ҚЎлпыбаев с



бет314/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

ҚҰЛПЫБАЕВ Серік
Ынтықбаева Сәуле Жұманқызы
Мельников Василий Дмитриевич
ҚАРЖЫ
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
С.Ж. Ынтықбаеваның жалпы редакциясымен
өңделген және толықтырылған үшінші басылым


050509 «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне және магистранттарына арналған оқулық
ретінде ұсынылған

Компьютерде беттеген А.Т. Ақылова
Мұқаба дизайнері Қ. Мышбаев
Компьютерде тергендер А.А. Тойчибекова
А. Б. Омарова

Басуға 10.03.2011 ж. қол қойылды.


Пішімі 70х1001/8. Офсеттік басылым. Баспа табағы 67,5.
Шартты баспа табағы 51,3. Есептік баспа табағы 62,7.
Таралымы 1000 дана. 3/9-11. Еркін баға.

«Экономика» баспасы ЖШС компьютерлік


орталығында беттеліп, көркемделген.
050063, Алматы қаласы, Сайын көшесі, 81-үй

1* Басқару теориясына сәйкес басқару буындары неғұрлым аз болса, оның тиімділігі соғұрлым жоғары болады.



2* Бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау сала­сындағы функция­лар мен өкілеттіктерді және басшылықты заңнамамен қарастырылған шектерде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеудің, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтік жопарларының, мемлекет қаржысын басқарудың, орта мерзімге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерінің және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастырудың салааралық үйлесуін жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ретінде 2010 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырып келді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президенттінің Жарлығына сәйкес Экономика және бюджеттік жоспарлау министерлігі Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырыл­ды, оған стратегиялық жоспарлау мен өңірлік даму және сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктер жүктелінді.

3* Шетелдік оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде, заңнамада, ақпарат құралдарында «кәсіпорындар және ұйымдар» дәстүрлі атауы сақталынған



4*Бірқатар жағдайларда айрықшалықты қорланым орын алады: мысалы, білім беруде, ғылымда – іскерліктің, басқаруда тәжірибесінің, машықтың қорлануы



5Азшылық үлесі – бұл операциялардың таза нәтижелерінің және еншілес компанияның таза активтерінің бас компания еншілес компаниялар арқылы тура немесе жанама иелік етпейтін үлесіне келетін бөлігі. Шағын құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесі шоғырланатын қатысушының бөлінбеген пайданың немесе зиянының мөлшерін және топқа жатпайтын шоғырланатын қатысушының капиталдағы үлесін негіздей отырып анықталады.* ТМД-ның бірқатар елдерінің заңнамларында салық салынатын пайда өткізілген өнім құнының құрамында еңбекке ақы төлеу шығыстарының нормаланған мөлшерінен асып түскен сомасына көбейтіледі.

6*Банк, биржа және коммерция практикасында валюталық тәуекелді сақтандырудың әр т үрлі әдістерін белгілеу үшін қолданылатын термин



7*Ақша сомасының уақытқа қарай өсуі.



8* Өтімділік – өзінің міндеттемелерін, берешегін (пассивтерін) мезгілінде өтеу үшін кәсіпорындар, банктер активтерінің ақшаға тез айналу мүмкіндігі; олардың қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы пайымдалатын аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы



9*Комерциялық емес қызметтердің мекемелері мен ұйымдарына жататын кәсіпорындарда тауарлар сапасының толық жинақталымы бар материалдық өнім жасалады және айналып жүреді, бірақ коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуінің қажеттері үшін бұл өнімнің нысаналы арналымы жағдайында оның бағасы белгілі деңгеймен шектелуі мүмкін.



10* Заңнамалық актілермен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бөлінетін тегін және қайтарусыз төлемдер.



11** Төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден бекітілген сомалар шегінде алатын трансферттері.



12*Социум [<лат. socium ортақ, бірлескен] – белгілі бір типтің адами ортақтығы, мыс., тайпа, ұлт.



13* Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бері мемлекеттік бюджетке кіріктірілді.



14** Салық төлеушінің заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі оның салықтық міндетте­месі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасауға, оларды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Мемлекеттің салық службасы органы арқылы салық төлеушіден, салық агентінен оның салықтық міндеттемені толық көлемінде орындауын талап етуге, ол салықтық міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда салықтық кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі амалдары және мәжбүрлі орындату шараларын қолдануға құқығы бар.



15***Кәсіпкерлік қызметті, уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоса, жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты қызмет орны бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі деп танылады.



16*Schulz Th. W. Investment in Human Capital/ The Role of Education and Research/ The Free Press/-N/ Y, 1971



17*Беккер Г. Человеческий капитал (главы из книги). Воздействие на заработки инвестиций в человеческий капитал. // США: экономика, политика, идеология. 1993



18**Финансы. Учебник для вузов/ По.ред. Г.Б. Поляка. – М.:ЮНИТИ– ДАНА,2004



19*Финансы. Учебник для вузов/ По.ред. Г.Б. Поляка. –2-е изд. –М.: – ДАНА,2004



20*Үй шаруашылықтарының жалпы табысы – бұл ақшалай табыстар, тағамдық азық-түліктердің натуралдық түсімдерінің және мемлекет пен кәсіпорындар көрсеткен натуралдық тұлғаланымдағы жеңілдіктердің, жәрдемқаржылардың, сыйлықтардың (қордаланған жинақақшаларды есептемегенде) құны.



21*Зейнетақылық аннуитет – бұл зейнетақы түріндегі өмірбойы мерзімдік сақтық төлемдері. Сақтандырушының қарап шешуіне қалдырылуына қарай олар жылына бір рет, жарты жылда бір рет, тоқсанда бір рет немесе ай сайын жүргізілуі мүмкін. Зейнетақы қорынан айырмасы сақтық компаниялары салымшыларға өздерінің қорланымдарын зейнеткерлік жастан ертерек – 55 жастан (еркектерге де, әйелдерге де) алуына мүмкіндік береді. Зейнетақылық аннуитет келісімшарттарын жасауға өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялардың құқығы бар.



22*Табысты ауыстыру коэффициенті – әлеуметтік төлемақының әлеуметтік аударымдарды есептеу кезіңде ңегізге алынған табыс мөлшеріңе қатынасын айқыңдайтың коэффициент;еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міңдетті әлеуметтік сақтаңдыру жүйесіне қатысушының еңбек қабілетінен айырылу дәрежесіне қарай айқындалатың коэффициент; қатысу өтілінің коэффициенті – міңдетті әлеуметтік сақтаңдыру жүйесіне қатысу өтіліне (күнтізбемең есептегіңдегі уақыттың жалпы мөлшерін) қарай айқыңдалатын коэффициент.



23*Халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне азаматтардың 12 санаты жатады (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, І және ІІ топтардығы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер, оралмандар (репатрианттар), көп балалы отбасылар және халықтың бірқатар басқа санаттары).



24*Аннуитет [нем.Annuitat< кеже лат. Annuitas жыл сайынғы төлем] сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді.



25* Жазатайым жағдай деп адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай) ұғынылады.



26*Меншікті ұстап қалу – сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартына сәйкес сақтандырушының меншікті есебі арқылы жауапкершілікті болатын оның шектеріндегі жауапкершілік көлемінің бір бөлігі.



27*Сонда



28*Лицензия – өнімдердің тауарлардың, валютаның, ақпараттың әкетіліміне немесе әкелімге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат. Квота – сыртқы саудалық қызметке арналған өнімнің жалпы көлеміндегі бөлік, үлес



29**Мемлекеттік монополия дегеніміз сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ең тиімсіз әдісі, бірақ экономика жай-күйінің қолайсыз жағдайларында импорт пен экспортты бақылау есебінен төлем балансын тепе-теңдікке келтіру проблемасын шешу үшін қолданылуы мүмкін. Бұл әдіс белгілі бір сыртқы экономикалық операциялар жасағанда немесе сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсетуге (мысалы, мемлекеттік сақтық компаниялары импортты міндетті сақтандыру) мемлекеттік компанияға немесе мемлекеттің қатысуымен айрықша құқықтар беру нысанында қолданылуы мүмкін. Тұтастай алғанда мұндай шаралар тарифтік емес реттеу әдісіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет