Математикалық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата02.02.2023
өлшемі2,13 Mb.
#64534
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Жауабы: 100352 тг. 
№2. Автобуста жүру бағасы 80 теңге, оқушыларға 30% жеңілдікпен
берілді. Анасы өзіне және үш оқушы баласына қанша теңге төлейді?
Шешуі: Билет 30% жеңілдікпен сатылғанда оның бағасының 70%-ы 
қалады. Оқушы билеті 80 ·0,7 =56 тг. Онда анасы барлығына 
80+3*56 = 80 + 168 =248 тг төлейді. 
Жауабы: 248 тг . 
№3. Оқу жылының басында әмбебап дүкені 35% жеңілдік жасады.
Жеңілдікке дейін дәптер 360 тг., блокнот 800 тг., калькулятор 1300 тг болса,
онда жеңілдікпен дәптер, блокнот, калькулятор қанша тұрады?
Жауабы: Жеңілдікке дейінгі олардың бағаларының қосындысы:
360 + 800 + 1300 =2460 тг. Олар 35% жеңілдікпен сатылғанда оның
бағасының 100 – 35 = 65 %-і қалады.Онда 2460 *0.65 = 1599 тг. 
Жауабы: 1599 тг. 
№4. Алманың бір килограммының бағасы 400 тг, апельсиндікі 600 тг. 
Дүкен акция жариялады. 4 кг-нан көп алғандарға сатып алғандарының
құнының 15% жеңілдік. 3 кг алма және 2 кг апельсин алған Мақпал қанша
теңге төледі?
Шешуі: Мақпал 3+2=5 кг жеміс алды, онда оған 15 % жеңілдік бар. 
Жеңілдіксіз бағасын табайық: 3*400 +2*600=2400 тг., 15% жеңілдікпен 
сатылғандағы төлем сомасы 2400* 0,85 = 2040 тг.
Жауабы: 2040 тг. 
№5. Дүкен барлық аяқ киімдерге 20% акция жариялады. Анасы
баласына жеңілдіксіз біреуінің бағасы 25000 тг тұратын екі аяқ киім алды. 
Жеңілдікпен анасы қанша төлейді? 


Шешуі: Екі аяқ киім жеңілдіксіз 50 000 тг. Онда 20% жеңілдікпен
төлем сомасы: 50000 * 0,8 =40 000 тг.
Жауабы: 40 000 тг. 
№6. Телефон үшін абоненттік төлем ай сайын 1100 тг. Келесі жылы
ол 15%-ке көтеріледі. Келесі жылы абоненттік төлем үшін қанша теңге
төлейді?
Шешуі: 1100 теңгенің 15%-ын тауып, 1100-ге қосамыз немесе 1100-
ді 15-ке көбейтеміз.
1100*0,15+1100 = 165 + 1100 = 1265 тг. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет