159
37. Бұйрық райдың жұрнағын көрсетіңіз. «Бар...»
а) –сын
ә) –ғалы
б) –са
в) –ар
38. Бұйрық райлы сөзді көрсетіңіз.
а) жазған
ә) күлер
б) айтайын
в) барса
10. Менің отаным – Қазақстан
Лексикалық тақырып: Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.
1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр. Республика
шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал
солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып
жатыр. Қазақстанның ұлан - байтақ жерімен көптеген елдер шектеседі. Шекараның
ұзындығын нақты айтқанда, Ресеймен – 6467 шақырым, Өзбекстанмен – 2300,
Түрікменстанмен – 380, Қырғызстанмен – 980, Қытаймен – 1460, Каспий теңізі
жағалауы – 600 шақырым. Демек, шекарамыздың жалпы ұзындығы – 12187
шақырымға созылып жатыр. Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.
Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Қазақстан Республикасы- тәуелсіз
мемлекет. Осынша ұлан-байтақ жерді, небір нәубет заманда қазақтың хандары
мен батырлары қаны мен жандарын салып қорғап қалды. Қазақстан жері пайдалы
қазбаларға бай, орман - тоғайлары, өзен көлдері, асқар таулары да бар. Жері өте
үлкен болғандықтан ауа-райы әр жерінде, әр түрлі болады. Солтүстіктің қысы
суық, жазы салқын, батыс пен шығыста, орталықта қыс суық, жазы ыстық болады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан
бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел.
Достарыңызбен бөлісу: