Қолдану көрсетілімдері:науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде.
Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
Қолдың тырнақтарын алыңыз.
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.
Дайындаңыз:клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.