Мақал-мәтелдер тағылымы



Pdf көрінісі
бет62/63
Дата07.01.2022
өлшемі313,07 Kb.
#20106
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
 

 

 

Абай сөздері 

Адамның  адамшылығы  істі  бастағандығынан  білінеді,  қалайша 



бітіргендігінен емес. 

*  


Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 

Хикмет  сөздер  өзімшіл  наданға  айтқанда,  көңіл  уанғаны  да  болады, 



өшкені де болады. 

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі 



адамды бұзады. 

Ер  артық  сұраса  да,  азға  разы  болады;  ез  аз  сұрар,  артылтып  берсең 



разы болмас. 

Егер ісім өнсін десең, ретін тап. 



Жаман дос – көлеңке: 

   

Басыңды күн шалса, 



   

Қашып құтыла алмайсың; 

   

Басыңды бұлт алса, 



   

Іздеп таба алмайсың... 

Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 



нәрселермен озады. 

Аллатағала  –  өлшеусіз,  біздің  ақылымыз  өлшеулі.  Өлшеулімен 



өлшеусізді білуге болмайды. 

...Кім  өзіңе  махаббат  қылса,  сен  де  оған  махаббат  қылмағың  қарыз 



емес пе?  

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. 



Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық  деп білсін. 

Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы иттігіңді ішіңнен  өз 



мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. 

   * 


Егерде  есті  кісілердің  қатарында  болғың  келсе,  күнінде  бір  мәртебе, 

болмаса жұмасында бір, ең болмағанда айында бір өзіңнен өзің есеп ал! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет