Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Ұрық безі творчестволық энергияны білдіреді. Ондағы проблема – жарыққа  шықпаған творчестволық бейімділік.  Аяқ



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Ұрық безі
творчестволық энергияны білдіреді. Ондағы проблема – жарыққа 
шықпаған творчестволық бейімділік. 
Аяқ
бізді өмірде алып жүреді. Аяқта проблеманың болуы алға жылжу 
қорқынышын немесе белгілі бір бағытқа бет түзеуге құлықсыздықты білдіреді. 
Аяғымыз бізді тасиды, тартады, сүйрейді, ал онда семіз, үлкен, балалық реніштерге 
толы сан тұр. Әрекет етуге құлықсыздық аяқтың проблемасы арқылы білінеді. Аяқ
көк тамырының шығуы - сіз жек көретін үй немесе жұмыс.
Сәтсіз оқиға
тіпті де «оқиға» емес. Өміріміздегі басқа нәрселер сияқты оларды 
да өзіміз жасаймыз. Өзіңе: «Менің сәтсіз оқиғаға ұшырағым келеді» деп тіпті де
айтудың қажеті жоқ. Біз сәтсіз оқиғаны өзіне тартатын ой танымы жүйесін жасаймыз. 
Біздің кейбіреулерімізде үнемі бірдеңелер болып жатады, ал кейбіреулер бір сызат 
түспей өмір сүреді.
Сәтсіз оқиға – бұл наразылық пен реніштің көрінісі. Ол адамның өз сезімін 
білдірудегі тығырыққа тірелуі мен толық дәрменсіздігінің көрінісі.
Сәтсіз оқиға - бұл сондай-ақ өкімет өкілдеріне қарсы тұру. Біздің
ашуланатынымыз соншалық біреулерді ұрғымыз келеді, оның орнына өзімізді ұрамыз. 
Біз өзімізге өзіміз ренжіген кезде, өзімізді кінәлі сезінеміз, ал өзімізге жаза іздеген 
кезде, ол сәтсіз оқиға формасында көрініс табады. Былай қарағанда біз сәтсіз оқиғаның
кінәсіз құрбандарымыз. Сәтсіз оқиға біздің басқалардың көмегі мен көңіл білдіруін 
қабылдауымызға жағдай жасайды. Жарамызды жуып, бізді күтеді, біздің төсек 
тартуымызға тура келеді, кейде бұл ұзақ жылдарға созылады. Біз ауырып 
ыңқылдаймыз. Ауру арқылы денеміз бізге өмірде біздің неге баса көңіл бөлуіміз қажет
екенін білдіреді. Аурудың мөлшері біздің қаншалықты өзімізді жазалағымыз келгенін 
көрсетеді.
Ревматизм 
- өзін және өзгелерді үнемі сынаудан пайда болатын ауру. Онымен 
ауыратын адамдар көбінесе оларды үнемі сынайтын адамдарды өзіне тартады. Бұл 
басқаларды үнемі сынау керек дейтін олардың өз танымдарынан туындап жатады. 
Олардағы қарғыс – бұл қандай жағдайда да сүйген адамының үнемі «мінсізі» болу 
тілегі. Олардың жүгі адам төзгісіз ауыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет