Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012



бет23/39
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#11903
түріМазмұндама
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
АЛҒАШҚЫ ҚАР
Ботакөз ерте тұрды. Қардың жауатын кезі болса да, аспаннан ақ ұлпа түспей-ақ қойды. Қараша айы аяқталып, желтоқсанның бірінші аптасы да аяқталуға тақау. Қар жоқ. Ботакөз алғашқы қарды асыға күтті.
Мектепке барарда жылы киініп, аяғына етігін киіп алды. Былтырғы етігі биыл да жарап тұр. Ұқыпты кигендіктен болар, әлі де судай жаңа. Сырмалары сусып, киіп шешкенде оп-оңай ағытылды.
Түске таман күн суытты. Ап-ашық аспанды әп-сәтте қара бұйра бұлт қымтады. Төңірек түнере қалды. Ботакөз үйге жеткенше асықты. Сабақтан келуін күткен әжесі есік ашылысымен:

– Ботакөз, келдің бе? – деді.

– Ия, әже, менмін, – деді де Ботакөз аяз қарыған қолын жылы пеш үстіне жақындата түсті.

– Бері келе ғой, – деп әжесі Ботакөздің алмадай қызарған екі бетін, қолдарын алақанымен уқалай бастады.

Түскі тамағын ішкен соң, Ботагөз ыстық бөлме ішінде балбырап ұйықтап қалды. Көзін ашса сағат үштен асып кетіпті. Сыртқа шығып, беті-қолын жуды. Содан соң, беймарал сабағын орындауға кірісті.

Бір кезде әжесі:

–Қар жауады-ау. Аспаннан ақ ұлпалар түсе бастады, – деп үйге кірді. Ботакөз терезе сыртына көз салды. Дала қараңғы. Электр жарығы жарқырап тұрған тұста баданадай аппақ қарлар жере асыға төгілуде.

Ботакөз қыстың әсем көрінісіне қадалып, ұзақ қарады. Далаға шығып, бірер мәрте аппақ қарларға алақанын тосып мәз болды.

– Әже, қараңызшы, аппақ қар! Жау, жау, аппақ қар.

Әжесі Ботакөздің балаша қуанған, жүрегі толқыған көңілін түсінді.

– Бала ғой, біраз ойнасын, – деді өзі-өзіне.

Сәлден соң:

– Ботакөз, болды енді. Қас қарайғалы қашан. Еретең де күн бар. Кір үйге, жаурап қаласың, – деп шақырды.

Ботакөз үйге кіргенде даланы ақ қар көрпесімен әлі ораған жоқ-ты. Қыстың ұзақ түні аяқталып, таң атқан сәтте дүние түгел аппақ түске боялыпты.

Ботакөз терезеден көз алған жоқ. Тұп-тура ертегі. Үй іргесіндегі алма ағаштарын, бағана сымдарын, көрші үйлердің шатырларын ақ қар ерінбей әспеттеп, аппақ мамықпен қымтапты.
Ботакөз мектепке барғанша асықты. Жол-жөнекей қуана шаттанған балалардың ашық-жарқын дауыстары мен күлкілері анық естілді. Бір-біріне қар атысып, мәз-мейрам. Бетіңе, үстіңе қанша тисе де, ауыртпайды. Жұп-жұмсақ. Жерге құласаң да үстіңдегі киімдеріңе жұқпайтынын айтсаңшы.

Айнала ақ қар. Аппақ әлем. Алғашқы қар. Ботакөз мектепке қанат байлап ұшып келгендей, өзін сергек сезінді. (320 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Ботакөздің қарды күтуі.

  2. Аспанды қымтаған қара бұлт.

  3. Аппақ қарды қызықтау.

  4. Қыстың әсем көрінісі.

Тірек сөздер: беймарал, электр жарығы, баданадай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет