М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


К2. КөлІК ТЕхниКАСын ЖөндЕу ТЕхнОлОГияСы БОйыншА нЕГІзГІ ТЕРМиндЕР МЕн АнықТАМАлАР



бет9/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142

К2. КөлІК ТЕхниКАСын ЖөндЕу ТЕхнОлОГияСы БОйыншА нЕГІзГІ ТЕРМиндЕР МЕн АнықТАМАлАР




Ағымдағы жөндеу жұмыстары – көлік техникасының жұмысқа жарамдылығы немесе қамтамасыз етілуі және басқа бөлшектерін қалпына келтіру үшін орын ауыстыру барысында орындалатын жөндеу жұмыстары.
Ақау – нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу.
Аралық жөндеу кезеңі – көлік техникасының жөндеу жұмыстары немесе техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерінің аралығындағы істелген жұмыстар.
дайындық коэффициенті – бақылаудағы нысандардың жұмыс істеу жағдайының қорытынды уақытының осы нысандар саны мен пайдалану ұзақтығының (жоспарлы жөндеу мен техникалық күтуді жүргізерде кеткен тұрып қалуды есептемегенде) көбейтіндісіне қатынасы.
детальдарды дефектациялау – детальдардың әріқарай пайдалануға жарайтын-жарамайтынын анықтауға арналған олардың техникалық жағдайына түгел бақылау жасау.
диагностика – нысанның техникалық жағдайын анықтауға арналған теорияны, әдістерді және құралдарды қамтитын сала.
дұрыс жағдай – көлік техникасының нормативті-техникалық және конструкторлық (жобалық) құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайы.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары – нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарымен жоспарлы түрде қарастырылған жөндеу.
Жөнделетін нысан – тоқтап қалған немесе ақаулардың жөндеуге келетін жағдайлардағы жөнделуі мен жұмысқа жарамдылығы.
Жөнделмейтін нысан – тоқтап қалу немесе ақаулардың пай- да болған жағдайда жөнделуімен жұмысқа жарамдылығының қайта қалпына келмейтіндігі.
Жөндеу жұмыстары – машинаның жұмысқа жарамдылығы немесе дұрыстығын қалпына келтіру және оның ресурстарын немесе құрамды бөліктерін орнына келтірудегі операциялар кешені. Операциялардың бұл кешеніне: бөлшектеу, тазалау, жағдайды бақылау, бөлшектерді қалпына келтіру, жинау, реттеу, монтаждау кіреді.
Жөндеу жұмысының көлемі (атқарылатын міндетті жұмыстар- дың көлемі) қалпына келтіру, тексеру немесе құрастырмалы бірлік- тер мен бөлшектерін ауыстырудағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі бойынша орындалатын операциялар тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет