Ұлытау облысы білім басқармасының


Директордың м.а. Ы.Ермаганбетова



бет2/8
Дата11.04.2023
өлшемі93,42 Kb.
#81579
1   2   3   4   5   6   7   8
Директордың м.а. Ы.Ермаганбетова

?С.Кулмаганбетова


тел: 87079737997

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері


1. Жалпы ережелер

1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, өткізу тәртібін анықтайды.


2. Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
3. Форумның міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, білім алушыларды практикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау;
2) білім алушылардың табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтау бойынша қызметіне қызығушылықтарын қолдау;
3) білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу;
4) еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
5) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
4. Форумды Ұлытау облысының әдістемелік орталығы қашықтан және онлайн форматта өткізеді.
5. Форумды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.


2. Форумды өткізу уақыты

6. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы өтінім, сондай-ақ Форум номинацияларының жұмыстары nt_ekotur@mail.ru электронды поштасына 2023 жылғы 22 сәуірге дейін қабылданады.


7. Өтінімге қоса тіркеледі:
1) Форумға қатысуы туралы өтінім, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);
2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) http://www.youtube.com арнада орналастырылған бейнематериалға сілтемелер (бейне сапалы, тоқтаусыз бірыңғай бейнемен жазылуы керек).
4) мектепішілік, аудан/қалалық кезеңдерге қатысушылар туралы мәлімет



Аудан /қала

Мектепішілік кезеңге қатысқан оқушылар саны

Аудан/қалалық кезеңге қатысқан оқушылар саны

Жезқазған







Сәтбаев







Қаражал







Ұлытау







Жаңаарқа







БИЛ







Абай мектебі







8.Форумға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Форумның ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет