтын сүйікті шәкірті Хамза Есенжанов, ағаның 

«інісі»  аталатын  Мұхаметжан  Қаратаев  ұсталып  кетті.  Өзін  Құдайберген 

ағаның  тұңғыш  баласындай  сезінетін  Мәулен  Балақаев  (ол  Қ.Жұбанов 

ұсталатын ең соңғы күнге дейін жанында бірге жүрген) көп әуре-сарсаңмен, 

әйтеуір  аман  қалды.  Ал  ағаның  «зерек шәкірті»  саналатын  Ғ.  Мұсабаев  пен 

әдебиетші  Қалижан  Бекхожиндердің  сол  тұста  кандай  күйге  түскендерінен 

көп хабарым жоқ. Бірақ «Профессор» атты мақаланың авторы Ғали Орманов 

біраз таяқ жеді. 

Мен  өз  басым  «төбеге  ұрған  танадай»  болып,  аяқ  жолдан  адасуға  сәл 

қалдым.  Бұрын  періштедей  көретін  қайран  ағамыз  «жау»  болып  шықты, 


418 

 

жақын  жүретін  құрбы-құрдас  маңайымнан безіп  кетті,  ешкіммен  сырласуға, 



сөйлесуге болмайды. Не істерімді білмей, дал болдым да қалдым. 

«Ерді  кебенек  ішінде  таны!»  дегендей,  сол  бір  үрей  мен  болмашы 

үміттің алмағайып заманында өзінің адамшылық арын, сабырын жоғалтпай, 

«ақтың отын ақымақ үріп өшірмесіне» сенімі берік азаматтар да болады екен. 

Соның  бірі  маған  да  кезікті.  Ол  –  менің  болашақ  жар-жолдасым,  алты 

баламның  әкесі  Дәмен  Дінасылов  еді.  Менен  бір-екі  курс  жоғары  оқитын 

Дәмен осы Алматы облысының Кеген-Нарынқол жағынан келген екі беті сәл 

қызыл  шырайланып  тұратын,  сұңғақ  бойлы,  қасы-көзі  қиылған,  сұлу  жігіт 

болатын.  Әдемі  тенор  даусы  бар,  екеуміз  үйірмеде  «Қыз  Жібек  пен 

Төлегеннің»  арияларын  айтып  жүретінбіз.  Мен  қатты  жабығып,  «енді 

қайттім?» деген халге келіп жүргенде, Дәмен маған ақыл айтты: 

–Сен  өзіңді  былай  аздыра  берме,  әлі  кімнің  кім  екені  танылып, 

қараланған  адамдардың  «ақ-қарасы»  ашылады.  Сенің  жеке  басыңда  еш 

жазық жоқ. Алар жазаңды алдың, енді бұдан әрі жасыма! – деп жұбатты. Бұл 

сөздер маған үлкен демеу болды, өзімді өзім қолға алып, институтты «үздік» 

бітірушілердің бірі болдым. Біз үйлендік. Мен № 12 мектепке мұғалім болып 

орналастым.  Дәмен  партиялық  жұмыстарда  болды.  Мен  кейін  келе 

жолдасымнан  «заман  жағдайын»  сұрайтынмын.  Менің  түсінбейтінім: 

осыншама  білімдар,  инабатты  «елім-халқым»  деп  жүрген  аға  секілді 

адамдардың бәрі «жау» болғанда, біздің «досымыз» кім? – деп ойлайтынмын. 

Дәмен маған ашып айта алмаса да, көп мәселеде түсінік беретін. Сондай бір 

екеу-ара кеңестің бірінде ол адамгершілік, парасат жайын дәлелдеп, мынадай 

бір  мысал  айтты:  –Өзін  аға  тұтқан  Құдакең  тек  жай  ғылым  иесі,  профессор 

ғана  емес,  үлкен  адамшылықтың,  қазақ  айтатын  «бір  аттығы  артық» 

азаматшылықтың да биік тұғырында тұрған жан еді. Бірде, шамасы 1935 не 

1936  жыл  болуы  керек,  студенттер  арасында:  «Бізге  мұғалімдікке  Ахмет 

Байтұрсынов  келетін  болыпты,  ол  кісіні  «Құдайдың»  (ағаны  кейбір  жастар 

осылай атайтын) өзі шақырыпты деген сыбыс тарап кетті. Сол – сол-ақ екен, 

ҚазПИ-дің  сол  кездегі  директоры  Сақаев,  партия  ұйымының  секретары 

Дүйменов  бізді  шақырып  алып:  ешбір  желігу,  топ  болып  қарсы  алу  деген 

болмасын!  Байтұрсыновқа  қошемет  көрсеткен  адам  оқудан  шығады!  –  деп 

ескертті.  Біз жым-жылас болдық...  Содан  межелі  күні  Федерация паркіндегі 

музей  үйінде  орналасқан  «Ұлт  мәдениеті  институтының»  директоры 

Алманов  жолдас:  «Ахаң  бізден  шығып,  ҚазПИ-ге  кетті»  деп  телефон 

соғыпты  деген  хабар  алдық.  Студенттер  бөлмелеріне  «сыймай»,  әр  жерден 

қылтиып-қылтиып қарап жүр. Бір кезде етженді, шляпа киген, көзіне пенсне 

салған,  қолына  таяқ  ұстаған,  әсіресе  бізге  таңсық  көрінгені  –  галстугының 

қыстырғышы  бар  келбетті  адам  парктің  ішіндегі  аллеямен  жүріп  отырып, 

қазіргі Совет көшесінің арғы бетіне, ҚазПИ-дің қарсы алдына келді. Біз тырп 

етпедік!  Тек  ақ  бурыл  шашты  профессор  Құдайберген  Жұбанов  қана  тез 

басып,  келе  жатқан  адамның  алдынан  шығып,  көшенің  арғы  бетіне  өтіп 

қарсы алды. Олар сыпайы амандасты. Содан соң Құдекең құрметті қонағын 

қолтықтаған күйі институтқа алып кіріп, дәлізді бойлай жүріп отырып, «оқу 


419 

 

бөлімінің»  әкімшілігіне  қарай  кетті.  Біздер  аудиториямызға  тығылып  қала 



бердік...  

–Кейін  естідік,  –  деді  Дәмен  маған,  сол  сапарда  Құдекең 

А.Байтұрсыновты  өз  кафедрасына  қызметке  шақырыпты,  бірақ  институт 

басшылығы бұған қарсы болыпты. Міне, қазақ тілін ғылыми пән етуді мақсат 

тұтқан бұл екі адамның бір-біріне деген ілтипаты осындай болған. Олардың 

идеялық бағыт-бағдары да, ғылымға көзқарасы да, творчестволық ой-санасы 

да  сәйкесе  бермейтін,  біреуі  –  «ескінің  соңы»,  екіншісі  –  «жаңа  сипатты» 

алғыр ғалым болатын. Сонда да бұлар адамшылық жолынан таймаған, біріне-

бірі сенген, бірін-бірі «кебенек ішінде» таныған адамдар еді...  

Дәменнің  айтуынша,  осы  жағдайдан  кейін  тағы  біраз  оқиғалар  болса 

керек.  Институт  директоры  Сақаев  пен  парторг  Дүйменовке  коллективтің 

наразылығы  күшейіп  кетіпті.  Көп  арызды  тексеруге  ҚКП  Орталық 

Комитетінің тарапынан А.Ф.Тевосян басқарған арнаулы комиссия шығыпты. 

Тексерудің қорытындылары Орталық Комитеттің бюросында қаралады. Істің 

мән-жайын  бюроға  баяндаған  Анна  Федоровна  Тевосян  –  Алматыдағы 

Жоғары  партия  мектебінің  директоры,  Левон  Исаевич  Мирзоянның  зайыбы 

екен.  Сондықтан  ба,  әлде  басқа  себебі  бар  ма,  Л.И.Мирзоян  жолдас  жай 

қатысып  отырыпты  да,  бюро  мәжілісін  республика  Халық  Комиссарлары 

Советінің  председателі  Ораз  Исаев  жолдас  басқарыпты.  Білетіндердің 

айтуынша, Анна Федоровна елімізде Ауыр өнеркәсіп министрі болған атақты 

Тевосянныңқарындасы,  оқымысты,  адал  партия  қызметкері  болса  керек.  Ол 

ҚазПИ-дегі  шын  жағдайларды  ашып  айтып  болған  соң,  О.Исаев  жолдас  ең 

әуелі республика Халық ағарту комиссары, ел ішінде «Темір нарком» атанған 

Темір  Жүргеновке  түйіліп,  Қазақстандағы  «Қара  шаңырақ»  оқу  орнына 

Сақаев  секілді  «кездейсоқ»  адам  қалайша  директор  болған?  деген  сауал 

қойып,  қатал  сын  айтыпты.  Одан  кейін  Орталық  Комитеттің  идеология 

жөніндегі  секретары  Ілияс  Қабылов  жолдасқа  қарап:  «Мен  мына  Дүйменов 

деген  «қуды»  білемін,  бұл  Қазақстанның  оңтүстік  өңірін  бүлдіріп  келген 

алаяқ.  Ондай  адамға  ҚазПИ  түгіл,  басқа  орынның  партия  ұйымын  да  сеніп 

тапсыруға  болмайды!  –  деген  үзілді-кесілді  тұжырым  жасапты.  Бұл 

жайттардың  бәрінің  нағыз  ортасында  болып,  Сақаев-Дүйменовтерге  қарсы 

батыл  күрескен  (Дәменмен  бірге  оқыған)  Мұратбаев  деген  жігіт  екен.  Сол 

күндерде ол институт комсомол ұйымының бірінші секретары болғандықтан, 

жоғарыда  айтылған  бюро-мәжілісіне  бірге  шақырылса  керек.  Ұлы  Отан 

соғысы жылдарында Мұратбаев қан майданда қаза табады... 

Басы қазақ тіл білімінің екі майталманы арасындағықарым-қатынастан 

басталған «өткен өмір белестерінің» еске түскен бірері осылар. 

Біз  Дәмен  екеуміз  де  ұзақ  жыл  ұстаздық  етіп,  өзімізді  сағалап  келген 

біраз  жетім  балалардың,  ағайын-туыстардың  оқып,  білім  алуына  әліміз 

келгенше  септігімізді  тигіздік.  Мүмкін,  біздің  бұл  ісіміз  де  «ағалардың  ақ 

жолынан аумау» үшін жасаған талпынысымыз болар. Қазір мен 70-ке келдім, 

пенсияға  шығар  алдындағы  соңғы  қызметім  қаладағы  алғаш  ашылған  қазақ 

мектеп-интернаттарының бірінің директорлығы болды. Ал Дәмен ҚазПИ-дің 


420 

 

партия  тарихы  кафедрасының  доценті  бола  жүріп,  құрметті  демалысқа 



шықты. Қазір ол 74 жаста. 

Құдайберген аға жайлы естелігімді Раушан жеңгем туралы бір-екі ауыз 

сөзбен аяқтамақпын. 

Ерлері ұсталып кеткен әйелдердің кейбіреулері сондай сергелдең кезде 

басы қатып, балаларын сақтай алмай да қалды. «Қайраты бар кісінің, ләззаты 

бар ісінің» демекші, Раушан жеңгей тез есін жинап, балаларымен елге көшіп 

кетті.  Екі  білекті  сыбанып  колхозда  еңбек  етті,  бала-шағасын  асырады, 

оқытты.  Тұлпардың  тұяғының  сынығындай  Құдайберген  Жұбановтың 

балаларын сақтап қалды. Мың да, бір рахмет сізге, Раушан жеңгей!  

Алматыға  көшіп  келіп,  қайнысы  академик  Ахмет  Жұбановтың 

селбеуімен  балаларын  әрі  қарай  оқытып,  мамандыққа  баулыды.  Қазір 

олардың  әрқайсысы  ортан  қолдай  қызметкер  –  Мүслима,  Есет,  Асқар  – 

ғылым  кандидаттары.  Әке  жолын  қуып  кейбір  балалары  ғылыммен 

айналысты.  Әрине,  оқымысты  әкелері  тірі  болғанда,  олар  бұдан  да  зор 

табысқа ие болар ма еді, кім білген?! 

Мен  осындай  тату-тәтті  семьяда,  өз  балаларының  қатарында  аз  да 

болса  тәрбиеленгеніме,  профессор  Жұбанов  сияқты  абзал  ұстаздан  білім 

алғаныма  өзімді бақыттымын  деп  санаймын.  Тек  ұстазымның  сенімін  ақтай 

алмадым,  ғылым  жолына  түспедім,  өйткені  институтты  «өте  жақсы»  деген 

бағамен бітіргенмен, сол кездегі жалпы жағдайға, сенімсіздікке байланысты 

аспирантураға  қабылданбадым.  Бірақ  ұстазымның  жарқын  бейнесі  есімде 

мәңгі сақталады. Шындық жеңді. 

 

 

X.Меңдібаев 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет