Мақсаты: : Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Күтілетін нәтиже: 1


ІІ. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері туралы слайдтармен жұмыс



бет3/4
Дата22.01.2023
өлшемі31,71 Kb.
#62333
1   2   3   4
ІІ. Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері туралы слайдтармен жұмыс
Слайдтан " Іс-әрекеттегі зерттеу неден басталады? ", "Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізеді?» тәрізді ашық сұрақтарғажауап іздейік. Нәтижесінде зерттеу жүргізутүсіндірме арқылы ұсынылады.
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдары: (Элейн Уилсон)
1. Іс-әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек?
Проблемадан бастау керек, проблема- бұл сені толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?
2. Проблема туралы мәлімет жинау. Бұл – біз проблеманы байқаған жеріміз.
3. Өзгеріс енгізу мақсаты мен нысанын анықтау. Мақсат- бұл сіз неге жеткіңіз келеді? 
4. Өзгеріс енгізуді жоспарлау -ойларымызды, әдістемелерімізді жетілдіреміз. Сабақ жоспарын жазғанда оқыту үдерісіне қатысты қажетті әдістерді таңдап, әзірлеу керек.
5.Дәлелдемелер жинаймыз. Ойланайық, мен дәлелдемелер қалай жинаймын? Мен өзгерістер жайлы қалай білемін?
6. Нәтижені бағалау. Не сәтті болды, не сәтсіз болды анықтаймыз. Күтілетін нәтиже орындалды ма? Мақсатқа жеттік пе? Нені жақсарту керек?
7. Нәтижеге бірден жете алмаймыз, сондықтан іс-әрекетті бірнеше рет нәтижеге жеткенше қайталау керек.
8. Іс-әрекеттегі зерттеуді нәтижесі мектепте, желілік қауымдастықта таратылады.


ІІІ. Мұғалім іс-әрекеттегі зерттеуді қалай
жоспарлайды?


Коуч өз тәжірибесінен үлгі ретінде жоспарын ұсынады.
Іс-әрекетті жоспарлау үлгісі.
Проблема:Оқушылардың математикадан математикалық сауаттылығының төмендігі.
Тақырып:Жазу арқылы оқушылардың математикадан сауаттылығын қалай арттыруға болады?
Зерттеу сұрағы:Жазу арқылы бала математикалық ойды, пікірді толық жеткізе ала ма? Жазудың математика сабақтарында ролі қандай?
Мақсаты:Оқушылардың жазу арқылы дамуының тәсілдерін, жолдарын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Оқушы жазудың маңыздылығы – математикадан сауаттылығын арттыруға қажет екендігін сезіне біледі.


Нәтижені талдау:

Бақылау нәтижесі мен деректерді талдай отырып. рефлексия жүргізу.
Жоспарды қайта құрып, циклды қайталау: Зерттеуден туындаған сұраққа жауап беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет