М. К. Ахметова Мәтінді талдау сатылары т (1) жоғары сынып


-саты. Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасау



бет3/9
Дата15.11.2023
өлшемі366,45 Kb.
#123628
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-саты. Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасау.

  • Мәтіннің түрін, жанрлық сипатын анықтау (проза, поэзия, драма).

Бейнелі тілмен көркем қиялдан туындаған оқиға баяндалғандықтан, көркем мәтін түріне жатады. Қара сөзбен жазылған прозалық шығарма, роман. Талданып отырған мәтін бөлігі – романнан алынған үзінді. Авторы белгілі. Роман көпшілік оқырман қауымға (ересектерге) арналған.



  • Мәтіннің сөйлеу формасын ажырату (ауызша, жазбаша, монолог, диалог, полилог).

Бұл хатқа түсірілген, таңбаланған, жазылған сөз, сондықтан жазбаша сөйлеу формасына жатады. Мәтін автордың жеке баяндауы ретінде монолог түрінде берілген.



  • Мәтіннің көлемдік-прагматикалық ұйымдасуын талдау (том, кітап, тарау, тарауша, абзац).

Тұтастай алғанда, «Ақбілек» романы төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім өзі ішінде «Ақбілек», «Бекболат», «Офицер», «Мұқаш» секілді бірнеше тақырыптарға бөлінген. Екінші бөлімде бірнеше бөлектеулер болғанымен, бірінші бөлімдегідей арнайы тақырыптар қойылмаған. Үшінші бөлім «Қайғы», төртінші бөлім «Махаббат» аталып, соған сәйкес мазмұнды қамтыған.
Талданып отырған «Бекболат» тақырыбындағы мәтін бөлігі бірінші тараудың екінші бөлімшесінен алынған. Мәтін үзіндісінде үш абзац бар. Олар бір-бірімен логика-семантикалық, тілдік жағынан байланысқан. Алғашқы абзацта Бекболатқа қатысты берілген негізгі ой, оның портреті мен қасиеті екінші, үшінші абзацтарда отбасына қатысты қосымша мәліметтермен (оның бұрын байдың баласы болғандығы, қазір тұрмыстарының орталанғаны, әкесінің беделді қызметтерді атқарғаны, ағасы мен інісінің бар екені, анасының қайтқаны, әкесінің екінші рет отасқаны туралы ақпараттармен) толықтырылып, ашыла түскен.



  • Мәтіннің композициялық құрылымын талдау: бастауы, дамуы, қорытуы.

Мәтіннің бастауы – 1-абзацтағы 3-сөйлем. Атым – Бекболат. Мәтінге жаңа кейіпкерді енгізіп, есімін оқырманға таныстырып, мәтіндегі ойдың осы Бекболат төңірегінде дамуына ықпал етіп тұр.
Мәтіннің дамуы – 1, 2, 3-абзацтардағы сөйлемдер. Бұл бөлікте Бекболаттың кім екенін жан-жақты ашатындай ақпарат қамтылған. Сол арқылы оқырманның қабылдауында Бекболаттың бейнесі қалыптасады.
Мәтіннің қорытуы – 3-абзацтағы соңғы сөйлем. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. Кейіпкердің отбасында қалыптасқан қазіргі жағдай Бекболаттың бағалауы тұрғысынан берілген.


1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет