Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Стресс – қорқыныш синонимі



Pdf көрінісі
бет70/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Стресс – қорқыныш синонимі 
Менің түсінігімде “стресс” - өмірде ұдайы болып жатқан, қорқыныштан туған 
өзгерістерге қарсылық. Ол - өз сезімдеріміз үшін жауапкершіліктен соның жәрдемімен 
қашуға болатын ақталу. Қысқасы, стресс – қорқыныштың туған інісі. Екеуінің 
атқаратын қызметі бір. 
Стресс жағдайында тұрғаныңызды сезген сәтте: “Мені қорқытып тұрған не? Мен 
өзіме неге осынша жүк арттым? Неге мен күштерімді орынсыз жұмсап жатырмын?” 
деп ойлаңыз.
Стресс – сіздің өз ішіңізде және бүкіл әлеммен үндестікте болмауыңыз, ол – 
жанның тепе-теңдігінің бұзылуы. Бір мезетте тыныштықта және стресс жағдайында 
болу мүмкін емес. Егер сіз қорқыныш сезіне қалсаңыз, одан тез арылуға тырысыңыз. 
Стресс – барлық үміттердің күйреуі емес. Ешкімде де сізді жеңетіндей жеткілікті күш 
жоқ. 
Сіз қашан да қауіпсіз жағдайдасыз 
Өмір ұдайы ашылып-жабылып тұрған есіктер тізбегі. Сіз бір бөлмеден бір 
бөлмеге өте жүріп, түрлі уайым сезінесіз. Біздің көбіміз ой-сана мен мінездің
кедергілердің, бұдан былай ешқандай құндылығы қалмаған және пайдасы жоқ өткен 
жылдар оқиғаларының теріс стереотиптеріне алып баратын есікті жауып тастағымыз 
келеді. Және де керемет жақсы әсер алатын жаңа есіктерді ашқымыз келеді. 
Біз ұдайы өзімізге толық қауіпсіз жағдайда екенімізді ескерте жүруге тиіспіз. 
Барлығы өзгеретіні хақ. Сол өзгерістер барысында өз “меніңізге” сеніңіз. Оған сізді 
рухани өсу жолында ең қолайлы болатын жаққа қарай ертуге және бағыттауға 
мүмкіндік беріңіз. Джозеф Кэмбелл айтады: “Рахаттың соңынан қалмаңыз”. 
Сіз біреуді зорлап өзгерте алмайсыз. Бірақ сіз ойша өзіңізді қоршап тұрғандарға 
олар өз еркімен өзгере алатындай атмосфера туғыза аласыз. Бірақ олар соны қалайтын 
болса ғана. 
Өз туыстарыңызды сүйіңіз. Оларға өз қалпында болуға мүмкіндік беріңіз. 
Олардың іштерінде ақиқат тұр, олар өздері қалаған сәтте өзгеруге мүмкіндіктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет