8.
Ауыстыру, оқуға қайтадан қабылдау, оқудан шығару және академиялық
демалыс беру саясаты
8.1.
Білім алушы ауысу, оқуға қайтадан қабылдану, оқудан шығужәне академиялық
демалыс алу құқығына ие.
8.2.
Білім алушыларды ауыстыру бір ББ-дан басқасына, бір оқу формасынан басқасына,
бір жоғарғы оқу орнынан басқасына, бір оқу тілінен басқасына, ақылы оқудан білім
грантына және керісінше, курстан курсқа ауыстыру түрінде жүзеге асырылады.
8.3.
Ауыстыру процедурасы каникул уақытында ғана жүзеге асырылады.
8.4.
Ауыстыру СТҚКО-ға берілген, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының атына
жазылған өтініштің негізінде жүзеге асады.
8.5.
Білім алушы басқа ЖОО-ға ауысқан кезде СТҚКО-ға М. Қозыбаев атындағы СҚУ
ректорының атына ресімделген кету қағазы менауысу жоспарланған ЖОО-ның
жазбаша келісімі қоса берілген ауысу туралы өтініш береді. Өтініш кезекті
академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей берілуі
керек.
8.6.
Басқа жоғарғы оқу орнынанауысқан білім алушы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға
ауысу жөніндегі өтінішін СТҚКО-ға академиялық кезең басталғанға дейін 5 күннен
кешіктірмей беруі керек.
8.7.
Білім алушы ақылы оқудан конкурстық негізде білім беру грантына ауысу жөніндегі
өтінішін жазғы каникул уақытында 30 шілдеге дейін, қысқы каникул уақытында 10
қаңтарға дейін СТҚКО-ға береді.
48
8.8.
Білім алушы бір ББ-дан басқасына, бір оқу формасынан басқасына, бір жоғарғы оқу
орнынан басқасына, бір оқу тілінен басқасына ауысқанда кезекті академиялық кезең
(семестр) басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей СТҚКО-ға ауыстыру туралы
өтініш береді.
8.9.
Білім алушының кеш берілген ауыстыру туралы өтінішін СТҚКО қабылдамайды
және қарастырмайды.
8.10.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы
аясында («Серпін-2050»), сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға квота бойынша
түскен білім алушылар басқа оқу орнына тек ақылы түрде ауыстырылады.
8.11.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушы басқа ЖОО-дан ауысқан кезде дайындық
бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім
алушының академиялық адалдыұты бұзу жағдайларын ескереді.
8.12.
Білім алушы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға бірінші академиялық кезеңді толық
аяқтаған, яғни транскриптіге сәйкес кем дегенде 30 академиялық кредит немесе 900
академиялық сағатты игерген кезде ауыса алады.
8.13.
Басқа ЖОО-дан М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауысқысы келетін білім алушы
транскриптіде немесе академиялық анықтамада 16 кредиттен артық қарызы бар
немесе саны 3-тен артық F, FХ бағасы болса, университетке қабылданбайды.
8.14.
Басқа оқу орнынан ауысқан кезде білім алушының 5 кредиттен артық академиялық
қарызы немесе академиялық айырмашылығы болса, бітіру курсына қабылданбайды.
8.15.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының
топтарынан басқа білім беру бағдарламаларының топтарына ауыстыру белгіленген
шекті ұпайдан төмен емес ұпайы бар ҰБТ сертификаты болған кезде ғана жүзеге
асырылады.
Білім алушыларды шетелдік ЖОО-дан М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауыстыру
университеттің тиісті білім деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы
бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бар және (немессе) білім беру
саласындағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше
мемлекеттердің
аккредиттеу
органдарының
тізілімдеріне
және
(немесе)
қауымдастығына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу
органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар білім беру
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
8.16.
Ақылы оқудан білім беру грантына ауыстыру ҚР БжҒМ нормативтік талаптарына
сай бос орындар болған кезде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
8.17.
Курстан курсқа ауыстыру ректордың бұйрығымен жүзеге асады. Ректордың
бұйрықтары фокультет декандарының ұсыныстарының негізінде жасалады. Бірінші
бұйрық шілде айында жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша
шығарылады. Екінші бұйрық жазғы семестрдің қорытындысы бойынша 25 тамызға
дейін шығарылады.
8.18.
Білім беру саласындағы 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
(медицина) ББ қоспағанда, барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім
алушыны курстан курсқа (бітіру курсынан басқа) ауыстыруға жеке оқу жоспарының
орындалуы және оқу ақысын төлеу бойынша қарыздарының болмауы негіз болып
табылады. 16 академиялық кредиттен артық академиялық қарызы бар білім алушы
курстан курсқа ауыстырылмайды.
8.19.
Білім алушыны білім беру саласының 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қамтамасыз ету (медицина) ББ бойынша курстан курсқа ауыстыруға жеке оқу
49
жоспарын орындауы, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да белгіленген межеден төмен
емес үлгерімнің орташа балын (GPA) жинауы және оқу ақысын төлеу бойынша
қарыздарының болмауы негіз болып табылады. 16 академиялық кредиттен артық
академиялық қарызы бар немесе ЖОО-да белгіленген межеден төмен үлгерімнің
орташа балын (GPA) жинаған білім алушы курстан курсқа ауыстырылмайды.
8.20.
5 кредиттен артық академиялық қарызы бар білім алушы бітіру курсына
ауыстырылмайды.
8.21.
Оқу ақысын төлеу бойынша қарызы бар ақылы түрде оқитын білім алушы курстан
курсқа ауыстырылмайды.
8.22.
Келесі курсқа ауыстырылмаған білім алушы қайта оқу курсына қалады немесе
академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.
8.23.
Курста қайта оқуды ресімдеу үшін білім алушы 25 тамызға дейін СТҚКО-ға
ректордың атына өтініш береді. Білім алушының өтініші негізінде курста қайта оқу
туралы ректордың бұйрығы шығарылады.
8.24.
Қайта оқуға өтініш бермеген білім алушы академиялық үлгерімінің төмендігі үшін
факультет деканының ұсынысы негізінде ректордың бұйрығымен 26 тамызға дейін
оқудан шығарылады.
8.25.
Алып тасталды.
8.26.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз
ету (медицина) ББ бойынша курстан курсқа ауысу үшін білім алушылар үлгерімінің
орташа ұпайы төмендегідей анықталған:
2 курсқа – кемінде 2,5;
3 курсқа – кемінде 2,7;
курсқа – кеміңде 2,9;
курсқа – кемінде 3,0.
8.27.
Мемлекеттік грант иегері болып табылатын қайта курсқа қалдырылған білім алушы
білім беру грантынан айырылады және оқуын ақылы түрде жалғастырады.
8.28.
Бірінші академиялық кезеңді аяқтамаған, яғни 30 академиялық кредитті игермеген
тұлғалардан басқа білім алушы бір жоғары оқу орнынан басқасына, бір оқу
формасынан басқасына, бір ББдан басқасына, бір оқу тілінен басқасына жұмыс оқу
жоспарындағы академиялық айырмашылықты тапсыру арқылы оқу қайта қабылдана
алады.
8.29.
Білім алушы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дан шығарылған мерзіміне қарамай оқуға
қайта кіре алады.
8.30.
Бір оқу жылынан астам уақыт бұрын қорытынды аттестаттауға келмегендіктен
немесе қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» (F, Fx)
баға алғандықтан оқудан шығарылаған білім алушы бітіру курсына оқуға қайта
қабылдану кезінде қолданыста болған ББ типтік оқу жоспары бойынша қайта
қабылданады. Академиялық айырмашылығы 18 академиялық кредиттен артық
болмаған жағдайда білім алушы айырмашылықтың соңғы академиялық кезеңіне
(семестріне) қайта қабылданады. Академиялық айырмашылығы 18 академиялық
кредиттен артық болған жағдайда білім алушы соңғы оқу курсына қайта
қабылданады. Академиялық айырмашылығы болмаған жағдайда білім алушы
қорытынды аттестаттауға қайта қабылданады.
8.31.
Оқуға қайта кіру процедурасы демалыс уақытында ғана жүзеге асырылады.
50
8.32.
Оқуға қайта қабылдау білім алушының М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының
атына берген өтініші негізінде жүргізіледі. Ол СТҚКО-ға беріледі.
8.33.
Оқуға қайта қабылданғанда білім алушы кезекті академиялық кезең басталғанға
дейін бес күннен кешіктірмей СТҚКО-ға қайта қабылдау туралы өтініш береді.
8.34.
Білім алушылардың мерзімінен кеш берген қалпына келтіру туралы өтініштерін
СТҚКО қабылдамайды және қарастырмайды.
8.35.
Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушы төлем
бойынша қарызды өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта
ішінде қайта қабылданады. Қайта қабылдау білім алушының М. Қозыбаев атындағы
СҚУ ректорының атына берген өтініші негізінде жүргізіледі. Ол СТҚКО-ға беріледі.
Білім алушылардың оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта өткеннен кейін
берген қалпына келтіру туралы өтініштерін СТҚКО қабылдамайды және
қарастырмайды.
8.36.
Білім алушы университеттен келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін: өз қалауы
бойынша; басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты; Ішкі тәртіп ережелерін
және М. Қозыбаев атындағы СҚУ Жарғысын бұзғаны үшін; негізгі білім беру
қызметтерін көрсетуге арналған шарттың талаптарын орындамағаны үшін; дәлелді
себепсіз академиялық демалыс біткеннен кейін 15 күн ішінде шықпағаны үшін;
академиялық үлгермегені үшін; қорытынды аттестаттауға келмегені үшін немесе
қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» (F, FХ) бағасын
алғаны үшін; бір академиялық кезеңде дәлелді себептерсіз 40 және одан да көп
академиялық сағат көлеміндегі сабақты босатулары үшін; бірінші академиялық кезең
ішінде нострификациялау немесе шетелдік дипломды тану рәсімінен өтпеген үшін;
СҚУ-дың студенттік жатақханаларында тұру ережелерін бұзғаны үшін; М. Қозыбаев
атындағы СҚУ-дың Академиялық адалдық ережелерін бұзғаны үшін; қайтыс болуға
байланысты; оқу сабақтарына уақытында бармағаны үшін; құжаттың түпнұсқалығын
анықтау жөніндегі сараптама туралы қаулының негізінде алдыңғы білімі туралы
жалған құжаттар ұсынғаны үшін;
ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған,
ақылы негізде университетке қабылданған білім алушылар, егер бірінші немесе
екінші академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін белгіленген мерзімде бір жыл
ішінде ҰБТ-ны қайта тапсыру кезінде шекті ұпай жинамаса немесе осы ҰБТ-ға
келмесе, университеттен шығарылады.
8.37.
Білім алушы өз қалауы бойынша ректордың атына СТҚКО-ға берілген жеке өтініші
негізінде оқудан шығарылуы мүмкін.
8.38.
Ақылы негізде білім алушы өз еркі бойынша оқудан шығару туралы СТҚКО-ға
өтініш берген күнге дейінгі кезеңгебілім беру қызметі үшін толық ақы төлеуі тиіс.
8.39.
Білім алушыны басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты оқудан шығару
білім алушының жеке өтініші және білім алушы ауысып жатқан ЖОО-ның жазбаша
келісімі негізінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен басқа ЖОО-
ға ауысу туралы өтініш жазылған күннен бастап жүргізіледі.
8.40.
Білім алушына негізгі білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың
талаптарын орындамағаны, дәлелді себепсіз академиялық демалыс біткеннен кейін
15 күн ішінде шықпағаны, академиялық үлгермегені, қорытынды аттестаттауға
келмегені
немесе
қорытынды
аттестаттау
нәтижелері
бойынша
«қанағаттанарлықсыз» (F, FХ) бағасын алғаны, бір академиялық кезеңде дәлелді
себептерсіз 40 және одан да көп академиялық сағат көлеміндегі сабақты босатқаны,
қайтыс болуға байланысты, құжаттың түпнұсқалығын анықтау жөніндегі сараптама
туралы қаулының негізінде алдыңғы білімі туралы жалған құжаттар ұсынғаны үшін,
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Академиялық адалдық ережелерін бұзғаны үшін оқудан
51
шығару М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен факультет деканының
ұсынысы негізінде жүргізіледі.
8.41.
Факультет деканы ректордың атына білім алушыны оқудан шығаруға келесі
мерзімде ұсыныс дайындайды: негізгі білім беру қызметін көрсету шартының
талаптарын орындамағаны үшін емтихан сессиясы аяқталған сәттен бастап 5 күн
ішінде; білім алушы академиялық демалыстан дәлелді себепсіз шықпаған жағдайда -
академиялық демалыс аяқталған сәттен бастап 16 күн ішінде; бір академиялық
кезеңде аудиториялық оқу сабақтарының 40 және одан да көп академиялық
сағаттарын себепсіз босатқаны үшін - осы фактіні анықтаған сәттен бастап 3 күн
ішінде; қорытынды аттестаттауға келмегені немесе қорытынды аттестаттау
нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» (F, Fx) бағасын алғаны үшін -
қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталған сәттен бастап 5
күн ішінде; академиялық үлгермегені үшін - емтихандық сессия аяқталғаннан кейін
5 күн ішінде; қайтыс болуына байланысты - туысқандары білім алушының қайтыс
болғаны туралы куәлікті ұсынған сәттен бастап 2 күн ішінде; құжаттардың
түпнұсқалығын анықтау жөніндегі сараптама туралы қаулы негізінде алдыңғы білімі
туралы жалған құжаттарды ұсынғаны үшін – уәкілетті орган қаулы берген сәттен
бастап 2 күн ішінде; М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Академиялық адалдық
ережелерін бұзғаны үшін - Академиялық адалдық ережелерін бұзу анықталған
сәттен бастап 10 күн ішінде.
8.42.
Факультет деканы білім алушының қайтыс болғаны туралы куәландыратын мән-
жайлар ашылған сәттен бастап 1 күн ішінде ректордың атына өтемақы төлемдерін
немесе оқу ақысын төлеуді тоқтату туралы қызметтік хат береді.
8.43.
Факультет деканы немесе бөлімше жетекшісі ректордың атына білім алушыны
оқудан шығаруға келесі мерзімде ұсыныс дайындайды: Ішкі тәртіп ережелері мен М.
Қозыбаев атындағы СҚУ Жарғысын бұзғаны үшін – жағдай анықталған күннен
бастап 3 күн ішінде; М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенттік жатақханаларында
тұру ережелерін бұзғаны үшін – жағдай анықталған күннен бастап 3 күн ішінде.
8.44.
ЖОО-дан шығарылған білім алушыға ректор қол қойған және мөрмен бекітілген
транскрипт жазылады. Транскриптке «қанағаттанарлықсыз» баламасына сәйкес
келетін FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау (емтихан) бойынша
алған барлық бағаларын көрсете отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері
және (немесе) модульдері міндетті түрде жазылады.
8.45.
Академиялық демалыс білім алушыға келесі негізде беріледі: ауырған жағдайда
амбулаториялық-емханалық
ұйым
жанындағы
дәрігерлік-консультациялық
комиссияның (ДКК) М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың дәрігерлік пунктінде
расталған қорытындысы негізінде 6 айдан 12 айға дейін; туберкулезбен ауырған
жағдайда
туберкулезге
қарсы
ұйым
жанындағы
Орталық
дәрігерлік-
консультациялық комиссияның (ОДКК) шешімі негізінде 36 айдан аспайтын
мерзімге; әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде; бала туғанда немесе
асырап алған жағдайда бала үш жасқа толғанға дейін.
8.46.
Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы М. Қозыбаев атындағы СҚУ
ректорының атына өтініш жазып, осы Ережелердің 8.45 тармағында көзделген
құжаттарды СТҚКО-ға ұсынады.
8.47.
Берілген құжаттардың негізінде студенттік бөлім бір жұмыс күнінің ішінде білім
алушыға басталу және аяқталу мерзімі көрсетілген академиялық демалыс беру
жөнінде бұйрық шығарады.
8.48.
Алып тасталды.
52
8.49.
Ауруына байланысты академиялық демалыста болған білім алушы академиялық
демалыстан шығу үшін ректордың атына өтініш береді және науқасты қадағалаған
Денсаулық сақтау ұйымынан дәрігерлік-консультациялық комиссияның осы ББ
бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар (СҚУ-дың
дәрігерлік пунктінде расталған) анықтамасын ұсынады. Әскери қызметке
шақырылуына байланысты академиялық демалыста болған білім алушы ҚР Қарулы
Күштерінде қызмет өткеру мерзімі аяқталғаннан кейін оқуды жалғастыру туралы
өтініш және әскери билеттің көшірмесін береді; жүктілігі және босануы бойынша, 3
жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс аяқталған соң, білім алушы
академиялық демалыстан шығу туралы өтініш береді, оған баланың туу туралы
куәлігін қоса береді.
8.50.
Студенттік бөлім 8.49 тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде үш
жұмыс күні ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық
шығарады.
8.51.
Алып тасталды.
8.52.
Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы осы демалысты ресімдеген
курстан (академиялық кезеңнен) немесе төмен курспен оқуын жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |