Лобзин с. А. Электр машиналар



бет171/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

202


сы қысқа тұйықталған трансформаторға көп деңгейде ұқсас болады (қысқа тұйықталған ротордың орамасы өте қысқа болып тұйықталған. Фазалық роторға келетін болсақ, оның қосушы және реттеуші реоста- тының кедергісін, егер ол шығарылмаған болса, орама кедергісінің бөлігі ретінде санауға болады, сондықтан, фазалық ротор да, өз кезе- гінде, трансформатордың өте қысқа болып тұйықталған екінші ретте- гі орамасына ұқсас болады). Бұл жағдайда, қысқа тұйықталу кезіндегі U2 жүктеме кернеуі нөлге тең болады. Сондай-ақ, ротордың орама- сында айналатын статор өрісімен ықпалдандырылған ЭҚК тек қана сейілу ағынымен шартталған, белсенді R2 және индуктивті Х2 орама- ларының кедергілерінде төмендеген кернеудің орнын толтырады:

E2 = I2R2 + jI2X2.
Бұл теңдеудің жеке жағдайын көрсетеді.
(9.5)

Ротор айналған кезде, (9.5) теңдеуіне кіретін шамалары, тоқтап тұрған ротор кезіндегі сандық мәндерге ие болмайды. Ротор орама- сының өткізгішінде магнит өрісімен ықпалдандырылған ЭҚК күш сызықтарымен өткізгіштің қиылысу жылдамдығына пропорционал- ды болады ((1.1) теңдеуін қараңыз), сондықтан, ЭҚК роторға қатысты статор өрісінің айналмалы жиілігіне пропорционалды болады, мұны (2.7) формуласы көрсетеді. Тоқтап тұрған ротор үшін бұл жиілік п1 тең, ал айналып тұрған ротор үшін — ns тең болады ((9.1) қараңыз).
Ротор орамасы фазасының ЭҚК үшін келесі пропорция дұрыс келеді:

E2
E2s
n1 ,
ns

Бұл жердегі E2s — айналып тұратын роторда ықпалдандырыла-
тын ЭҚК. (9.2) өрнегіне сәйкес, ns = sn1.
Көрсетілген пропорциядан келесіні аламыз

E2s
= sE2
(9.6)

(s мәні бірден төмен, демек, E2s мәні Е2 мәнінен төмен).
f2 ротор тогының жиілігі сондай-ақ, статор өрісіне қатысты ротор-
дың айналмалы жиілігіне пропорционалды болады, сондықтан

f2 = sf1,
(9.7)

бұл жердегі f1 — ротор тогының жиілігіне (егер ол тоқтап тұрма- са) тең статор тогының жиілігі (f2 = f1 бұл жердегі n2 = 0 и s = 1).
Сейілу ағынымен (сейілудің индуктивті кедергісі) шартталған,
тоқтап тұрған ротордың индуктивті кедергісі электротехника кур- сынан белгілі өрнекке сәйкес, ток жиілігіне байланысты болады: Х2
= ω1L2 = 2πf1L2, бұл жердегі ω1 — статор тогының бұрыштық жиілігі;
L2 — ротордың сейілу индукциялығы. Айналып тұрған ротор сей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет