Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

Қоңырбаева  алып,  отбасы  тәрбиесі  және 
оның ұлттық мазмұнға негізделген қызметін 
жетілдіру  жайында  өз  ойын  айтты.  «Ең  ал-
дымен  баршамыз  саналы  тұлға  тәрбиелеп 
шығаруымыз  керек,  оған  бүгінгі  отбасы  не 
бере алады, не беруі керек тәрізді мәселелер 
бойынша  талдау  жасады.  Мәселен,  қазақ 
отбасындағы әрбір ата-ананың арманы:
дені мен жаны сау;

ана тілінде еркін сөйлейтін;

ата-тегін,  өз  шежіресін  тарата 

білетін;
кез  келген  ортада  өз  орнын,  халық 

дәстүріне  сай  қарым-қатынас  мәдениетін 
білетін;
ұлттық  өнер  түрлерін  меңгерген  – 

«сегіз қырлы бір сырлы»;
өз  жынысына  сай:  «текті»,  «пәк», 

«ару»,  «қылықты»,  «көргенді»,  «жетелі»  – 
ұлттық  құндылық  сапалар  мен  өлшемдерге 
лайық; 
отбасындағы  әлеуметтік  рөлдер  мен 

этноәлеуметтік рөлдерді меңгерген;
алған білімі мен тәрбиесін өз өмірінде 

пайдалана алатын;
неке мен жұбайлық өмірді, отбасылық 

өмірді құрметтейтін;
отбасылық 
және 
ұлттық 

құндылықтарға сүйіспеншілігі бар;
ата-ананың  орнын  басатын,  аталық 

әулетті жалғастыратын;
болашақ  ата-ана  ретінде  ұрпақ 

тәрбиесі алдында жауапты сезінетін;
өз елі мен жерінің азаматы екендігіне 

мақтанышы бар, өз ұлтына құрметі жоғары;
ата-ана  мен  Отан  алдындағы 

перзенттік  парыз  бен  борышты  сезінетін  
ТҰЛҒА  тәрбиелеу.
БҮГІНГІ ОТБАСЫ НЕ БЕРЕ 
АЛАДЫ?
баланың  тұрмыстық  қажетін  өтеу: 

өсіру – асырау;
үй шаруашылығы жұмыстарына бау-

лу;
баласы  үшін  мемлекеттік  білім  беру 

мекемелерімен байланыста;
жеке  қабілетіне  сай  үйірмелер  мен 

секцияларға апару;
бос  уақытын  өткізуде  заманауи 

талаптарға сай болу;
тұрмыста  ақпарат  алу  еркіндігін 

ұйымдастырған т.б.
БҮГІНГІ ОТБАСЫ НЕ БЕРУІ 
КЕРЕК?

51
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
(қазақ отбасының ережесi)
Балаға  жақсы  ат  қою;  баланың  тiлiн-
ойын  дамыту;  денсаулықты  сақтауға 
көңiл  бөлу;  отбасында  балаға  қатысты 
мерекелердi  қалдырмай  тойлау;  отбасылық 
құндылықтарды 
бағалауға 
тәрбиелеу; 
баланың  жынысына  қарай  тәрбие  беру; 
бiлiм  алуына  мүмкiндiк  жасау;  әр  іске 
жауапкершілік қалыптастыру; дүниетанымын 
және ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға 
үйрету;  қабiлетiн  шыңдап,  дарындылығын 
дамыту;  баламен  оңаша  қалуды  естен 
шығармау; 
отбасындағы 
келеңсiздiктi 
балаларға  естiртпеу;  басқаларды  үлгi  ету, 
ата-ана өз ісімен үлгі болу; ата тек, шежіре 
арқылы туысқандық сыйластықты ұғындыру; 
көршiмен  тату  болуға  үйрету;  баланың 
киiмiне мән беру; айтқанды тыңдауға, бағыну 
заңына үйрету; үй шаруасының барлық түрiне 
баулу; қонақ күту, қонаққа бару талаптарына 
жауапкершілік; ата-бабадан келе жатқан салт-
дәстүрдi отбасында қалыптастыру; мамандық 
алуына көмектесу; болашақ жұбайлық өмiрге 
даярлау; отбасында әлеуметтiк рөл белгiлеу; 
қоғамда белсендi өмiр сүруiн үйрету; ұлттық 
ұғымдарға сүйiспеншiлiктi қалыптастыру.
Отбасы 
тәрбиесінің 
ұлттық 
мазмұнға  негізделген  қызметін  немесе 
әлеуметтендірушілік  әлеуетін  жетілдіруге 
педагогика ғылымы не бере алады? 
Бүгінге 
дейін 
берілген 
тәрбие 
бағыттарына қоса, ОТБАСЫНДА:
имандылық  тәрбиесі  –  ұлттық 

тәрбиенің  негізі,  сондықтан:  отбасында 
адал–харам,  обал-сауап,  күнә,  парыз,  т.б. 
ұғымдарын тәрбиеге басшылыққа алу;
өмір салтын ұлттық мазмұнға құру


ол үшін: ұлттық тағам, ұлттық киім немесе 
жынысына  сай  киім  үлгісі,  ұлттық  өнерге 
баулуға  отбасында  басымдылық  берілуі 
тиіс. 
ұрпақты  салауатты  отбасылық-

жұбайлық өмірге даярлау, ол үшін: «текті», 
«пәк»,  «ару»,  «қылықты»,  «көргенді», 
«жетелі»  ұлттық  құндылық  сапалар 
мен  өлшемдерге  сай  болу,  отбасындағы 
әлеуметтік  рөлдер  мен  этноәлеуметтік 
рөлдерді меңгерту;
отбасында әке мен шеше, ата мен әже 

өздерінің әлеуметтік және этноәлеуметтік 
рөлдерін  атқару,  ол  үшін:  әкелік,  аналық 
тағылымды,  ата  және  әже  педагогикасын 
меңгеру, т.б.
ЖАЛПЫ 
БІЛІМ 
БЕРЕТІН 
МЕКТЕПТЕРДІҢ 
ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ҮДЕРІСІНДЕ  оқушыларды  болашақ 
отбасылық 
өмірге 
даярлау 
мен 
әлеуметтендіру мақсатында:
Сынып  жетекшілеріне  оқушыларды 

ұлттық  тәрбие  негізінде  отбасылық  өмірге 
даярлау  мәселесіне  білім  жетілдіру  курста-
рын ұйымдастыру;
Жоғары 
сынып 
оқушыларына 

отбасылық  өмірге  даярлауға  арналған 
«Отбасылық өмір – ұлттық мәдениет негізі» 
таңдау курсын ұйымдастыру;
Ер  балаларды  отбасылық  өмірге 

даярлауға арналған арнайы бағдарлама;
Қыз  балаларды    отбасылық  өмірге 

даярлауға  арналған  арнайы  таңдау  курсы 
бағдарламасын таңдау пәні есебінен оқыту;
«Отбасылық өмір – ұрпақ жалғастығы» 

атты  ана-аналар  университеті  сияқты  
т.б.  педагогикалық  ағарту  жұмыстарын 
ұйымдастыру.
«Аналар  мектебі»,  «Әкелер  мектебі», 

т.б.  ата-аналармен  тағылымдық  жұмысты 
ұйымдастыру;
ЖОО-да 
студенттерді 
болашақ 
отбасылық 
өмірге 
даярлау 
мен 
әлеуметтендіру мақсатында:
Болашақ  ана-аналар  университет-

терін ұйымдастыру;
Жұбайлық өмірге даярлау мақсатын-

да  таңдау  пәні  есебінен  элективті  курс 
жүргізу;
Оқулықтар жазу, әдістемелік нұсқау-

лар мен көмекші құралдар дайындау;
«Жас аналар» клубын ұйымдастыру;

Студенттер  үшін  жас  отбасыларға 

арналған «Жас отбасы» журналын шығару.
МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫДА:
отбасылық өмірге даярлауды қолдау

 
–  жергілікті  АХАЖ-дардың  жанынан 

52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Отбасылық  мәдениет»,  «Жұбайлық  өмір», 
«Отбасы тәрбиесі», т.б. курстар ұйымдастыру 
және оқуға міндеттеу;
ата  және  әжелік  рөлдерге  даярлау 

– 
зейнет жасына дейін ақсақалдық мектептен, 
аналық  мектептен  өту,  ауылдық  әкімшілік 
жергілікті  кеңестер  жанынан  курстар 
ұйымдастыру және оқуды міндеттеу;
елдің  салт-дәстүрін  дәріптейтін, 

тәрбиеге ықпалды тұлғаларға әлеуметтік 
мәртебе беру, ол үшін: ауылдарда, әлеуметтік 
орталарда «жігіт ағасы», «ауыл ағасы», «ел 
ағасы»,  «ауыл  ақсақалы»,  «ауылдың  биі», 
т.б. әлеуметтік  атауларды жаңғырту; 
тәрбиеде  жетістігі  бар,  отбасын  ма-

рапаттау  –  «ҮЛГІЛІ  ҚАЗАҚ  ОТБАСЫ» 
мемлекеттік деңгейде марапат тағайындау;
телехабарлар  беру  – 

телеарналардан 
қазақ отбасыларына арналған арнайы хабар 
ұйымдастыру т.б.
Міне, 
осындай 
өзекті 
мәселелер 
қозғалған  «дөңгелек  үстел»  барысын-
да  өте  қызу  пікірталастар  өтті.  Алматы 
қалалық  мәслихатының  депутаты,  белгілі 
қоғам  қайраткері  Амантай  Біртанов, 
Жаңартпа  технологиялар  және  білім  беру 
мазмұнын  ҒЗИ  директоры,  профессор 
Марат  Алмасайұлы  Нуриев,  педагогика 
ғылымдарының  кандидаты,  тәрбие  және 
әлеуметтендіру  кафедрасының  меңгерушісі 
(ББЖКБАРИ)  Мейірімгүл  Анарбекқызы 
Еркінбекова,  тәрбие  және  әлеуметтендіру 
кафедрасының  меңгерушісі  (ББЖКБАРИ) 
Қарлығаш  Исақызы  Қалдарова,  ҚБТУ-нің 
гуманитарлық  пәндер  кафедрасының  аға 
оқытушысы  Гүлжан  Кашенқызы  Өтебаева 
және тағы басқалары отбасы тәрбиесі жайлы 
өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жаңартпа  технологиялар  және  білім 
беру  мазмұнын  ҒЗИ  директоры,  профес-
сор  М.А.Нуриевтің  айтқан  ұсыныстары 
өте  тартымды,  әрі  орынды  болды:  «Отба-
сы  тәрбиесі  деген  адам  өмірінде  айрықша 
орын  алады.  Тәрбиенің  негізі  отбасында 
қаланады.  Өйткені,  бала  ақ  пен  қараның, 
ар  мен  ұяттың,  жақсы  мен  жаманның 
айырмашылығын  отбасынан  үйреніп,  нәр 
алып қалыптасады. Сондықтан отбасындағы 
тәрбиені  қалыптастыру  не  үшін  керек  де-
ген  күрделі  сұрақ  туады.  Біріншіден, 
отбасындағы  тәрбиені  жолға  қою  үшін 
жанұяның  қоғамдағы  рөлін  арттыру  керек. 
Ол үшін: 
–  отбасын әлеуметтік жағдайда қорғауды 
күшейту керек;
аналарға, әсіресе көп балалы аналардың 
– 
зейнетке шығу жасын азайту керек;
жас  балалы  аналарға  берілетін 
– 
әлеуметтік көмектің түрлерін сараптап, қайта 
қарау керек;
қазақтың  тәрбиесінің  негізі  –  тілде. 
– 
Тәрбиені  тіл  арқылы  қабылдап,  тіл  арқылы 
қазақтың  бала  тәрбиелеудегі  бай,  асыл 
мұрасын үйретіп іске асырамыз. Сондықтан 
Қазақстанда тұратын барлық халықты қазақ 
тілін  үйренуге  мәжбүрлеуіміз  керек  (тек 
мемлекеттік қызметкерлерді емес)». Бірінші 
кезекте қазақтарды мәжбүрлеу керек;
қалалардың әр аудандарында, селолар-
– 
да халықтың санына байланысты отбасына, 
ата-анаға  кеңес  беретін  клубтар  ашуымыз 
керек.  Олар  педагог,  психолог,  дәрігер  ма-
мандарымен қамтамасыз етілуі қажет;
бала құқығын қорғау заңына ата-ананың 
– 
бала  тәрбиелеудегі  міндеттерін  күшейтетін 
түзетулер мен қосымшалар енгізу қажет;
мектепте,  әсіресе  бастауыш  сынып-
– 
тарда  ер  мұғалімдердің  санын  арттыру  ке-
рек. Бұл күрделі мәселе. Қазіргі жағдай бала 
тәрбиелеу,  оқыту  тек  әйелдің  міндеті  деген 
ұғымды алып келді...».
Осы  дөңгелек  үстелдің  нәтижесінде 
қалыптасқан  ата-баба дәстүрі бойынша балаға  
ұлттық  тәрбие  берудің  маңыздылығына 
тоқталып, әр халық өзіндік қалыптастырған 
жолымен, үлгі-өнегесімен ерекшеленетіндігі 
алға  тартылып,  отбасы  тәрбиесі  бір  жолға 
қойылды десек те болады. 
 
Жанат Мұратқызы 

53
Т.Мұсабаев – 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Төрагасы
Қазақстанның Халық қаһарманы, 
Ресейдің Батыры, ұшқыш-ғарышкер, 
Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты
КӘСІБИ ІСІМ МЕН ОТАНЫМА ДЕГЕН МАХАББАТ – МІНЕ, МЕНІҢ 
ҰСТАНЫМЫМ!
«ҒАРЫШТА ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ!» – ДЕП АЙҚАЙЛАП ЖІБЕРДІМ
Мен  Алматының  жанындағы  Қарғалы 
ауылында  зиялылар  отбасында  дүниеге 
келдім.  Жыл  өткен  сайын  адам  өзінің 
шыққан тегі туралы ойланып, шежіресі жай-
лы толғанады екен. Өз тағдырым үшін мен 
ата-бабама ризамын. Бұл менің  әділдігі үшін 
ел  құрметтеген,  қуғын-сүргінге  ұшыраған, 
Алатау бөктеріне белгілі прокурор Орынтай 
атам, әкем Амангелді адал журналист және 
ақкөңіл  анам  Салиха  медсанбатта  Берлин-
ге дейін майдан жолдарынан өткен дәрігер. 
Олар  өз  еңбектерімен  және  жақсы  аттары-
мен менің ғарышқа «жұлдызды сапар» жа-
сауыма жол ашты деп ойлаймын.
Менің  балалық  шағым  бақытты  өтті. 
Балалық шағымның жарқын көріністері әлі 
есімде.  Соның  бірі  –  1961  жылғы  12  сәуір. 
Күтпеген  жерден  бізді,  оқушыларды  сал-
танатты  жиынға  жинады  да,  таңғаларлық 
жаңалықты  хабарлады:  ғарышқа  алғаш 
рет  кеңес  азаматы  Юрий  Алексеевич  Гага-
рин  ұшыпты!  Мұғалімдер  «Ура!»,  «Мен  – 
Гагаринмін!»  –  деп  айқайлап,  қуаныштан 
секірген  оқушыларды  басқара  алмайтын 
жағдайда еді. Мен де аспанға қарап тұрып: 
«Ғарышта Талғат Мұсабаев!» – деп айқайлап 
жібердім. Достарым мені естіді ме, естімеді 
ме білмедім, дегенмен ғарышкер болу тура-
лы арманым сол сәттен басталды. Көптеген 
жылдар  өткен  соң,  мен  ғарышкер  болу 
туралы  белгіні  жоғарыдан,  Көктен  соны 
тілегенімнен  болғанын  түсіндім.  Әрқашан 
ұшқыш  болатынымды  білдім,  әрі  ата-анам 
менің Талғат деген есімімді даңқты ұшқыш, 
Кеңес  Одағының  екі  мәрте  Батыры  Талғат 
Бигелдиновтің құрметіне қойған.
...ӘЛЕМДЕ ҒАРЫШТАН ӨЗІНІҢ ҰЛТЫНЫҢ БІР ҒАРЫШКЕРІН БІРНЕШЕ РЕТ 
ҚАРСЫ АЛҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ КЕМДЕ-КЕМ ШЫҒАР
Ғарышкер ретінде, мен «Мир» орбиталық 
станциясындағы ұзақ мерзімді және айрықша 
жұмысымды  өзімнің  кәсіби  жетістігім  деп 
санаймын. 1994, 1998 және 2001 жылдардағы  
менің  барлық  үш  ұшуымда  да  орбитада 
оқыс  жағдайлар  туындады.  Станциядағы 
техникалық ақаулар, Жермен байланыстағы 
проблемалар, борттағы электр қуатын толық 
жоғалту, ашық ғарыштағы жұмыс кезіндегі 
және  қонудағы  айрықша  жағдайлар.  Бір 
сөзбен  айтқанда,  біздің  «қария»  –  «Мир» 
станциямыз  қайта  өмір  сүруі  үшін  өте 
көп  еңбектенуге  тура  келді.  Алғаш  рет 
Юрий  Маленченкомен  ұщқанда  және 
екінші  рет  Николай  Бударинмен  ұшқанда 
біз  «Мир»  орбиталық  кешенін  құтқарып 
қалдық.  Ғарыштағы  осы  жетістіктеріміз 
үшін маған   Ю.Маленченкомен бірге Ресей 
Федерациясының Батыры атағы берілген бо-
латын. Ресей батырының Алтын Жұлдызын 
бізге  Ресейдің  Президенті  Борис  Николае-
вич Ельцин табыс етті. Бір айдан кейін, 1995 
жылғы қаңтарда біздің еліміздің Президенті 
Н.Ә.Назарбаев Ресейдің ғарыш саласындағы 
басшыларының  үлкен  тобын  мемлекеттік 
сыйлықтармен  марапаттады.  Ал  біз  Юрий 
Маленченко екеуміз Мемлекет басшысының 
қолынан жоғарғы марапат алып, Қазақстан 
Республикасының  «Халық  Қаһарманы» 
атағына  ие  болдық.  Үшінші  рет  ұшқанда 
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
құрамында  алғашқы  әлемнің  ғарыштық 
турисі – америкалық миллионер Денис Тито 
бар,  экипаждың  командирі  болу  бақытына 
ие  болдым.  Ғарышта  болып  қайтқан 
мұсылманның бас кітабы «Құранды», қазақ 
жерінің  топырағы  салынған  капсуланы, 
Қазақстанның  туын  ғарыштан  оралғаннан 
кейін  өзіміздің  Президентке  табыстау 
бақытына  үш  рет  ие  болдым.  Мен  өзімнің 
ғарышкер  болу  арманыма  жеттім,  маман 
болдым  және  өзімнің  білімімді  қолдана 
білдім. Осыларды мен өзімнің басты кәсіби 
жетістігім деп айта аламын.
Менің өмірімде, толыққанды ғарышкерлік 
мансабымда,  әрине,  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  ерекше  орын  алады.  Оның 
қолдауының,  жағдайды  түсінуінің  және 
бастысы  оның  Қазақстанды  ғарыштық 
державаға 
айналдыруға 
ұмтылуының 
арқасында борт инженері, халықаралық эки-
паж командирі ретінде менің үш рет ғарышқа 
ұшуымның мүмкіндігі туды. Мен Елбасына 
менің  ғарыштық  тағдырыма  көңіл  бөлгені 
үшін  әрқашанда  ризамын,  бәлкім,  әлемде 
ғарыштан  өзінің  ұлтының  бір  ғарышкерін 
бірнеше рет (бұл үш рет болды) қарсы алған 
мемлекет басшылары кемде-кем шығар.
...ҒАРЫШ ОТАНҒА ДЕГЕН СЕЗІМДІ СӨЗСІЗ АРТТЫРАДЫ, БҰЛ - ШЕКСІЗ 
ҒАЛАМДЫҚ ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІ
«Мир» станциясында болған 126 тәуліктік 
ғарыштық  экспедиция  кезінде  мен  жалпы 
ұзақтығы  11  сағат  7  минут  болатын  ашық 
ғарышқа екі рет шықтым.
Сезімдер, эмоциялар көп болды. Алайда, 
ең  бастысы  Жермен,  Отанмен  байланысты 
болатын  сезімдер  ғарышта  жердегіден  де 
күшейе түседі екен. Жер шары қаншалықты 
әдемі  болса  да,  ғарыштан  қарағандағы 
Жердің  көрінісі  керемет  таңданыс  туды-
рады.  Негізінде,  ғарыштан  қарағанда  Жер 
көрінісінен  әсерлі  сурет  жоқ  шығар.  Осы 
көгілдір  ғаламшар  өзінің  тірі  жылуымен 
және  жарығымен  таңғалдырады.  Ол  Бүкіл 
жаратылыс  үшін  маяк  сияқты,  Өмірдің 
мәні  секілді.  Орбитада  болғанда,  шыны-
мен,  өзіңді  жер  тұрғыны  ретінде  көбірек 
сезінесің,  ғарыштан  мемлекеттердің  шека-
ралары  көрінбейді  ғой.  Әйткенмен,  менің 
кәсіби  және  адами  қасиеттерім  арқылы 
әріптестерім  бүтіндей  қазақ  ұлты  туралы 
пікір қалыптастыратындықтарын мен үнемі 
жадымда ұстадым.
Ашық ғарышқа алғаш шыққан кез «Мир» 
станциясының дәл менің Отанымның үстінен 
ұшып  бара  жатқан  сәтімен  сәйкес  келді. 
Мен  ұшқыштарды  басқару  орталығына 
«Қазақстанның  үстінен  ұшып  бара  жатыр-
мыз!» – деп хабарладым. Юрий Маленченко 
екеуміз  Балқаш,  Алатау,  Алматыны,  Арал 
теңізін  анық  көрдік.  Бұл  мен  үшін  көңіл 
толқытарлық  сәт  болды.  Ауасыз  кеңістікке 
алғаш шығар алдында біздің экипажға Ота-
ным  бата  бергендей  әсерде  болдым.  Содан 
бері  ғарыштан  қарағандағы  Қазақстанның 
көрінісі жақын адамымның бейнесі секілді 
менің  жадымда  мәңгі  сақталып  қалды. 
Сондықтан да, ғарыш Отанға деген сезімді 
сөзсіз  арттырады,  бұл  -  шексіз  ғаламдық   
патриотизм сезімі.
Әр  халықтың  өз  дәстүрі,  әдет-ғұрпы 
бар.  Осылардың  барлығы  ғасырлар 
бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  кел-
ген,  өз  халқының  тарихын  ұмытпағандар 
мен  өз  балаларын  ұлттық  дәстүр  ру-
хында  тәрбиелейтіндер  үшін  әр  ұлттың 
қайталанбайтын  өзіндік  ерекшеліктері  мен 
абыройы және мадақтары болады.
Ұлттық  сана-сезімді,  туған  жер-
ге,  өз  халқына  деген  сүйіспеншілікті 
қалыптастыру  жас  ұрпақты  ұлттық  рух-
та  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты  болып  та-
былады.  Мен  бір  оқиғаны  айтқым  келеді. 
Бұл  1998  жылы  менің  ғарышқа  екінші  рет 
ұшқан  кезімде  болған.  «Хабар»  агенттігі 
Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың 
тұсаукесер құрметіне «Мир» станциясымен 
телекөпір өткізуді жоспарлаған. Ол кезде бұл 
208 тәулікке созылған экспедициядағы Ни-
колай  Бударин  екеуімізді  рухани  қолдауды 

55
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
көздеген  агенттік  журналистерімен  бай-
ланыс  сеансы  болатын.  Мәскеу  түбіндегі 
ұшқыштарды  басқару  орталығы  арқылы 
Алматыдан  келген  көріністе  мен  нағыз 
қазақтың келбетін көрдім. Бұл танымал әнші 
Нұрлан Өнербаев еді. Ол бізбен сәлемдесті 
де,  жаныңды  аялайтын  «Қарағым-ай»  әнін 
орындады.  Нұрланның  дауысы  не  деген 
таңғаларлық  лирикалық  дауыс  десеңізші! 
Бұл  ғарышта  ерекше  сезілген  болатын. 
Осы  аспан  әлеміндегі  диалогта  екі  тарап 
та  толғанысымыз  бен  көз  жасымызды  жа-
сыра  алмадық.  Нұрлан  маған  өзімен  бірге 
ән салуымды сұрады. Мен сондай қуанып, 
бірден  патриотизмнің  әнұранына  айналған 
«Көзімнің  қарасы»  әніне  қосыла  кеттім, 
әрі  керемет  ғарыштық  дуэт  болды!  Бұл  – 
барша  Қазақстан  мен  бүкіл  әлем  естіген, 
әуенді,  бауырластық,  көзге  жас  ұялатар 
сезімге  толы  дуэт  болды.  Кейін  Америка-
да  да  біздің  телесеансты  көргендерін  және 
американдықтарды біздің «қазақ рухының» 
таңғалдырғанын  естідім.  Мен  ғарыштан 
елорданы тамашалаған кезде ол қарапайым 
провинциалық  қалашық  болатын.  Қазір 
мемлекеттің саяси, экономикалық, ғылыми 
ойдың орталығына – нағыз мегаполиске ай-
налды.  Мұнда  ірі  халықаралық  кездесулер 
өтеді, мұнда тек Қазақстанға ғана емес, тек 
Орталық  Азияға  ғана  емес,  барша  әлемге 
ықпалын  тигізетін  орасан  зор  жұмыстар 
басқарылады.
Бүгінде  мен  тағдырымның  қалауымен 
ғарыштың, адамзаттың тек биік арманы ғана 
емес,  кез  келген  мемлекеттің  халықаралық 
деңгейі  мен  беделін  айқындайтын  жоғары 
саясат  екенін  өз  тәжірибесінен  түсінетін 
шенеунікке  айналдым.  Елбасының  Ұлттық 
ғарыш агенттігінің алдына қойған отандық 
ғарыш саласын жасау жөніндегі міндеттерін, 
мен  маған  деген  сеніммен  халқымның 
алдындағы  үлкен  жауапкершілік  белгісі 
ретінде 
қабылдаймын. 
Қазақстан 
толыққанды  ғарыш  державасы  болу  үшін 
бар күш-жігерімді аямаймын.
ТӘРТІП ПЕН ТӘРТІПТІЛІК – МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ!
Еліміздің ғарыш саласын жасау, бұл 2007 
жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республи-
касы Президентінің Жарлығымен құрылған 
Ұлттық ғарыш агенттігінің алдына қойылған 
мемлекет  үшін  стратегиялық  маңызы 
бар  міндет.  Осы  уақыт  ішінде  еліміздің 
ғарыш  қызметін  ретке  келтіруде  көптеген 
жұмыстар  атқарылды.  Біздің  Агенттік 
қызметінің  басты  нәтижесі  Қазақстан 
Республикасының 
ғарыш 
қызметін 
дамытудың  Стратегиялық  жоспары  болды, 
онда нысаналы ғарыштық жүйелер мен тех-
нологиялар, «Байқоңыр» ғарыш айлағын   да-
мыту,   нормативтік-қүқықтық   базалар   жа-
сау,   халықаралық ынтымақтастық, кадрлар 
даярлау, экологиялық қауіпсіздікті арттыру, 
ғарыштық  саланы  дамытуды  мемлекеттік 
басқару және басқа да мәселелерді іске асы-
ру  ескерілді.  Мен  ғарыштың  болашағына 
сенемін 
және 
әлемдегі 
ғарыштык 
державалардың  қатарында  болу  үшін 
бізде  барлық  мүмкіндіктер  бар.  Еліміздің 
жоғарыда отырған басшыларының тарапы-
нан түсіністік пен қолдау бар, біздің бірегей 
«Байқоңыр»  ғарыш  айлағымыз  бар,  үлкен 
ғарыштық  жобаларды  қаржыландыру  ба-
сталды, еліміздің ғарыш саласын дамытудың 
стратегиясы айқындалды. Біз шынайы нақты 
тәжірибелік жұмыстарға кірісіп жатырмыз. 
Осының куәсі ғарыш саласындағы белсенді 
халықаралық  ынтымақтастық  болып  табы-
лады. Бір дәлел келтіре кетейін, 2009 жылғы 
қазанда  Қазақстанға  Франция  Президенті 
Николя  Саркозидің  мемлекеттік  сапары 
шеңберінде  ғарыш  қызметі  саласындағы 
4 құжатқа қол қойылды. Осы жолдағы бар 
және  болатын  орасан  зор  қиындықтарға 
қарамастан,  біз  қойылған  міндеттерді 
орындауға тиіспіз.
Тәртіп  пен  тәртіптілік  –  міне,  менің 
өмірлік  ұстанымым.  Егер  саған  соңыңнан 
адамдарды  ертіп  жүру  сеніп  тапсырылса, 

56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәртіпсіз,  ішкі  тәртіптілік  пен  талаптарсыз 
қажетті  нәтижелерге  жету  мүмкін  емес. 
Өзіңіз  ойлаңызшы,  ғарыш  станциясында 
салмақсыздық жағдайында кішкентай қиқым 
мен бөгде заттың өзі қайғылы салдарға әкелуі 
мүмкін.  Ғарышқа  ұшқан  кезімде,  ашық 
кеңістікке шыққанда, ұшақпен ұшқанда да, 
тіпті, өмірде де төтенше жағдайлар аз болған 
жоқ,  сондайда  әрдайым  тәртіп,  жүйелілік, 
кәсібилік алып шықты.
Кәсіби ісім мен Отаныма деген махаббат  
– міне, менің ұстанымым!
...ҒАРЫШКЕР БОЛУ ТУРАЛЫ БАЛАЛЫҚ АРМАНЫМА ҚАРЫЗДАРМЫН
Өзімді өмірде жеткен барлық жетістіктерім 
үшін  ұшқыш,  ғарышкер  болу  туралы 
балалық арманыма қарыздармын деп санай-
мын. Бұны орындауға тырысу үшін өмірлік 
мақсат,  бағдарлама  керек.  Жастарымызға 
өздерінің  ойлаған  армандарына  жету-
де  мақсаттылық  тілегім  келеді.  Әрбір  жас 
адам  өзінің  ұлтжандылығын  Отан  туралы 
өлеңдер мен әндерде ғана емес, өз өмірінде, 
іс-әрекеттерінде,  ең  бастысы  халық  игілігі 
үшін атқарған істерінде көрсете алады.
Қазір өз ісін білетін адамдардың заманы... 
Бізге ғарыштық бейіндегі біліктілігі жоғары 
кадрлар, күрделі ғылыми және техникалық 
міндеттерді шешуге қабілетті қажырлы жас 
мамандар қажет.
Мен  қазіргі  жас  ұрпаққа  сенемін,  өз 
еліміздің  болашағына  және  әлемдегі 
жетекші  ғарыштық  державалардың  біріне 
айналатындығына  сенемін.  Тек  олар-
мен  жұмыс  істеп,  халқымыздың  жақсы 
дәстүрлерімен тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық 
мәдениетті,  тарихты  білудің  маңызы  зор. 
Осы білімімізбен, біз Отанымызға деген ма-
хаббатымызды  тағы  бір  дәлелдейтін  бола-
мыз.
Мен  сіздердің  оқырмандарыңызға  табыс 
пен  амандық  тілеймін!  Армандаңыздар, 
мақсат қойыңыздар және оларға жетіңіздер 
деп 
тілегім 
келеді. 
Қиындықтарға 
мойымаңыздар!  Жеңіске  деген  ұмтылыс 
бізді  шыңдайды  және  шынықтырады  деп 
нық  сеніммен  айта  аламын.  Баршаңызға 
жақсылық тілеймін!
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолғыншысы – ой, 
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез.
                                                  Саққұлақ би

57
как  человек,  с  семилетнего  возраста  вос-
питанный  в  казахской  среде,  пропитанный 
и  пронизанный  казахской  ментальностью, 
сохранивший и оберегавший при этом свою 
этно-немецкую сущность, еще не созрел до 
космополитического восприятия мира, до во-
жделенной для некоторых пресловутой гло-
бальности, до лирических вселенских цен-
ностей, до последней стадии унификации в 
неком бурлящем американизированном кот-
ле. Для меня и поныне все подлинное, высо-
кое  национальное  играет  главенствующую 
роль в воспитании и становлении личности. 
Стирание и потерю исконних национальных 
черт и качеств я воспринимаю как разруше-
ние,  крах,  катастрофу  индивидуальности. 
Я  убежденный  противник  всякого  «шала»-
шала казахов, шала немысов, шала евреев. 
Ни в городе Богдан, ни в селе Селифан-не 
мой  идеал.  Острое  неприятие  вызывает  во 
мне и рабская подражательность, когда, ска-
жем,  казах  тщится  быть  русским,  немцем, 
американцем, когда он сознательно отрека-
ется от своих национальных корней,  от ма-
теринского языка, истории, культуры, духа, 
обычаев,  нравов,  заповеданных  предками. 
Вот  на  борьбу  с  подобным  манкуртизмом 
и должны быть направлены все усилия, все 
возможности, все таланты педагогов, лите-
раторов, историков, философов, культуртре-
геров всех мастей. Ринуться в общий котел, 
в общий хлев и перемешаться-раствориться 
в нем, полагаю, человечество, нации всегда 
успеют, спешить к этому, форсировать этот 
процесс, на мой взгляд, особенного резона 
нет, никак не стоит, а надо, поелико возмож-
но, держаться руками, ногами, зубами за все 
национальное,  этническое,  что  выявляет, 
подчеркивает, определяет твою сущность и 
значимость как Homo Sapiens. 
Такова  первая  половина  известной    ка-
захской  пословицы.  Вторая  половина  гла-
сит: «...то познаешь в полете». 
Древняя  мудрость  номадов,  которую 
просвещенные педагоги с научными степе-
нями то и дело разворачивают – перепевают-
переиначивают на все лады в своих мудре-
ных трудах-трактатах, щедро напичканных 
цитатами от Ушинского до Алтысарина. 
Напомню: я тоже педагог по своему ба-
зовому  образованию.  Окончил  в  1958  году 
КазПИ  им.Абая  (к  новому  названию  моей 
Альма-матер-АГУ-никак  не  привыкну). 
Было время и в школе преподавал. И аспи-
рантуру по кафедре методики преподавания 
русского  языка  и  литературы  при  этом  же 
институте окончил. 
Ну,  а  потом  ушел  в  литературу,  в  пере-
водчики.
А  вырос,  между  прочим,  в  сугубо 
(«Қаймағы бұзылмаған») казахском ауле на 
берегу  Ишима-Есиля  и  окончил  среднюю 
школу на казахском языке.
Еще в родительском гнезде я познал азы 
и подлинно национального (немецкого и ка-
захского), и истинно интернационального. 
На эту тему за немалую свою литератур-
ную жизнь я размышлял и написал изрядно 
(романы, повести, рассказы, эссе,статьи).
Узнав,  что  в  «моем»  институте  (теперь 
университете)  задумали  журнал  «Ұлттық 
тәрбие»  (что  от  всей  души  приветствую  и 
сознаю  острую  необходимость,  актуаль-
ность такого издания), я решил поделиться 
некоторыми  ощущениями  по  этому  вопро-
су  в  чисто  публицистически-эссеистском 
направлении, избегая по мере возможности 
квази-научной тональности. 
С  самого  начала  должен  сознаться,  что 
я как гражданин независимого Казахстана, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет