Мазмұны кіріспе қазақ Әдеби тілінің Қалыптасуындағы абай дәуірі


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет6/14
Дата03.03.2022
өлшемі70,59 Kb.
#26917
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, жүріп өткен жолы мен асыл мұрасы, өсиет-өнегесі – әрбір қазақ үшін баға жетпес қазына.

2. Қазақ елінің ұлттық рухы мен менталитетінің рухани болмысы – ақын шығармаларының өзегі.

3. Абайдың «Толық адам» формуласы – өте алғыр, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.

4. Абай шығармаларындағы мұсылмандық идеясы – мәңгілік құндылық.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері мен зерттелу деңгейі. Зерттеудің теориялық базасын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы абайтанушылардың еңбектері (қазақ зиялылары Кәкітай Ысқақұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжа. Жұмабаев, Iлияс Жансүгіров, Тұрар Рысқұлов, Ғабит Мүсірепов, М. Әуезовтердің Абай шығармашылығы туралы келелі пікірлері), қазақ ғалымдары мен әдебиетішлері Ғ. Тоғжановтың «Абай», М. Сильченконың «Абай: очерки жизни творчества», «Творческая биография Абая», Қ. Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі», «Қазақ әдебиеті тарихының мәседлелері және Абай поэзиясының тілі», С. Нұрышевтің «Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен», Қ. Өмірәлиевтің «Абайдың нақыл сөздері», Ә. Жиреншиннің «Абай және орыстың ұлы революцияшыл десократтары», «Абай и его русские друзья», С. Мұқановтың «Жарқын жұлдыздар», «Абайдың өімірі мен творчествосы», А. Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі», М. Мырзахметұлының «Абай жүрген ізбенен», Х. Сүйіншәлиевтің «Абайдың қазасөздері», М. Бөжеевтің «Абайдың ақындық айналасы», М. Бейсенбаевтың «Абай және оның заманы (Абай ізімен)», Т. Т. Құнанбаевтың «Әкем Абай туралы», Л. Әуезованың «Исторические основы эпопеи «Путь Абая», З. Ахметовтің «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания», «Абайдың ақындық әлемі», А. Қалмырзаевтың «Эстетическое в творчестве Абая», А. Машаовтың «Әл-Фараби және Абай», Т. Әлімқұловтың «Жұмбақ жан: Абай Құнанбаев хақында деректі хикая», Қ. Мұхамедхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында», «Абай мұрагерлері», «Абайдың шығармаларына түсініктеме», «Абайдың ақын шәкірттері», З. Сыздықұлының «Абай және баспасөз», К. Оразалиннің «Абайдан соң», Б. Байғалиевтің «Абай өмірбаяны архив деректерінде», С. Қирабаевтың «Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том», К. Байбытованың «Традиция Абая в казахской поэзии начала ХХ века» зерттеу еңбектері құрайды.

Диплом жұмысының зерттеу материалдары ретінде Абай Құнанбайұлының «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» өлеңдер жинағы және қара сөздері алынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет