256
танимыз. Қос ақындағы ортақ мақсат “Наданның кӛзін қойып, кӛңлін ашпақ”.
Ұлы арман соған жетер жолды дұрыс таңдауға тығыз байланысты емес пе?!
Ендеше ӛзге озық елдерден ӛнер, ғылым, үйрену, ӛз тіліңмен қатар саясаты
үстем жұрттың тілінде меңгеріп, безбен басын теңгергеннен ұлтың ұтпаса,
ұтылмасы хаһ. Міне ақынның ӛзекжарды “Сӛз басы” осыны меңзейді, осыған
жӛн сілтейді.
Ақынның ӛзіне қояр талабы да зор. Отаршылдық торына шырмалған
ұлтын ұлан жолға салу үшін, алдымен ӛз бағаңды бағалай білу қажет.
Адасқан сорлы жұртты жарға итермей, жарыққа шығар сәулені кӛрсету үшін
ӛз бойыңда нұрлы сәуленің шуағы мол болғаны жӛн. Міне, ақын осыны
ұғынған, ұғынып ғана қоймай ӛзгеге жеткізе де білген. Сондықтан да оның
әрбір ӛлең жолынан азатшыл рух, азаматтық сарын ӛзгеше леппен есіп
отырады. Уақыттың талабына тән ұраншылдық басым болғанмен, ол – құрғақ
айқай емес, жүрегін езген қасіреттің ашынған үні. Ақынның жалпақ жұрттан
бұрын алдымен ӛзін-ӛзі қамшылауы осыдан туындап жатса керекті.
“Оян, қазақтың” беташар ӛлеңі “Қазақ халқының бұрынғы һәм бұ күнгі
халы” деп аталады. Ӛлең былай басталады:
Достарыңызбен бөлісу: