Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Жүрек,  әрине махаббатты, ал  қан



Pdf көрінісі
бет24/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Жүрек, 
әрине махаббатты, ал 
қан
– қуанышты білдіреді. Біздің өмірімізде 
махаббат пен қуаныш болмаса жүрек қысылып, мұздайды. Нәтижесінде қан жайлап 
жүріп, біз біртіндеп қаны аздық пен тамырлар склерозына, жүрек талмасына ұрынамыз. 
Біз кейде өзіміз жасаған өмір драмасына шырмалатынымыз соншалық, айналамыздағы 
қуаныштарды аңғармаймыз. Алтын жүрек, суық жүрек, қара жүрек, ғашық жүрек – ал
сіздің жүрегіңіз қандай? 
Асқазан
барлық жаңа идеялар мен жағдайларды қорытып, бойға сіңіреді. Нені 
немесе кімді Сіз «қорыта» алмайсыз? Асқазанда проблеманың болуы бұл жаңа өмірлік 
жағдаяттарды қалай меңгеруді білмеуді білдіреді. Бізге қорқынышты. Жолаушы
ұшақтарының енді ұша бастаған кезі біздің көпшілігіміздің есімізде. Аспанға ұшу 
идеясы біз үшін жаңалық болатын, және біз үшін оны миға қондыру өте қиын болды.
Біз өзімізді нашар сезінген кезде құтқаратын пакеттер әрбір орындықтарда тұратын. 
Қазір, көп жылдардан кейін, пакеттер бұрынғыдай берілетін болса да, оны ешкім 
пайдаланбайды. Біз, аяғында, ұшу идеясын меңгердік.
Асқазан жарасы
– жай қорқу, біз жеткілікті түрде жақсы емеспіз немесе 
толыққанды емеспіз деп сезінуден де үлкен. Біз өз ата-анамыз, бастықтар, мұғалімдер 
т.б. алдында жеткілікті түрде жақсы емеспіз деп ойлаймыз. Біз өзімізді қабылдай 
алмаймыз. Біз басқалардың көңілінен шыққымыз келеді. Сіз жұмыста қандай билікті 
иеленсеңіз де сізде мұндай проблеманың шешімі - махаббаттың болмауы мүмкін. 
Өздерін жақсы көретін, құрметтейтін адамдарда асқазан жарасы жоқ. Ішкі 
сарайыңыздағы сәбиге мейірімді де қамқор болыңыз (біздің жаттығу есіңізде ме?) және 
оны үнемі қолдап, құрметтеңіз.
Өттегі тас
жинақталған ащы ойларды, және олардан айырылуға кедергі 
жасайтын көкіректікті білдіреді. Келесі жаттығуды жасап көріңіз, өзіңізге үнемі: «Мен 
өткенімді құлшына отырып босатамын. Өмір де тамаша, менде де тамаша». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет