бай-болыстардың іс-әрекеттері туралы сөз қозғалады. Шығармаларының көбі
айтыстар, арнау, мысқыл өлеңдер болып табылады. Жамбылдың үлкен ақындық өмірі ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан, яғни қазақ қауымы үшін ауыр кезеңде Ресей отарлаушылары екі елге де өктемдік жүргізіп, әбден тізесін батырған, халық көптеген қиыншылықтарға тап болып, тығырыққа тірелген дәуірде басталды. Бұл отарлаушы өкімет ел арасында алауыздықты туғызу үшін сайлау жүйесін ойлап тауып, жергілікті халықтарды билікке таластырып қоятын тұсы да осы кез еді. Осы уақытта отарлаушы жүйеге байланысты халықтың рухани қарсылықтарын ел ақындары ғана жеткізіп айта алатын. Әдебиет өкілдері тек ақындық міндетін атқарып қоймай, ұлттың жағдайын ойлап, күйзелген қайреткердің де рөлін атқарды. Бір қоғамда өмір сүріп, белгілі тарихи оқиғаларды бастан кешірген, қайраткерлік міндет арқалаған ақын сол дәуірдің өзін туғызды. Сондықтан ақынның