«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

м ү қ т а ж д ы қ т ы  

көруді  керек  етпейтін  бүл  ж ауап  кімге  болса  да  түсінікті.

Шындығында,  процесс инсайтқа деген жағымсыз жауап- 

пен бітпейді.  Әдетте,  ол ү зақ қ а  созыдмай,  тез  арада жеңіл- 

д е т у г е   ауы сад ы .  П си х о а н а л и зд ің   б ар ы сы н д а  адамнын 

инсайтқа  қатынасы  өзгере  ме,  аяғында  не 



айқындадады  — 

оны  мен  бүл  ж е р д е   қ ар асты р м ай м ы н .  М енің  ойымша, 

мүндай  өзгерістердің  ш ектелген  мүмкіндігі  бар  екенін  айту 

ж еткілікті.

Бүл  өзіне  деген  ж ауап  деп  қана  қою ға  келмейді,  бірақ 

осындай  ж ік т еу   арқы лы   ол ар   себеп кер  болаты н  жеңіл- 

денуді,  қо рқы н ы ш ты   нем есе  то р ы ғу д ы   то л ы қ   түсінуге 

болады.  Ең  алғаш қы  реакцияны ң  қандай  болуына  байла- 

ны ссы з,  и н сай т  т е п е -т е ң д ік к е   ә р қ а ш а н  

к ү м ә н д а н а д ы . 

Ж а б ы с қ а қ т ы қ   қ а ж е тт іл ігі  б ар  а д ам   өз  функцияларын 

наш ар  орындайды.  Өзінің  нағыз  ниеттеріне  зиянды  болса 

да,  ол небір  мақсаттарды көздейді.  Ол  көптеген  шектеулер- 

мен  шырмалған.  Айқын  шегі  ж о қ   кез  келген  орталарда  ол 

ө з ін  

осал  


с е з ін е д і. 

ЬІғьісты ры лған  қ о р қ ы н ы ш п ен   және 

өш пенділікпен  күр есу д ің   қ аж еттіл ігі,  он ы ң   күш ін  әлсі- 

ретеді.  Ол  өз-өзін  де,  басқаларды   да  жатсынады.  Барлық 

психикалық  үйымдасқан  кемшіліктеріне  қарамастан,  онын 

іс-әрекет  ж асайты н  күцітері  бүры нғы   қал ы п та  болады, 

біршен-бірі  байланысқан  органикалы қ  ф актор  ж үйелерін 

қ үрасты рады .  Н ақты р ақ  ай тсақ,  оң аш ал а н ған   "инсайт' 

қ ү о ы л ы сы   болм айды .  О ны ң  ж е т іл г е н   н ә т и ж е г е   қана- 

ғаттануы,  есінен  тануы,  алға  ж ү р у ге  белсенділікпен  қар- 

сылық  жасауы   мүмкін.  Бірақ  қолы  ж еткен  қандай  да  кіші- 

рек  инсаит  болмасын,  оның  басқадай  психикалық  фактор- 

ларм ен  баиланысы  арқасы нда  тепе-теңдікті  күлін   көкке 

үш ы руға  қабілетті  ж аң а  бір  проблем аны   алы п  шығады. 

пегурлы м   невротикалы қ  ж ү й е  наш ар  болса,  оның  небір 

ө згер іст ер ге   қ а б іл ет т іл ігі  д е  со ғү р л ы м   а з д а у .  И нсай т 

неғүрлы м   терең ірек  негізді  қозғаса,  соғүрлы м   ол  үлкен

358


қорқыныш   туды рады .  "Қарсылық"  кво-статусын  сақтап 

қалудағы  қаж еттіліктен  шығатындығы  кейін  көрсетіледі.

Пациенттің  ш еш уі  тиіс  үшінші  мәселе  оның  барынша 

дамуына  кедергі  ж асайты н  өзіндегі  факторларды  өзгер- 

туден  түрады.  Ол  тек  сыртқы  әрекеттерді  немесе  тәртіпті 

өзгерту,  мысалы,  көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттілігі, 

и іы ғарм аш ы лы қ  ә р е к е т,  б ір л есу   ж үм ы сы ,  ж ы ны сты қ 

потенцияны  үлғайту  немесе  түрлі  фобиялар  мен  депрес- 

сиялық  үрдістерден  қүтылу  ғана  емес.  Нәтижені  талдауда 

бүл  секілді  өзгерістер  автоматты  түрде  өтеді.  Бірақ  олар 

ең  алғашқы  болып  саналмайды —  адамдағы  бүл  өзгерістер 

аса  байқалмайтын  нәтиже.  Мысалы,  өзін-өзі  мадақтау  мен 

өзін-өзі кемсіту арасындағы сенделістен шынайы қатынасқа 

түсу;  белсенді  іс-әрекетке  бағыттану;  қорқыныш  пен  жай- 

басарлықты  сенімділік  пен  батылдыққа  ауыстыру;  "ағын- 

мен  ж үзу"  орнына  өмірді  жоспарлай  білу,  біріеуге  "жабыс- 

қанша"  өзіңнен  өзің  тірек  табу;  басқаларды  кінәлап,  орын- 

далмайтын  үмітті  армандағанш а,  іштей  қастық  тілемей, 

адамдарды  түсіне  білу  арқы лы   достық  жолын  іздестіру. 

Егер  осындай  өзгерістер  орын  алса,  олардың  соңынан  тәр- 

тіпке немесе симптомдарға сырттай сәйкестенген  өзгерістер 

де  жалғасын  табады.

Ж е к е   адаммен  болып  ж атқ ан   өзгерістер  ерекш е  бір 

проблема  қүрмайды.  Сондықтан  егер  реалды  болып  эмо- 

циялық  уайыммен  жалғасса,  инсайттын  өзі-ақ  өзгерістерге 

алып  келуі  мүмкін.  Мысалы,  егер  бүрын  ығыстырылған 

өш пенділік  и н сай тқа  ж етсе:  өш пенділік  бүры н  қандай 

болса,  қазір  де  сол  қалпында  қалды,  еш  нәрсе  өзгермеді 

деп  біреулердің  қарсы лы қ  ж асауы   мүмкін,  ж алғы з  ғана 

өзгерген  нәрсе  —  оның  үғынуы.  Бүл  әділеттілік  тек  ресми 

м ағы нада  болуы   мүмкін.  Ш ындығында,  егер  адам  өзін 

табиғи  үстай  алмағанын,  ш аршағанын  немесе  бүлыңғыр 

н ар азы л ы ғы н   білсе,  енді  ы ғы сты руды ң  себебінен  осы 

б ү зы л ы м д ар д ы   ту д ы р ған   нағы з  өш пенділікті  үғынса, 

жағдай  күрт  өзгереді.  Бүрын  айтылғанындай,  ол  осы  сәтте 

өзін  басқа  адамш а  түйсінеді.  Егер  ол  осы  үғынудан  дәл 

сол  сәтте  қулықпен  қүтылмаса,  ол  онын  басқа  адамдармен 

қ ар ы м -қаты н ас  ж асау ы н а  әсерін  тигізеді;  өзіне  өзінін 

таңдануын  тудырып,  оньщ  өшпенділігінің  артында  не  бар 

екенін  зерттеуге  стимул  тугызады,  белгісіз  бірленелерлен 

болатын  қақтығыстарда  бейшаралық  сезімін  ж о й ьт,  взіи- 

дегі  өмірдің  бар  екендігін  сезінуге  көмек  көрсетеді.

Кейбір  өзгерістер  инсайттын  жанама  репндегі  нәтиж еа 

болып,  автоматты  түрде  көрініс  береді.  Абыржудын  непзп 

кө зі  қ ай   у а қ ы т т а   б асы л са,  п ац и ен ттің   ж а б ы с қ а қ т ы қ  

қажетсінуі  солай  әлсірейді.  Ығыстырылган  қорлау  сезімі

359


түсінікті  б олса  ж ә н е   ай қы н д ал са,  адам   өң д еу  әрекетін 

о н ы м ен   ж а с а м а с а   да,  ө з ін е н -ө з і  аяк,  аст ы н а н   жылы 

ш ы райлы   бола  бастай ды .  Егер  д е  қ о р қ ы н ы ш   сәтсіздігі 

үғынылса  ж ән е  әлсізденсе,  адам  ойламаған  ж ерде  белсен- 

ділігін  үлғайтып,  бүрын  санасыз  түрдегі  аулақтанған  жағ- 

дайларға  бет  бүрады.

Осыган  дейін  біз  инсайт  пен  өзгерістер  сәйкес  келген 

кезін  баяндады қ,  сонды қтан  осы   екі  процесс  жекелеген 

міндеттер  деп  көрсету  қ аж ет  емес  деген  ой  тууы   мүмкін. 

Талдаудың  барысында  да  өмірдегідей,  инсайтқа  қарамас- 

тан,  адамның  барлық  жан-тәнімен  өзгерістерге  қарсылық 

көрсететін  ж ағдай лары   болуы   мүмкін.  О сындай  жагдай- 

ларды ң  кейбірі  ж оғары да  тал қы л ан д ы   да.  Қ орыта  келе, 

айтуга  болады,  егер  пациент  өмірге  деген ж абы сқақ талап- 

тан   нем есе  ол ард ы   ө згер т у д ен   бас  тартса,  егер  дүрыс 

багы тта  дам у  үш ін  өзінің  күш ін  босатуды   керек  қылса, 

сонда  ғана  соңгы  ресурсын  пайдаланған  өршеленген  күрес 

басталып  кетуі  мүмкін.

Егер  талдау  пациентті  қақты гы сқа  үш ыратып,  шешім 

шығару  керектігін  талап  еткен  басқа  жагдайда,  инсайт  пен 

өзгерістер  бір-бірінен  алш ақтап  кетеді.  Талдау  барысында 

аш ы латы н  қ ақ т ы ғы с та р д ы ң   б ар л ы ғы   осы ндай  сипатта 

болмайды.  Егер  бір-біріне  қарама-қарсы  келетін  қажеттілік 

түсінікті  болса,  басқаларды   басқару  немесе  басқалардың 

ойына  сәйкестенудегі  ж абы сқақ  осы  екі  үрдістің  бірін  гана 

таңдау  мәселесі  өзінен-өзі  жоғалады.

Ү рдістің  е к е у і  де  та л д а н ға н ы   ж ө н ,  ад ам   б асқ а  бір 

адамдармен  немесе  өз-өзімен  қанағаттанды рарлы қ  қаты- 

настың  түрін  таба  алса  да,  олар  не  ж огалы п  кетеді  немесе 

б ір қ атар   өзгерістерге  үш ы райды .  Егер  и д еал  мен  өзім- 

ш іл д ік   а р а л ы ғы н д а ғы   б ү р ы н   с а н а с ы з  т ү р д е   б о л ган  

қ ақ ты ғы с  білініп  қал са,  он д а  б а с қ а ш а   ж а г д а й   туады . 

Қ ақты гы стьщ   мағы насы   тү р л і  әдістер  арқы лы   басылып 

қалуы  мүмкін.  Мысалы,  арсыз  позиция  түсінікті  болып,  ал 

и д еал д ар   бір  сәт т е  б етке  ш ы қ қ ан ы м ен   де,  негізсіздер 

ретінде  санамен  ығы стырылады  немесе  ж о қ қ а   шыгары- 

лады.  Немесе  материалдық  қаж еттілікке  (ақша,  престиж) 

қаты сты   талпыныс  ығыстырылса,  адам  саналы  деңгейде 

аяғын  нық  басып,  идеалдарын  үстап  қалуы   мүмкін.  Бірте- 

оірте идеалга деген байсалдылық пен арсыздықтың қатпар- 

лану  мүмкіндігі  пайда  болады.  Бірақ  осы  бір  қақтыгыстар 

оетке  шыққанда,  оны  ж ай  көру  мен  оныц  бүтақтанганын 

үғыну  жеткіліксіз.  Осыған  байланысты  барлық  проблема- 

ларды  түбірімен  үғынғаннан  кейін,  пациент  мінез-қүлық- 

тың  аиқын  ж олы н  таңдағаны  ж өн.  Өзінің  осындай  идеал­

дарын  баисалдылықпен  үстауды  ж ән е  материалдық  қызы-

360


ғушылықты  қандай  орынға  қоятынын,  оған  ол  керек  пе 

және  оның  қандай  дәрежеде  болуы  керек  —  оның  осыны 

шешуі  қаж ет.  Ө зінің  нұсқаулары н  қайта  қарастырып, 

инсайтқа  қадам  жасауындағы  пациенттің  жалтақтауы  — 

осы  көріністің  бір  түрі.

Пациент алдындағы осы үш мәселе де,  сөзсіз,  бір бірімен 

тығыз байланыста.  Оның өзін-өзі толықтай көрсетуі инсайт- 

тарға  ж ол  даярлайды ,  ал  олар  осыған  сәйкес  өзгеріс 

тудырады  не  болмаса  өзгеріске  дайындайды.  Әрбір  жасал- 

ған қадам  келесіге әсерін тигізеді.  Неғүрлым пациент кейбір 

инсайттан  аулақтанамын  десе,  соғүрлым  оған  кең  түрдегі 

ассоциация  жасау  күрделенеді.  Неғүрлым  кейбір  өзгеріс- 

терге белсенділікпен қарсылық көрсетсе,  соғүрлым инсайтқа 

қайсарлықпен қарсы күрес жүргізеді. Бірақ мақсат өзгеріске 

бағытталған.  Өзін-өзі  танудың  қүндылығы  инсайт  емес,  ол 

сезімдердің  өзгеруі  мен  бақы лауы н,  талпынысы  мен 

нүсқауларын  қайта  қарастыратын  инсайттын  әдісінде түр.

П ациенттің  өзгерісіне  қатынасы  көбінесе  әр  түрлі 

кезеңдерден  өтеді.  Ол  өзін  емдей  бастағаннан-ақ  іштей 

сиқырлы  түрдегі  ж азы лу  мүмкіндігін  тосады,  сол  кезде 

барлық  проблемалар  өзінен-өзі  жоғалады  ж әне  оған  еш 

нәрсені  өзгертуге  ж ән е  де  өз-өзімен  белсенді  әрекет 

жасаудың  керегі  ж оқ деген  сенімділікті  иеленеді.  Нәтиже- 

сінде  пациент  сараптауш ы ны   сиқырлы  күші  бар  деп, 

ойланбай  оған  табына  бастайды.  Ол  кейін  сенімі  орындал- 

майтынын  түсінгенде  ғана,  оның  алғашқы  "сенімінен  бас 

тарту  үрдісі  пайда  болады.  Ол  ойланады:  сараптаушы  да 

өзі сияқты адам,  сондықтан ол  бүған қандай пайда келтіруі 

мүмкін?  Бүдан  да  маңызды  жағдай  —  оның  өзін  белсенді 

түрде өзгертемін деген  ойына өзінде үмітсіздік сезімі пайда 

болады,  сенімсіздіктің  бетке  шығатындығы  көрінеді.  Тек 

оньщ  қуат-күші  белсенді  ж әне  үстірт  әрекетке  босатыл- 

ғанда  ғана,  ол  өзінің  дамуын  — жеке  іс,  ал  сараптаушыны 

өзіне  көмекке  қол  үшын  берген  адам  ретінде  қарастыра 

бастайды.

Талдау  процесінде  кездесетін  мәселелер  қиындықтарға 

толы, бірақ олар да өз жемісін береді. Өзін толықтай көрсету 

Қиын,  бірақ  үлы  жақсылық  игілік  болғандықтан 

қажет. 

Инсайтқа  жету  және  өзгеріске  келу  туралы  осыны  аитуга 



болады.  Сонымен,  біздің  өзіндік  дамуымызга  ж етудсп 

талдау  жолының  мүмкіндігін  пайдалану  —■

  тіпті  қарапаиым 

ж ол  емес.  Ол  пациенттен  улкен  батылдықты,  өзіндік 

тәртіптілікті  ж ән е  белсенді  күресті  талап  етеді.  Адам 

дамуына  әсерін  тигізетін  талдаудын  өмірдегі  басқа  жағдаи- 

лардан  еш  айырмашылығы  жоқ.  Жолымызда  кездесетін 

қиындықтарды  жене  отырып,  біз  күшейе түсеміз.

361


П С И Х О А Н А Л И Т И К А АЫ Қ  ПРОЦЕСТЕГІ 

С А РА П ТА У Ш Ы Н Ы Ң   РӨЛІ

С араптауш ы ны ң  негізгі  мақсаты  —  пациенттің  өзін 

түсінуіне  ж әне  өз  өмірін  қаж ет  деп  санаған  мөлшерінде 

қайта  бағытталуына  көмек  көрсету.  Осы  мақсатқа  жетуі 

жолында  сараптаушының  істейтін  жүмысы  туралы  ана- 

ғұрлым  тусінік  алу  үшін  оның  жүмысын  мақсатты  кате- 

горияларға  бөліп  және  оның  әрқайсысын  жеке  қарастыр- 

ған  орынды.  Оның  жүмысын  шартты  түрде  негізгі  бес 

бөлімге  белуге  болады:  бақылау,  үғыну, 

интерпретация, 

қарсылықты  жеңіп  шығуға  көмек,  әдеттегі  адамгершілік 

көмек.

Сараптаушының бақылауы кейде зейінді адамның бақы- 



лауынан  айырмашылығы  жоқ,  тек  ол  небір  өзіндік  специ- 

фикалық  сипатқа  ғана  ие.  Басқа  адамдардай,  сараптаушы 

пациенттің  жалпы  кейбір  мінез  тәртіптерінің:  алшақтау, 

жылылық,  жайбасарлық,  үстірттік,  бағынбаушылық,  жүгі- 

нушілік,  қаталдық,  сезімталдық  ж ақтары н  бақылайды. 

Сараптаушы  ешқандай  күш  жүмсамай,  пациентті  тыңдау 

барысында  ол  туралы  өзінің  сезімдеріне  бостандық  беруге 

қабілетті  ме,  не  өзін  қысылып,  қымтырылып  үстай  ма;  өз 

ойын  бақылай  отырып,  ретке  келтіре  ме  немесе  шашы- 

раңқы,  бір  ойдан  екіншіге  ауыса  ма;  дбстракті  жалпылау 

жасай  ма  немесе  айқындалған  бөлшектерді  көрсете  ме; 

үшы-қиырсыз  немесе  негізделіп  сөйлей  ме;  үстірт  түрде 

сөйлей  ме  немесе  сараптауш ы ға  инициатива  бере  ме; 

көпшіліктің  пікірін  қайталай  ма  не  өз  ойымен  сезімін 

білдіре  ме  деген  сияқты  жалпы  мағлүмат  алады.

Мақсатты  түрдегі  бақылауда  сараптаушы,  ең  алдымен, 

пациенттің  өткен  ж әне  қазіргі  уайымдары,  өзіне  деген 

қатынасы   ж ән е  басқаларм ен  қары м -қаты насы ,  өзінін 

жоспарлары,  ниеттері,  қорқынышы,  ойлары  арқылы  мәлі- 

мет  алады.  Екіншіден,  пациенттің  тәртібін  өз  кабинетінде 

бақылай келе,  себебі эр пациент төлем келісіміне,  қабылдау 

уақытына,  тақтай  төсекке  ж ату  міндетіне  өзінше  жауап 

береді,  сонымен  бірге  басқа  объективтік  талдау  жағдай- 

ларынан  мағлүматтар  алады.  Ж ә н е   әр  пациенттің  тал- 

даудан  өткенде  оған  деген  әр  қилы  жауабы  болады.  Бірі 

талдауды  қызықты  интеллектілі  әрекет  деп  санап,  бірақ 

аиқын түрде оның керек деген ойын қабыл алмайды;  келесі 

ф і 


оны  қорлану  процедурасы  деп  қарастырады,  ал 

үшіншісі небір ерекше артықшылық деп мақтаныш түтады.

ондаи-ақ  пациенттер  сараптаушымен,  адамдардың  жа- 

саитын  қарым-қатынасындай,  әр  түрлі  жеке-дара  қарым-

362


қатынаста  болады.  Ақырында,  пациенттер  өз  реакция- 

ларының  батылсыздығын  —  өте  белгісіз  түрінен  жоғарғы- 

сына  дейін  байқатады;  бүл  батылсыздық  көп  нәрсені 

аңғартады.  Ақпараттың  екі  көзі  —  пациенттің  өзі  туралы 

мәлімет  ж әне  оның  мінез-қүлқын  тікелей  бақылау,  кез 

келген  қарнй-қатынастағы  сияқты,  бір-бірін  толықтырып 

отырады.  Егер  біз  адамның  өмір  тарихын,  оның  доста- 

рымен,  әйелдермен  қарым-қатынасын,  өзіндік  іскерлік 

қасиетін,  саяси  көзқарасын  ж ақсы  білсек  ж әне  оны  іс 

әрекетте  көріп,  онымен  бетпе-бет  кездессек,  біздің  ол 

туралы  түсінігіміз  анағүрлым  толық  және  анық  болар  еді. 

А қпаратты ң  осы  екі  көзінің  екеуі  де  қ аж ет  —  оның 

әрқайсысы  да  маңызды.

Сараптаушының  бақылауы,  өзге  бақылаулар  сияқты, 

оның  мүддесінің  спецификалық  жүгін  арқалайды.  Әлеу- 

меттік  қызметкерден  көмек  сүраған  клиентпен  салыстыр- 

ғанда,  сатушы түтынушыньщ басқа  бір қасиетін байқайды. 

Жүмыс орнын іздеген адаммен әңгіме жүргізген жалдаушы 

өзінің  зейінін  оның  белсенділігіне,  бейімділігіне,  сенімді- 

лігіне  аударады,  ал  шіркеу  қызметшісі  келген  адамдармен 

әңгімелескенде  олардың  міне-қүлықтық  тәртібіне  және 

діни  сеніміне  көңіл  аударады.  Сараптаушының  мүддесі 

пациент  түлғасы ны ң  ж еке  бір  бөлігіне  ғана,  тіпті  бір 

бүзылған  жағына  да,  тіреліп  қалмайды,  ол  міндетті  түрде 

түлғаны  түтас  қарастырады.  Бастапқы  кезде  ненің  аса 

маңызды  екенін  білмегендіктен,  ол  оның  қүрылымын  тү- 

тастай  үғынуы  үшін  зейінімен көптеген факторларды  "жү- 

туы"  қажет.

Сараптаушының  арнаулы  бақылауы  мақсаттарынан 

оның  пациенттің  санасыз  мотивтерін  үғынуы  мен  білуінен 



туындайды.  Әдеттегі  бақылаудан  оның  айырмашылығы 

осында.  Кейбір әдеттегі жасырын үрдіс,  әсерлер болжамды 

болғандықтан,  қалыптаспай  қалады.  Бізді  ерекше  ойлан- 

дырмайтын бүл әсерлер өзімізге тән психикалық ерекшелік 

пе  немесе  бақылаган  адамның  қасиеті  ме  —  оны  сезінуіміз 

мүмкін.  Әрине,  психоаналитиктін  бақылауы аналитикалық 

процестің  міндет  бөлімін  қүрастырады.  Олар  пациенттщ 

еркін  ассоциациясынан  байқалатын  санасыз  күшті  зерт- 

тейтін жүйені қүрайды. Бүл ассоциацияларды сараптаушы, 

бөлшектерінің  бірде-бірін  теріп  алуға  тырыспай,  әрбіреуі- 

не  бірдей  қызығушылық  көрсетіп,  мүқият  тыңдаиды.

Осы  жерде-ақ  сараптаушынын 

к е й б і р  

бақылаулары  оір 

қатарға  тізбеленеді.  Түманды  күндері  біз  үйдің  беинесін 

немесе  тоғайларды  қаншалықты  айыра  білсек,  сол  сияқты 

сараптаушы  да  ерекше  күш  жүмсамай-ақ,  жалпы  мшездің 

қандай  да  бір  сипатын  түсіне  бастайды.  Оның  көптеген

363


баңылаулары,  бір  қарағанда,  мозаика  құратын  бөлшек- 

терді  көрсетеді.  Сонда  сараптауш ы   түсіністікке  қалай 

жетеді?

Бір  жағынан,  оның жүмысын детективтің түсініксіз о р ­



ганы  зерттеуімен  салыстыруға  болады.  Біраң  детективтің 

қылмыскерді  табуын  көздейтінін  ескертсек,  сараптаушы 

тіпті  де  пациенттің  ж аман  ж ағы н  табуға  талпынбайды, 

қайта  оның  ж ақсы сы   мен  ж ам ан ы н   да  қосып,  толық 

түсінуге  тырысады.  Сонымен  бірге  ол  бірнеше  сезіктілер- 

мен  іс  жүргізбейді,  бір  адамдағы  оның  проблемасының түп 

тамы ры   болуы   м үм кін,  сезікті,  к ө п теген   қозғаушы 

күштермен  ж үмы с  істейді.  О ларды  түрақты   бақылауға 

ж әне  әр  бөлшектерді  ойластыруға  байланысты,  мүмкін- 

діктерді әр  жерден іздестіріп,  кілтін  табады,  болжамдалған 

сурет  қүрайды,  өз  ңорытындысына  тіпті  де  оңай  сене 

салмайды,  толы қ  сенімді  болу  үшін  әлсін-әлсін  оларды 

тексеріске салады.  Ж үмбақ  оқиғаларды  ашқанда детектив- 

пен  бірнеше  адамдар  жүмыс  істейді  ж әне  олардың  кей- 

біреулері  тек  жүмыс  істеген  түр  көрсетеді,  шын  мәнінде, 

іске  жасырын  түрде  кедергі  тудырады;  басқалары  жасы- 

рынып  қалуға  тырысады  ж ән е  өздеріне  қауіп  туғанын 

сезсе,  ж ауы ға  бастайды.  Осыған  үқсас  ж ағдай  талдау 

кезінде  де  орын  алады:  пациенттің  "бір  бөлігі"  сараптау- 

шымен  серіктеседі  —  ол  емдеудің  қаж етті  шарты  болып 

табылады;  басқа  “бөлігі"  сараптауш ы   өз  жүмысын  өзі 

жасайды  деп  күтеді,  ал  үшінші  "бөлігі"  —  барлық  күшін 

іштен  тынуға  немесе  сараптаушыны  шатастыруға  жүм- 

сайды   ж ә н е   ә ш к ер ел ен етін   б о л ған д а  байбалам   сала 

бастайды  және  өшпенділік  сезімін  иеленеді.

Алдыңғы  тарауда  белгілегендей,  сараптауш ы  өзінің 

түсінігін пациенттің санасыз талаптануы мен реакцияларын 

оның  еркін  ассоциациясына  негіздейді.  Пациент  әдетте 

өзінің  сараптаушыға  айтқанының  мәнін  үғынбайды.  Сон- 

дықтан  сараптаушы,  көптеген  қарама-қарсы  бөлшектерден 

баиланыстырып  картина  қүру  үшін,  оның  шынайы  мазмү- 

нын  қабылдаумен бірге,  пациенттің нені  айтқысы келетінін 

түсінуге  ты ры суы   керек.  Бір  қар аған д а,  ол  көптеген 

мәліметтерден  аморфты  түрде  өтіп  жатқан  "қызыл  жіпті” 

үстап  алып  түсінуге  тырысады.  Егер  белгісіз  мағлүматтың 

көлемі  тым  үлкен  болса,  сараптаушының  сәтсіздікке  үшы- 

контекст өзін-өзі ашып түрғандай бола­

ды.  Мына мысалдар олардың қарапайымдылығынан тандап 

алынған.

Пациент  өткен  түнде  өзінің  нашар  үйықтағанын  және 

өзін  әдеттегіден  салғырттау  сезінетінін  маған  баяндады. 

латшы  қыздың  түмаумен  ауырғандығы  оның  іске  байла-

364


нысты  кездесуін  бұзып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оның 

ауруы   ж ұғы п  к ете  ме  деген  қорқыныш ы  жанының 

жайбарақаттығын  бүзды.  Сонан  соң  еуропалық  елдерге 

қатысты  сұмдық  әділетсіздік  туралы  сөз  қозғады.  Сонан 

кейін  оның  ызасын  келтірген,  дәрілердің  қүрамы  туралы 

нақты мәлімет бермеген дәрігерді есіне түсірді. Бүдан кейін 

ол  үйіне  оның  уәделескен  мерзіміне  пальтосын  алып 

келмеген  тігіншіні  есіне  алды.

Негізгі  тақырып  ол  жагымсыз  оқиғаларға  байланысты 

өкініш  болған.  Оның  реніштерінің  эгоцентрлік  сипаты 

мынаған  саяды  —  ол  хатшысының  ауырғаны  мен  тігіншіге 

деген сенімсіздігін бір қатарға қояды,  екеуі де — онын жеке 

басын қорлағаны сияқты. Хатшысының түмаумен ауырғаны 

оның  инфекциядан  қорқатын  сезімі  болғанымен,  оны  осы 

қорқынышты  жеңу  керек  деген  ойға  алып  келмеді.  Оның 

болж ауы нш а,  қ о р қы н ы ш тар   орын  алм ау  үшін  әлем 

басқаша  қүрылып,  бар  қажеттілікті  ол  қамтамасыз  етуі 

қажет.  Осы  орайда,  әділетсіздіктің  тақырыбы  пайда  бола 

бастады:  оның  ойынша,  басқалардың  көңіл  аудармауы 

қандай  әділетсіздік.  Ол  инфекциядан  қорқатындықтан, 

оның  м аңайы ндағы ларды ң  ешкімі  де  ауырмауы  тиіс. 

Осылайша,  оның  қиындықтарына  басқалар  жауапты  бола 

бастады. Кішігірім еуропалық мемлекеттердей,  оның оларға 

қарсы лы қ  ж асау ға  шамасы  ж о қ   еді.  Осы  контекстегі 

дәрігерге  байланысты  ассоциация  ерекше  маңыздылықты 

иелене  бастады.  Орындалмаған  және  оны  өкпелеткен  осы 

күту  сәттері  —  ол  оның  проблемасына  менің  айқын түрде 

жауап бермей,  айналшықтауым және де оның өзінен серік- 

тестікті  тосуым  болды.

Басқаша  бір  мысал.  Бір  жас  қыз  маған  дукенде  жүрегі 

қатты  соғып,  ауырып  қалғанын  баяндады.  Ж үрегі  анда- 

санда  оны  мазалайтын,  үзақ  уақыт  билегенде  ешқандаи 

зиян келтірмей, дүкенге барғанда не нәрсе оған эсер еткенін 

ол  түсінбейді.  Ол  мүндай  дерттің  қозуына  ешқандаи 

психологиялық  себепті  көрмеді.  Пациент  улкен  әпкесінщ 

туған  күніне  әдемі  кеудеше  сатып  алғанына  және  оны 

дүрыс таңдағанына ерекше риза еді. Оның сыйлығы әпкесін 

қаншалықты  қуантып,  таңдантатындығын  ол  алдын  ала 

көз алдына елестетті. Оның ақшасы аз еді,  берешегін толық 

қайтарды немесе,  олай болмаса,  бірнеше айға бөліп төлеуіе 

келісімге  түрды.  Бүл  туралы  қыз  өз-өзіне  ерекше  ризашы- 

лықпен  айтты.  Ал  кеудеш е  соншалықты  әдемі  болған- 

дықтан,  өзінде  де  осындай  болғанына  қарсы  еместіпн 

байқатты.  Сонан  кейін  бүл  тақырыпты  тоқтатып,  әпкесше 

көшіп,  оган деген бірсыпыра реніш сөздерін айтып тастады. 

Әпкесі  оның  ісіне  орынсыз  кірісетінін,  орынсыз  юнәлаи-

365


тынын  айтты .  П ациент  осындай  реніш терін  үнамсыз 

ескертпелермен  араласты ры п,  әпкесін  өзінен  недәуір 

төмендетті.

Бір  қарағаннан-ақ  белгілі:  эмоциялардың  байқаусыз 

жүйелілігі  оның  әпкесіне  деген  қарама-қарсы  сезімдерін 

көрсетеді:  бір  жағынан  —  әпкесінің  махаббатын  иемдену, 

екінші  ж ағы нан  —  реніш і.  Д үкенге  кірген  сәтте  бүл 

қақтығыс  шиеленісті.  Ж ақсы  көру  жақтары  сыйлық  сатып 

алуымен  байқалды,  ал  аз  уақытқа  басылған  реніш  кейін 

одан әрі өршігенін байқатты. Нәтижесі — жүрек соғу ауруы 

еді.  Мүндай  қарама-қарсы  сезімдердің  соқтығысуы  ылғи 

да  қауіп-қатер  тудырмайды.  Ә детте,  екі  сыйыспайтын 

сезімнің  бірі  ығыстырылады  немесе  кейбір  келісімге  келіп, 

екеуі бірігеді.  Ассоциацияның көрсеткеніндей,  мүндағы бір- 

бірімен  қақтығысқа  түскен  ж ақтарды ң  бірі  де  ығысты- 

рылмады.  Оның  орны на  екі  үғы ны лм аған  сезімдер  — 

махаббат  пен  реніш — таразыға  түскендей  болады.  Санада 

сезімнің  бірі  жоғары  көтерілгенде,  екіншісі  төмендейді.

Ассоциацияларды  өте  үқыпты  зерттегенде,  басқадай 

бөлш ектері  де  көрініс  берді.  А ссоциацияны ң  бірінші 

қатарындағы  өзіне-өзі  сүйсіну  тақырыбы  екіншіде  жанама 

қайталанды.  Әпкесінің  атына  айтылған  үнамсыз  ескерт- 

пелер,  ж алғы з  ғана  ж алп ы   өш пенділікті  байқатпай, 

сонымен  бірге  әпкесінің  қасында  өзінің  басым  екендігін 

көрсетуге  пайдаланылды.  Әпкесінен  өзін  жоғары  санау 

үрдісі  үнемі,  байқаусыз  болса  да,  өзіндік  жомарттығы  мен 

ж анкеш ті  махаббатын  әпкесінің  дөрекі  мінез-қүлқына 

қарсы   қойы лу  ассоц иац и ялары н да  көрінді.  Өзіне-өзі 

сүйсінуі  мен  әпкесімен  бақталасты қ  арасындағы  тығыз 

байланысы  оның  осы  қылыгының дамуы мен бекітілуіндегі 

негізгі  факторы  әпкесінен  өзін  жоғары  санау  қажеттілігі 

болуы  мүмкіндігін  көрсетті.  Бүл  болжам  дүкендегі  қақты- 

ғысты  басқа  қырынан  көруге  ж ағдай  тудырды.  Былай 

айтқанда,  қымбат  кеудеше  алудағы  талпыныс  жалғыз  ғана 

қақтығысты  ерліютен шешуге арналган жоқ,  сонымен қоса, 

бір  жағынан,  өзінің  әпкесінен  артықтығы  ниетін  бекітуі, 

°ны  өзіне  таңдандыруы,  ал  екіншіден  —  өзінің  ерекше 

меиірімділігін,  кешірімділігін  және  жанкештілігін  көрсетуі 

еді.  Оның  үстіне  әпкесіне  өзі  кигенмен  салыстырғанда 

әдемілеу  кеудеше  бвруі 



оны

  "артықтау"  позицияға  қойған 

еді.  Осы  сәттің  мәнін  үғы ну  үшін  оларды ң  бақталас- 

тығында  кімнен  кімнің  артық  киінуі  маңызды  рөл  атқар' 

ғанын  аита  кету  керек;  мысалы,  пациент  қы з  әпкесініН 

көилектерін  өзіне  жиі  иемденетін.

Бүл  мысалдарды  үғыну  процесі  өте  қарапайым,  бірақ 

қандаи  да  бақылау  болмасын,  оларға  жеңіл-желпі  қарауға

366


болмайтынын  анық  көрсетеді.  Пациенттің басына не келсе, 

соны айтатыны сияқты, сараптаушы да әр бөдшекке сондай 

мағынасы  зор  деген  көзқараспен  қарауы  міндетті.

Оның  іске  қатыссыз қандай да  бір  ескертпедерді  теріске 

шығаруына  болмайды,  бірақ  оның  барлық  бақыдауларға 

бірдей  маңыздылықпен  қарағаны  жөн.

Ол  өзіне  неліктен  пациентте  осы  сезім мен  ой дәл қазір 

пайда  болды  деген  сүрақты   үнемі  қоюы  қаж ет.  Осы 

контексте  ол  нені  білдіреді?  Мысалы,  контекстің  бірі  — 

сараптаушыға  деген  достық  сезім  ж асалған  көмек  пен 

түсінік  үшін  шынайы  алғысты  білдірсе,  ад  басқа  бірі  — 

алдыңғы  сеанстағы  талқыланған  ж аңа  проблемаға  бай­

ланысты  пациенттің  қорқынышы  махаббат  пен  үйірлікті 

Үлғайтуды  қажетсінетінін  білдіреді;  келесі  контексте  онын 

өзі  сараптауш ының  тәні  мен  жанын  иемденемін  деген 

ниетінің  болуы  мүмкін,  себебі  пациенттің  "махаббатқа” 

сенімділік  артқан  қақтығысы  шешілді.  Алдыңғы  тараудағы 

мысалда  сараптаушыны  үрымен  және  қорқытып  алушы- 

мен  салыстырады,  оның  негізгі  себебі  оған  қандай  да  бір 

үнемі  болатын  реніштен  емес,  алдыңгы  сеанстағы  пациент 

менмендігіне  тиіп  кету  болды.  Кішірек  еуропалық  мем- 

лекеттерге  байланысты  әділетсіз  қатынастағы  ассоциация 

кейбір  контексте  басқа  бір  мағынада,  мысалы,  ол  езілген- 

дерге  деген  жылы  сезімдерден  туындауы  мүмкін.  Хатшы 

Қьіздыц  ауырғаны  басқа  да  ассоциациялармен  бірігуінен 

пациенттің  өзінің күткені  ақталмаганда,  оның әділетсіздікті 

Қатты  уайымдайтыны  белгілі  болды.  Бүрынғы және кейінгі 

уайымдардың  ассоциациялармен  дәлме-дәл  байланысын 

зерттеудегі  сәтсіздік,  интерпретацияның  қате  болуына 

алып  келуімен  бірге,  сараптаушының  кейбір  оқиғаларға 

жауап  беретін  мүмкіндігін  айырады.

Байланы сты   б ай қататы н   ассоциация  тізбегі  үзын 

болмауы  керек.  Бірінен  кейін  бірі  жалғасқан  екі  ескертпе 

жағдай:  егер екіншісі үстірт,  ойламаған жерде пайда болса, 

ол  үғыну  жолын  ашады.  Мысалы,  алғашқы  ассоциациясы 

нәтижесіз  болған  пациент  шаршағанын  ж әне  мазасыз- 

данғанын  сезсе  де,  келесі  сеансқа  келді.  Өткен  кеште  ол 

ар ақ   ішіпті.  Т аң ертен   "басыңды  ж а з д ы н 1  б а.  деген 

сүрагыма,  "ж оқ”  деп  ж ауап  алдым.  Алдыңғы  сеанс  өте 

н әти ж ел і  болғанды қтан,  келесі  ф акт  белгілі  болды. 

сәтсіздіктен  қорыққан  пациенттін  жауапкершілікті  өзше 

алғысы  келмеді.  Мен  одан  ендігі  жерде  оның  табысқа 

мастанғысы  келе  ме  деп  сүрадым.  Өзін  еріксіз  анасының 

мүражайларға  апаратыны,  ал  өзінін  зерігетіні  және  ыза 

болатыны  осы  кезде  оныц  есіне  түсті.  Бүл  жалғыз  ған  , 

бірақ  оны  әшкерелейтін  ассоциация  еді.  Бір  жағынаи,  үл

367


табысқа  мастанғың  келмей  ме  деген  менің сұрағыма  жауап 

болды.  Бір  проблемадан  екіншіге  итермелеуімнен  мен  де, 

оның  анасы  сияқты,  ж ам ан  болдым.  (Зорлықпен  тшті 

титімдей  үқсасты ққа  өте  сезімталдық  танытатын  және 

сөйте  түра  мәселені  өз  бастамасымен  шешуге  қарсылық 

білдіретін  оған  мұндай  реакция  тән  болатын.)  Маған  деген 

наразылығын  және  әрі  қарай  тіпті  жылжығысы  келмегенін 

түсінген  ол  өзінің  басқа  сезімін  білдіруге  ерікті  екенін 

сезінді.  Мүражайға  баруға  қарағанда,  психоанализ  жаман 

болды,  себебі  бүл  бір  сәтсіздіктен  соң  екіншісінін  аідыл- 

ғанын  көрсетті.  Осы  ассоциацияға  байланысты,  ол,  оның 

сәтсіздікке  ерекше  сезімтал  екенін  байқатқан,  алдыңғы 

сеанстың  жібінен  еріксіз  үстай  алды.

Пациенттің  әрбір  жекелік  ерекшелігі  оның  іс-әрекетіне 

бәгет  ж асап,  сәтсіздікке  алып  келетіндігі  алдьщғыда 

айты лғанға  дәлел  болды.  Осыдан  барып  оньщ  психо- 

анализге  қарсылық  көрсетуінің  себебінің  бірі  ашылды.

Осы  пациент  келесі  келгенде  де  өзін  ж абы рқаңқы  

сезінген.  Соның алдындағы кеште,  ол Швейцариядағы Пиц- 

Палу тауына  шыққанын  баяндаған досын  кездестіреді.  Бүл 

әңгіме  оның  Ш вейцарияға  байланысты  есін  жаңғыртты. 

Кезінде осы тауға шығу оның арманы еді,  бірақ тауды ылғи 

да түман басып жататын.  Сондықтан болар,  осындай ойдан 

ол  бас  тартқан  еді.  Сол  кездегі  қатты  ашу  кернегендігінің 

қайталануын  ол  өткен  түні  сезді.  Бірнеше  сағат  жоспар 

қүрып  өзінің  ниеттенуін  қалай  орындауға,  соғыс,  уақыт 

және^ ақшаның жетпеуіне байланысты барлық  кедергілерді 

қалайша  жоюға  болады  деп,  ол  түнімен  үйықтай  алмады. 

Тіпті  түсінде  де  оның  миы  ж олы ндағы   кедергілермен 

күресте  болды,  ол  солғын  түрде  оянды.

Талдау  барысында  Орта  Батыстағы  іске  қатынасы  жоқ 

кішірек  қалашық  оның  есіне  түсті.  Оның  жобалауынша, 

бүл  сүрғылт  түсті,  біркелкі  ж әне  ескірген  қалашық  еді. 

Осы  бейне  қазіргі  сәтте  оның  өмірге  қатысты   сезімін 

байқатқандай  болды.  Мүның бірақ  оған қандай  байланысы 

бар?  Оның  емірінің  маңызсыз  болып  көрінуі  Пиц-Палуға 

көтеріле  алм ағанды қтан  ба?  Ш ындығы,  Ш вейцарияда 

болғанда,  ол  батылдықпен  тауға  ш ығуға  бағытталған, 

бірақ  ниетінің  орындалмауындағы  фрустрация  толық  осы 

жағдайды  толық  түсіндіре  алар  ма  екен.  Ол  альпинизмге 

қүмар  болған  емес.  Әрине,  оның  мазасын  алған  Пиц-Палу 

емес.  Тынышталғаннан  кейін  ол  енді  тауға  шығуға  тал- 

пынбаитынын  түсінді.  Швейцарияның  уайымы  бүдан  гөрі 

терещрек  жағдайдың  белгісі  еді.  Егер  ол  бар  ерік-күшін 

мақсатыма  бағыттасам,  оған  сөзсіз  ж етем   деген  оның 

алдамшы  сенімділігін  шайқап  жіберді.  Өзіне  тәуелді  болса

368


да,  жеңе  алмайтын  кедергілер  оньщ  ерік-кушінің  қандай 

да  болмасын 



фрүстрациясын

  белгіледі.  Тіпті  таудағы 

түмандай,  Орта  Батыстағы  шет  аймақтағы  қалашыққа 

қатысты  ассоциациялар,  оның  өз  ерік-күшіне  шексіз 

сенетінін  ж әне  ерекше  мағына  беретіндігін  байқатты.  Дәл 

осындай  сенім  болмайынша,  онын  өмірі  толық  болмай-

тынын  аңғартты.

Пациент  тақырыптарының  қайталануы  немесе  тізбеле-

ніп  үсынған  мағлұматтары  ұғыну  үшін  ерекше  маңызды. 

Пациент  интеллектісі  басқалардан  жоғары,  ойы  терең 

немесе  сирек  түрде  кездесетін  түлғаның  бірі  деген  дәлел 

болса,  онда  пациентке  осындай  қасиеттерге  ие  болуы  оған 

ерекше  эмоциялы  қүндылық  мағына  әкелетінін  сараптау­

шы  үғына  бастайды.  Мүмкіндіктерін  жібере  қоймайтын 

пациент  талдауды ң   оған  зиян  келтіргенін  әйгілі  етіп 

көрсетсе,  немесе  пациент өзінің жақсарғанын  ерекше бөліп 

айтудың  мүмкіндігін  жібермесе,  сараптаушыға  бүрынғы- 

ларға  ұқсамайтын  басқа  боджамдарды  үсыну  керектігіне 

алып  келеді.  Егер  алдыңғы  сәтсіздікпен  аяқталған  талдау 

оны  өкпелетіп  немесе  жәбірленуші  әділетсіз  ңатынаста 

үстады  деген  хабарлармен  шиеленісіп  жатса,  оған  түсінік 

беретін  ерекшеліктерді,  өмірдің  көптеген  жақтарын  және 

соған  байланысты  үстанымдарды  ол  осылайша  қабыл- 

Аайтынын  бақылауға  алар  еді.  Қайталанған  тақырыптар 

біркелкі  жауаптарды  білдіре  келе,  үғыну  галтін  үстатады: 

неліктең  пациент  уайымы  көптеген  жағдайда  стереотипті 

схемамен  жүреді;  неліктен  ол кейбір істі знтузиазммен жиі 

бастайды  да,  бірақ  көп  үзамай  оны  тастайды,-  немесе 

неліктен  достарымен  келіспеушіліктері  бір-біріне  сонша- 

лықты  үқсас.

Сонымен  қоса  сараптауш ы  пациент  қүрылымынын 

ерекш еліктерінің  көптеген  оньгң  ішкі  қарсылықтарын 

байқататын  қүнды  кілттерін  таба  алады.  Бүл  оқиғалар 

осыған  қатысты  жауаптарға  —  ризашылық,  үялшақтық, 

күдікшілдік  ж ағдайларға  сәйкес  келмейді.  Аффектінщ 

осылайша  асып-тасуы  жасырын  проблемалардың  бар 

екендігінің  белгісі,  осы  оқиға  қаншалықты  пациентте 

эмоциялы  мағынада  орын  алғанын  табуға  сараптаушыны

талпындырады.

Үғынудагы  түс  көру  және  фантазиялар  ерекше  қүнды 

әдістер  болып  саналады.  Аңдаусыз  сезім  мен  талпыныс 

көріністеріне  тікелей  қатысты  бола  түра,  олар  басқа  оір 

көрінбейтін  үғы н у  ж олы н  ашуы  мүмкін.  Ә ж ептәуір 

айқындалған кейбір түстер,  бірақ олар қүпия тілмен көрініс 

бергендіктен,  емін-еркін  ассоциациялар  арқылы  ған 

түсінікті  болады.

24—1530 

369


Айқын  сәттер  пациенттің  серіктестіктен  анадай  не 

мынадай  қорғаныс  айлаларына  бет  бүруын  үғынуға  жәр- 

демдеседі.  Кей  кезде  кездесетін  факт  ол  пациенттің  күреске 

түспеу  немесе  күреске  түсудің  тікелей  себептерін  айқын- 

дауы.  Блоктың  бар  екендігін  бақылау  арқылы  ғана  табуға 

болады,  ал  оның  себептерін  үғынуға  жәрдемдесетін  —  ол 

пациенттің  еркін  ассоц иац и ялары .  Егер  сараптаушы 

қарсылықты  үғынуда  үлкен  табысқа  жетсе,  ол  пациент 

жүрегіне  ауыр  тиетін  ж әне  олар  қорқытатын  факторлар 

туралы толығырақ білімге  ие болады  және  олар  тудыратын 

реакциялардың  табиғатын  да  тереңірек  түсіне  бастайды.

Осының бірі пациент қалдырып кетуге талпынған немесе 

оларды  бастай  салып  тоқтатқан  тақырыптар  көп  жағдай- 

дыц басын ашады. Егер пациент басқаларға өте айқын және 

сыншыл  келіп,  ал  сараптаушыға  қарасты  сынды  ойларын 

шығарудан  қашқақтаса,  онда  сараптаушы  кілттіц  шешімін 

иеленеді.

Осындай  түйіндердіц  барлығы  пациенттің  бүгінгі,  ер- 

теңгі  және  оның түлғалық  жеке  күштерін  біртіндеп  байла- 

ныстыруға,  бүкіл  өмір  суретін  қүрастыруға  сараптаушыға 

көмектеседі.  Пациенттің  сараптаушыға  қатынасын  және 

аналитикалық  жағдайларға  әсерін  тигізетін  факторларды 

үғынуға  осы  түйіндер  ғана  жәрдемдеседі.  Әр  түрлі  себеп- 

терге  байланысты  осы  қатынасты  неғүрлым  дәл  үғынған 

жөн.  Біріншіден,  егер  сараптаушыға  деген  жасырын  өкпе 

сол  бетімен  табылмаса,  ол  талдауды   толы қ  түрде  алға 

бастырмайды.  Егер  де  пациенттің  өз  ж ан  сырын  ашатын 

адамға  деген  жасырын  өкпесі  болса,  ол  қаншама  ниетті 

болса  да,  өзін  ашык,  ж ән е  емін-еркін  үстай  алмайды. 

Екіншіден,  пациенттің  сараптауш ыға  қатысты  сезімдері 

мен жауаптары басқа адамдарға деген қатынасынан ерекше 

болмағандықтан,  талдау  барысында  ол  ацдаусыз  түрде 

басқалармен  қарым -қаты настарда  көрсететін  иррацио- 

налды  эмоциялық  факторларды,  талпыныстар  мен  жауап- 

тарды  байқатады.  Басқа  адамдармен  қарым-қатынастың 

неден  бүзылатыны  және  соған  байланысты  пациентке  тән 

қандай  қасиет  бар  екендігі  осы  ф акторларды   біріктіріп 

зерттегенде  ғана  сараптаушыға  түсінікті  бола  бастайды. 

Ьіздщ  байқауымызша,  бүл  бүзылымдар  бүкіл  невроздын 

оасты  түиіні  болып  есептеледі.

Пациенттің  түлғалық  қүрылымын  біртіндеп  үғынуға 

ж әрдемдесетін  түйіндер  шын  мәнінде  ш ексіз.  Әрине, 

сараптаушы  оны  үқыпты  ойланып  қана  қоймай,  сонымен 

қатар тікелеи интуиция арқылы пайдаланады.  Басқа сөзбен 

итқанда,  сараптаушы  осы  болж ам ға  қалай  келетініне 

әрдаиым  түсінік  бере  алмайды.  Мысалы,  өз  тәжірибеме

370


қарасты  кей  кезде  жұмыс  барысында  мен  еркін  ассоциа- 

цияларымньщ  көмегінің  арқасында  тусінікке  келетінмін. 

Пациентті  тындағанда,  мен  бұдан  бүрынғы  оньщ  аитқан 

оқиғаларын  есімде  жаңғыртып,  қазіргі  жағдаида  оның 

қаншалықты  мағыналы  екендігін  алдын  ала  білмеитінмш. 

Немесе  басқа  пациентке  қатысты  жағдайлар  менщ  оиыма 

келуі мүмкін болатын. Осындай ассоциацияларды ешқаша 

тойтарып  тастамауым  маған  үйреншікті  және  олардь 

мүқият  қарастыру  пайдалы  болып  шыгатын.

Сараптамашы  санадан  тыс  факторлар  туралы  е 

көзқарасқа  ие  болған  кезде  ғана  кейбір  баиланыст  рд 

анықтауы  мүмкін.  Бүл  факторлар  тек  белгілі  к°ит 

орын  алады  және  қажет  болса  сараптамашы  паци 

интерпретациясын үсынады. Бүл еңбек психоаналит 

техника  туралы   трактат  (еңбек)  болмағандық 

интерпретацияның  шегі  мен  уақыт  таңдау 



өнвР 

сараптамаға  жатпағандықтан,  сараптамашы  ин  р  Р 

цияны  оның  пациенті  қабылдай  алатын  және  қ

жағдайда  ғана  оған  үсынады. 

типалы

Интерпретация  дегеніміз  —  мүмкін  мағы[Н 



Р'

болжамдар.  Олар  түрақты  сипатқа  ие  емес ж  

ИНтер-

тердің  оған  деген  реакциялары   әр  түрлі. 



^  насьш

претация  мәні  жағынан  сенімді  болса,  ол  онь ** 

жеткі-

нақтыдайтын  ассоциацияларды  тудырып,  мақ 



„ы 

зеді.  Болмаса пациент  оны  тексертіп,  бертш  келе  башлауы

мүмкін.  Егер  интерпретация  жартылаи  шь 

-

пациенттің  бірге  жүмыс  істеуіне  баиланы^



 

и  УРей,


жаңа  бағыт  бере  алады.  Сондай-ақ  интеР^Р  папиенттін 

қорғаныс  реакциясын 

т у д ы р у ы  

мүмкін.  Мү 



Д

 



еске

алдыңғы  тарауда  инсайтқа  байла^ ™

 

сараптамаш ы ны н 



алғаны жөн.  Реакция қандаи болғанда да cap 

калуы


мақсаты -   оларды түсініп,  олардан

Психоанализ  табиғаты  -   бүл  біржкен  ж ^ ш с,  ш ш д а  

те,  сараптамашы  да  пациент  мәселесін  ту 

У , 


ашүға 

лады.  П ациент  сараптамаш ынын  алдынд 

.

тырысады,  ал  сараптамаш ы  оны  бақьіЛ'а  д^ 



^  

ш



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет