Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет141/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Айдын самал, 
Жағасы мал, 
Кӛлдерде қу, қырда құс. 
Бай табиғат, 
Сән салтанат
Тұрмыс бейне кӛрген түс. 
Үй айнала, 
Қыз, бозбала, 
Ұмытқам жоқ әлі ойда! 
 
Лирикалық  қаһарман  ӛзі  сүйген  жанының  асыл  бейнесін  ӛте  әсерлі 
суреттейді. Нағыз арудың қайталанбас бейнесі жасалып, жадыңда мәңгілікке 
қалады.  “Мен  үшін  оның  ӛзі  бақыт  алар  құбылыс,  сӛзі  –  құран,  ал  анты  – 
иман” деп есептейді ақын. Поэмада бұдан кейін ақын аласапыран заманның 


330 
 
қым-қуыт  кезеңінің,  қазақ  даласындағы  азамат  соғысының  елге  лаң  әкелген 
қанды шарпуын, оның елге тигізген кесір-кесапатын ашуға ұмтылады. Бірақ 
бұл  тікелей  айтылмай,  сол  кезеңге  тән  бейнелі  де  бедерлі  суреттер  арқылы 
поэтикалық  кӛркем  образбен  беріледі.  Ол  суреттеулер  мен  бедерлі 
бейнелеулерден біз кӛркемдік шындықтан туған ӛмір шындығын кӛреміз. 
 
Ӛтті күндер, 
Есті желдер, 
Ӛтті күндер… есті жел 
Қамыс құшып, 
Зәрін ішіп, 
Жел дүниеге у шашты. 
 
Буланды су, 
Уланды ну, 
Ай да, күн де уланды. 
Дәрия оқпын 
Таудай толқын 
Тасыды да жынданды. 
 
Қарсыласқан, 
Қара басқан 
Ӛткір қылыш кӛшірді. 
Тәнге, жанға, 
Қызыл қанға 
Бӛкті-дағы қанды жер. 
 
Сұрапылды, 
Үрген сорын 
Кӛтере алмай қалды ел. 
О да ӛтті, 
Тағы жетті 
Одан бетер “аштық қарт”. 
 
Лирикалық  қаһарман  сонау  кездегі  қиын-қыстау,  ӛртті  шақтан  аман 
қалып,  пәк  махаббатына  куә  болған  ақ  қайыңға  мұң-шерін  шертеді,  ақ 
қайыңмен  адамша  тілдесіп,  сырын  бӛліседі.  Ақынның  осы  бір  ӛзгеше 
сағынышты  сезім  күйі  оқырман  жанын  тебірентпеуі  мүмкін  емес.  Ақын  ең 
соңында  тылсым  табиғатпен  тілдесіп,  ӛз  мұңын  соған  шағады.  Сонау  оғыз 
заманынан қалған “ағашпен тілдесу” адамның туған табиғатпен тілдесуі емес 
пе?! Берниязда сол дәстүрді жалғастырып, адамзаттан мұң шағар жан таппай, 
“Ақ қайың мен” тілдеседі.  
Кӛк пе, жер ме, 
Су ма, жел ме, 
Әлде алған ай ма екен? 


331 
 
Айтшы, қайың, 
Менің жаным, 
Айтшы, айтшы, қайда екен?! 
 
Түйіндей  келгенде  Бернияздың  бұл  поэмасының  идеялық  негізінде 
адамның құпия қасиеттерінің бірі – сағыныш атты ұлы сезім жатыр. Сағына 
білген адам адалдыққа бір табан жақын деген ойды меңзейді ақын. Сағыныш 
деген қастерлі сезімді жоғары қоюға үндейді. Бернияз ӛзі “қияли поэма” деп 
атаған бұл шығармада қиял емес, ӛмір айнасы іспетті шырылдаған шындық 
бар.  
Бернияз  Күлеевтің  ақындық  таланты  –  Құдай  берген  талант.  Сондықтан 
мейлі  лирикалық  шығарма  болсын,  мейлі  кӛлемді  поэма  болсын  ол  тек 
жазбауға  болмайтын  болған  соң  ғана  жазған.  Олар  мерзімі  жеткен  кезінде 
жүйрік  те  жүрдек  қаламынан  туындап,  тӛгіліп  жатқан.  Бұған  бір  дәлел 
К.Шәменовтің  мына  бір  пікірі:  “Б.Күлеев  қиыстырып,  келістіріп  жазатын 
шабытты, тӛкпе ақын болған. Ол 1922 жылы үш поэмасын (“Гүл”, “Жорық”, 
“Қайда екен?”) бір айдың ішінде жазған. Солардың кӛлемдісі де, кӛркемі де – 
“Гүл”
88
. Негізінде бұл поэма аяқталмай қалған. 
Поэмада  ақын  айналадағы  надандыққа,  тоңмойындық  пен  бейқамдыққа 
лирикалық кейіпкер атынан ой тастайды.  
 
Жердің жүзі тебінгідей кӛрініп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет