4
түсіндіру; тарихи проза дәстүрі туралы мағлұмат беру мақсаты
қойылған.
Осымен байланысты әдеби жұмыс пен шығармашылық
психологияның негізгі кезеңдері туралы түсінік беру; тарихи
шығармалардың қоғамдық маңызына және идеялық-кӛркемдік
мазмұнына этикалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қарауға үйрету; тарихи роман генезисі, оның жанрлары,
танымдық мазмұны, кӛркем-суреттеу құралдары мен сюжеттік-
композициялық ерекшеліктері туралы білім беру; тарихи роман
жазу жұмысы мен шығармашылық психологияның негізгі
кезеңдері туралы мағлұмат беру міндеті айқындалған.
Оқу құралында берілген материалдар білім алушыларға
әдебиеттегі ағымдар мен бағыттардың зерттелу принциптері,
шығармадағы кӛркемдік әдістер, кӛркем-суреттеу құралдары
мен
сюжеттік-композициялық
ерекшеліктері,
әдебиет
тарихының негізгі кезеңдері туралы білім беруге, І.Есенберлин,
Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, Қ.Мұханбетқалиұлы және т.б.
жазушыларымыздың тарихи романдарын талдау мысалында
кӛркем шығарма құрылысы мен әдеби процесс құбылыстарына
эстетикалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарауды
үйретуге, әдеби жұмыс пен шығармашылық психологияның
негізгі кезеңдері туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: