Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау


Бумалар және файлдармен қашықтан жұмыс жасау



бет29/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
2.9.Бумалар және файлдармен қашықтан жұмыс жасау
Файлды басқа компьютерге көшіру
Бұл жаттығуда сіздер желілердің басқа қолданушыға қатынау мүмкіндігін туғызу үшін, файлды басқа компьютерге көшіресіздер.
1. Менің компьютерім немесе Бағыттауыш ( Проводник ) терезесінен Менің құжаттарым бумасын ашыңыз.
2. Менің құжаттарым бумасын оқытушының көрсеткен құжатын ерекшелеңіз.
3. Түзету ( Правка ) менюіндегі Көшіру ( Копировать ) қатарында шертіңіз.
4. Есептер панеліндегі Менің компьютерім таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз.
5. қазіргі сәтте сіздің компьютеріңізге қосылып тұрған кез-келген жалпы ( бөлінетін ) желілік дискті ашыңыз. Егер де сіздің компьютеріңізге бірде-бір желілік диск қосылмаған болса, онда жоғарыда көрсетілген « Желілік дискті қосу » деген жаттығуларға назар аударыңыз.
6. Желілік диск терезесіндегі желілік Түзету менюінің Қою
( Вставить ) қатарында шертіңіз. Құжат басқа компьютерге көшіріледі.
7. Барлық терезелерді жабыңыз.
9.2. Желілік дискеттегі файлды көшіру
1. Өзіңіздің компьютеріңізге кез-келген компьютерді желілік етіп қосыңыз. Менің компютерім терезесінің Құралдар – саймандар панеліндегі желілік дискті қосу батырмасын қосыңыз.
2. Қосылған желілік дискеттегі қатынау мүмкіндігі бар барлық
файлдар мен бумаларды қарап шығыңыз.
3. Сіздің компьютеріңізде бар бағдарламада жасалынған желілік дисктегі құжатты табыңыз., мысалы Word немесе Paint құжаты.
4. Таңдаған құжатыңызды Студент деген бумаға көшіріңіз ( егер бума жоқ болса, онда бума құрыңыз) немесе Менің құжаттарым бумасын пайдаланыңыз.
5. Желілік дискте ашұан барлық құжаттарды жабыңыз.
6. Желілік дискті өшіріңіз.
9.3. Принтерлер мен қашықтан жұмыс жасау. Таңбаша ( ярлык ) құру.
1. Желілік принтерде құжатты қағаз бетіне басып шығарыңыз: құжатты желілік принтерде қағаз бетіне шығарып салу үшін құжатты Желілер ортасы терезесіндегі принтер таңбашасына апаруға
( тасымалдауға ) болады. Құжатты басып шығаруда принтер таңбашасы Есептер панелінде пайда болады. Есептер панеліндегі принтер таңбашасын шертіп, принтердегі басылу ретін көруіңізге болады. Қағаз бетіне басып шығарылу кезінде сіз басқа
тапсырмаларды орындай аласыз.
2. Принтерге таңбаша құрыңыз.
3. Принтерлер терезесіндегі желілік принтер таңбашасында тышқан тетігінің оң жақ батырмасын басыңыз. Таңбаша құру қатарын таңдаңыз. Таңбашаны Жұмыс орнына ( Рабочий стол ) орналастыруын сұрайтын таңбаша құруды ұсынатын сұхбаттасу терезесі шығады.
« Иә » батырмасын басыңыз. Жұмыс орнында Принтердің таңбашасы пайда болады.
4. Жаңа таңбашада тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз. Шыққан контекстік менюден Атын өзгерту ( Переименовать ) командасын таңдаңыз.
5. Ол жерге « Желілік принтер » деп енгізіп, « Enter » батырмасын басыңыз.
6. Пернелер терезесін жабыңыз.
9.4. Тапсырма
Бұл тапсырмада құжатты принтер таңбашасына апарып қағазға басып шығарамыз.
1. Өз компьютеріңіздегі кез-келген мәтіндік құжатты Желілік принтер таңбашасына апарыңыз. Құжатты басып шығару жұмысы басталады. Принтер таңбашасы Есептер панеліне шығады.
2. Есептер панеліндегі принтер таңбашасында екі рет шертіңіз. Желілік принтер терезесі ашылады. Қалып – күй қатарындағы басып шығару ретінде қанша құжаттың тұрғанын көре аласыз.
3. Ашылған барлық терезелерді жабыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет