Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет120/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   144
Жәмила! 
Мұнша неге жүдедің? 
Бетіңде тамшы қан жоқ қой,  
Жаралы неге жүрегің? 
Тегіңде терең зар кӛп қой! 
Сарғаймашы, бауырым! – 
 
деп,  қаламаған  жанға  барып  қорлық  кӛрген  қазақ  қызының  қайғысына 
ортақтасып,  жан-жүрегі  елжірейді.  Оған  құрғақ  қайғырмай,  мұңды  қыздың 
естен кетпес суретін сӛзбен салады. “Жас сұлуға” деген ӛлеңінде: 
 
Жас періштем, сұлу қыз, 
Сүймеші, сүйме, сұраймын! 
Мен ақынмын тұрлаусыз, 


290 
 
Жырлаймын да, жылаймын! – 
 
деп,  әйел  жанының  нәзіктігін,  ақын  жанымен  салыстырып,  әйел 
махаббатының тұрақтылығы мен беріктігін құрмет тұтады. 
Мағжанның  “қара  сӛзбен  жазылған  ӛлең”  деп  айдар  таққан  “Домбыра” 
деген шығармасында нәзік жаны жараланып, тағдырдың тәлкегіне түскен жас 
сұлудың  қайғылы  сәті,  қаралы  бейнесі  суреттеледі.  Домбыраның  “Адамды 
қалың  ойға  батыратын,  белгісіз  қорқынышқа  түсіретін  жат,  ауыр  бір  үніне” 
алыстан тағы бір зарлы дауыс қосылады. Бұл әйел даусы. “Мұңды бір дауыс 
жақындап келеді. Нәзік зарлы дауыспен біреу ақырын ғана ӛлең айтқандай… 
Әйел дауысы… “Бізден сорлы жалғанда жан бар ма екен?! Ӛзің рақым қыла 
кӛр  бір  жасаған”,  –  дейді  әйел…  Түнде  сар  далада  зарын  айтып  күңіренеді 
әйел…  Ауыр  қасірет,  қалың  қайғыға  амалы  құрып,  жалғыз  жасағанға  мұң 
шығады,  жалынады,  зарланады  әйел”…  Қара  сӛзді  ӛлеңнен,  жанды 
түршіктірер  домбыраның  зарлы  бебеуімен  астасқан  әйелдің  зарлы  үнінен 
ӛзгеше  әлем  ашылғандай,  қос  мұңлық  үніне  қосыла  жүрегің  жылағандай. 
Немере қарындасы Шолпанға арналған ақын тебіренісінен, “періштедей пәк 
қыздың” бүгінгі мұңлы бейнесін кӛріп, бірге елжірейсің. Бедерлі де бейнелі 
сӛз  ӛз  дегеніне  жеткендей.  Мұнда  ӛзгеше  бір  ӛрнек  бар.  Ақын  жауаптыны 
іздемейді,  жаны  жаралы  жанның  қайғысына  жүрегіңді  егілтеді.  Ӛзгенің 
ӛзегін ӛртеген шоқ сенің де жаныңды күйдіреді. 
Ақын  қасіретті  сұлудың  кӛңіл  пердесін  ашып,  сәуле  түсіріп  мұңын  жан-
тәнімен түйсініп, қосыла егіледі: “Денем күйді… Жүрегім ауызыма тығылды. 
Кӛзімнен  ыстық  жас  тӛгілді…  Домбыра  да  күңіренеді,  зарлайды…  Ақырын 
жассыз  жылайды,  Жыла,  домбыра,  жыла!”  Ӛлеңді  (қара  сӛзді)  оқып 
отырғанда жаныңды бір мұңға толы саз баурап алады. Сӛзбен ӛрілген сырлы 
суреттер  мұңлы  саз  арқылы  сезім  пернелерін  дӛп  тауып  басып,  қайғылы 
сұлумен де, ақынмен де біте қайнасып, бірге қайғырмасқа лажың қалмайды. 
Мағжан ақын әйел затына сүйген жар, ардақты ана, асыл әже деп бәрімізге 
түсінікті  ұғым  тұрғысынан  қарамай,  оны  табиғаттың  ӛзгеше  жаратылысы, 
тіршіліктің бастауы деп ұғынған. Оның санасындағы әйел бейнесі – періште. 
Әйел  ана  -  тіршілік  тұтқасы,  сүйген  жар  –  отты  сезімнен  жаралған  ӛмірге 
құштарлықтың құдіреті, ару қыз – пәктік пен ақтықтықтан жаралған сұлулық 
әлемінің  символы.  Ақынның  осынау  жаратқанның  ӛзі  сұлулықтың  ең  озық 
үлгісі  ретінде  дүниеге  келтірген  әйелді  ардақ  тұтып  сол  тақырыпқа  жазған 
ӛлеңдерінің  бірі  –  “Әйел”.  Осы  ӛлеңінде  Мағжан  әйел  ұлылығын  алға 
тартады.  Сондықтанда  әйелдің  мәдениеттілікке,  сауаттылыққа  деген 
құштарлығын  ерекше  кӛтеріп,  ерлермен  тең  құқық  беруге  үндейді.  Бір 
қарағанда  басқа  ақындардың  әйел  теңдігі  тақырыбына  жазған  ӛлеңінен  несі 
артық деп ойлайсың, ал шын мәнінде: 
 
Кешегі әйел періште, 
Адамды бастар ғарышқа, 
Жүзі жарқын нұрлы айдан. 
Еңіретіп күң ғып сататын, 


291 
 
Еріккенде ойнап жататын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет