Мазмұны глоссарий Негізгі әдебиеттер Дәрістер глоссарий



бет17/29
Дата14.11.2022
өлшемі115,86 Kb.
#49986
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Дәрісті қорытындылау: Қорыта айтқанда, орта мектептерде қазақ тілінен жүргізілетін жазбаша жұмыстар оқушылардың тұлғалық қабілетін дамытуға ерекше ықпалын тигізеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.- Алматы., 1999ж.
2.Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –А., 1987ж.
3.Жұмабаев М. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту.-А., 1926ж.
4.Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру.-А., 1968ж.
5.Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.. – А.,1997ж.
6.Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. –А., 1997ж.
7.Рахметова С., Жаманқұлова П. Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. –А., 1998ж.
8.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. –А., 1997ж.
9.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі. Атамұра. 2005ж.
10. Жумабаева Ә.И., Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т., Оспанбекова М.Н. Сауат ашу. 1-2 бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.Алматы, Атамұра 2016ж.
11.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001ж.
12.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004ж.
13. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
13.Байтұрсынов А. Сауат ашқыш. –Орынбор. 1924ж. Семей, 1926ж.
14.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А.. 1995ж.
15.Қалиев С., Баймұратова Б. Өзіміз оқып үйренеміз. А., 2004ж.

9 -дәріс тақырыбы: Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар.


Дәрістің жоспары:

  1. Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар.

  2. Сауатты жазуға үйрету мәселелері.

  3. Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан алған білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін есепке алу.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Орфографнялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасыңда кандай айырымащылық бар? «пен» Кайсысында бөлсек, кайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын окығандарын еске түсіруге көмектеседі?
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:
I. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетіи тексті жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы окыған тексті жазу. Бұғаи диктант, мазмұндамя жұмыстарын алуға болады).
3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т. б.
Жазу жұмыстарынын бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің колданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т. б. Сон-дықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың кай түрінде негізгі мәселенің кайсысы екендігіне мұғалімдер көңіліи аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:
1) грамматикалык-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» караңыз). Бұл — оқушыларды грамматикалык және орфографиялык кұбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографнялық киыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан окыған кұбылыстарын таба білуге дағдылаидырады. Бұл талдау өз алды- жаттығу ретінде бөлек немесс басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т. б.).
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет