Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау


Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну



бет20/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
2.2. Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну
Біррангілік желіге қосылған компьютерлерде бірігіп қолдануға дисктерді, бөлек бумаларды (каталогтар), принтерлерді ұсынуға болады. Бұл мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Бас менюді (Пуск) ашыңыз және Баптау командасын, оның ішінде Басқару панелін таңдаңыз.

  2. Басқару панеліндегі Желі таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Желі – сұхбаттасу терезесі ашылады.

  3. Осы терезедегі Конфигурация бөлімінде желілер құрауыштары (компонент) тізімінен Microsoft желісінің клиенті деген элементті ерекшелеңіз.

  4. Файлдар мен принтерлерге қатынау (Доступ к файлам и принтерам) батырмасын басыңыз. Бұл кезде файлдар мен принтерлерге қатынауды ұйымдастыру деген сұхбаттасу терезесі шығады.

  5. Егер өз файлыңызды басқа қолданушыларға ұсынғыңыз келсе, онда «Бұл компьютердің файлдарын ортақ етіп жасауға болады» (Файлы этого компьютера можно сделать общими) деген бөлімге жалауша орнатыңыз. Егер принтеріңізді басқа қолданушыларға қолдануға рұқсат берсеңіз, онда « Бұл компьютердің принтерін ортақ етіп жасауға болады » (Принтеры этого компьютера можно сделать общими) деген бөлімге жалауша орнатыңыз.

  6. ОК батырмасын басыңыз. Терезелер жабылып, Windows жүйесі Желі – сұхбаттасу терезесіне келеді.

  7. Желі – сұхбаттасу терезесіндегі басқа баптауды қосымша өзгертуге болады. Бірақ, соңында терезені жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.

Бірігіп пайдаланатын файлдар мен принтерлерге қатынауды басқару
Өз компьютеріңіздегі файлдар мен принтеріңізге қатынауды ұсынуды орнатқан соң, кімдердің қатынайтынын дәлірек анықтау керек. Осыған орай 2 мүмкіндік бар: 1) белгілі бір ресурсты қолданатын топтың немесе қолданушылардың тізімін құру; 2) әрбір ресурстар үшін өзінің қатынау паролін орнату қажет.
Ол үшін мына қадамдарды орындау керек:

  1. Желі – сұхбаттасу терезесін ашыңыз.

  2. Қатынауды басқару (Управление доступом) бетбелгісіне өтіңіз.

  3. Ресурстар деңгейінде (На уровне ресурсов) ауыстырып қосуды (переключатель) таңдап, әрбір ортақ бумаға және принтерге бөлек пароль орнатуға болады.

  4. Әйтпесе, Қолданушылар деңгейінде (На уровне пользователей) ауыстырып қосуды таңдап, тізім бойынша қатынауды ұйымдастыруға болады.

Тапсырма

  1. № 1 лекциядағы бақылау сұрақтарының біреуіне жауап беріп, оны мәтіндік редакторында жаңа құжат ашып теріңіз.

  2. құжатыңызды « Менің құжаттарым » бумасында сақтаңыз.

  3. Басқа қолданушылар қолдану үшін өз файылыңызды ортақ етіп жасаңыз.

  4. Жазған құжатыңыздың көшірмесін алып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, өзіңізге арнайы бума ашып, сол жерде сақтаңыз.

  5. Бумаңызға қатынау паролін орнатыңыз.

  6. Басқа қолданушылардың файылдары мен бумаларына қатынау жұмысын жүргізіп көріңіз.

  7. Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет