11
революциядан кейін осы ел дамудың салыстырмалы
тұрақтылығына қол жеткізіп, тарихты жаңадан қабылдап, тану
объективті тарихи баяндау арқылы жүзеге асырыла бастады.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи прозаның қалыптасуы туралы
академик С.Қирабаев «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» атты
қысқаша очеркінде: «Қазақ прозасының бұл кезеңдегі ірі
табыстарын роман жанрынан кӛруге болады. Ол ӛзінің бұрнғы
озық дәстүрін жалғастырды... Бұл дәуірде негізінен тарихи
роман ӛзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің
алдына шықты. Халықтың ӛткен тарих пен оның негізгі
оқиғалары, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының
таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған
азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың
оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да
коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді», –
деп тұжырымдайды.
Тарихи романдар – отансүйгіштік тәрбие құралы, ӛскелең
ұрпақ тарих қойнауында қалған тағдырымыз бен тарихи
тұлғаларымыздың кӛркем
бейнесі
бедерленген
кӛркем
шығармаларды оқу арқылы ерлік пен елдікке, батырлық пен
батылдыққа, жігерлілік пен намысшылдыққа тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: