Лобзин с. А. Электр машиналар



бет42/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   283

49


Е = U + IяRя
(2.4)

Осы теңдеу, көздің ішкі кедергісінде кернеудің төмендеу шамасы- на оның қысқыштарында ЭҚК көзі кернеуден көп болатыны туралы, электр техниканың белгілі қорытындысымен келісілген.
Қоздыру тізбегінде (статор орамасының тізбегінде) шығындарды жабу үшін қажетті Рв қуат 2.1 - суретте жекелеп көрсетілген. Бұл, Pв қуаты P1 жеткізілген қуатының бөлігі болмайтын тәуелсіз қоздыру
генераторы үшін орынды болады. Өздігінен қоздыру генератордың энергетикалық диаграммасында қоздыру тізбегінде шығындалатын қуатты Ря қуатының жанында көрсету қажет, яғни Рэм және Р2 ара- лықта, өйткені ондай генератордың Рв қуаты электрмагнитті қуаты- ның бір бөлігі болып табылады.
Энергетикалық диаграмма (2.1-суретті қараңыз) қарапайым екенін ескеру қажет, себебі онда тек генератордың негізгі шығында- ры ескерілген. Сонымен қатар, олардан басқа үстеме немесе қосым- ша шығындар да орын алады.
Үстеме шығындар, атап айтқанда, зәкір өзегінің тісті құрылы- мымен, яғни оның ішіндегі ойықтар мен тістері болғандықтан (ой- ықтардың аралықтары) пайда болған. Зәкір айналған сәтте полюс ұштығының бетіндегі әрбір нүктесінде магниттік индукция өтіп тұрады. Магниттік индукция зәкір тісі қарастырылып жатқан нүк- теге қарсы болған кезде максималды болады, ал осы нүктеге қарсы зәкір ойығы болса минималды болып табылады.
Полюс ұштықтарындағы магнит өрісі өтіп тұрғандықтан, генера- тордың жарты энергиясын тұтынатын құйынды токтарды индукция- лайды. Үстеме шығындардың осы түрінің шамасы магниттік индук- цияның лүпіліне (лүпіл ашық зәкір ойықтардың жағдайында үлкен), лүпілдердің жиілігінде (зәкір ойықтарының санына және зәкір ай- налу жиілігіне байланысты), полюстерден жиналған болат тақтасы- ның қалыңдығына және тақталар арасындағы оксидтік қабықшаның оқшаулағыш қасиеттеріне байланысты болады.
Үстеме шығындарға, сондай-ақ, полюстердің магнит өрісінде ай- налған сәтінде сым құрсауларында және басқа да бөлшектерде пайда болған шығындар жатады. Аталған үстеме шығындардың екі түрі жүктеме болмаған кезде де айналмалы машиналарда пайда болады, сондықтан олар бос жүріс шығындары болып табылады.
Машина жүктелген кезде, зәкір реакциясының әсерінен ауа саңы- лаурында магниттік өрісті бұрмалауға байланысты (1.6 - бөлімді қараңыз), сондай-ақ коммутация кезінде үстеме ток пайда болуына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет