Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру


Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар! Екеуі



бет3/6
Дата10.02.2023
өлшемі28,06 Kb.
#66709
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар!
Екеуі:
Сәлеметсің бе қоян!
Қоян:
-Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.
Қоян:
А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.
Екеуі:
Кел онда, оқысақ оқиық.
Тиін:
-Сәлеметсіңдер ме достарым!
Үшеуі:
Сәлеметсің бе тиін!
Тиін:
Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?
Үшеуі:
Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.
Тиін:
Онда бірігіп оқиық.
Үшеуі:
Оқысақ оқиық!
Төртеуі:_-Сәлеметсің_бе_Тышқан_досымыз!_Тышқан'>Тышқан:
-Сәлеметсіңдер ме достарым!
Төртеуі:
-Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!
Тышқан:
-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?
Төртеуі:
Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.
Тышқан:
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!
Төртеуі:
Оқысақ оқиық!
Аю:
-Менің ойымша бұл- «бал» деген жазу
Түлкі:
-Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген жазу.
Қоян:
-Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген жазу.
Тиын:
-Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу
Тышқан:
-Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен а?
Әліппе:
-Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?
-Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға оқып көмектесейік.
Балалар: 
Мек- теп.
Аңдар:
Мектеп? Мектеп деген не?
Әліппе:
-«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «Ә» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.
Ән: « Үйретеді мектепте»
Назерке:
Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы ,
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет