Мазмҧны кіріспе


-тарау  АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет48/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144
4-тарау 
АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ  
АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР 
 
1. Бағыттың басты сипаты мен кӛрнекті ӛкілдері 
 
Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-әлеуметтік дамуға сай қоғамдық ой-сана 
мен  озық  идея  сан-алуан  ӛзгеріске  ұшырап,  жаңа  ӛрлеуге  бет  алды.  Бұл 
әдебиетке  де  ӛз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ.  Жаңа  ғасыр  ӛрінде  дүниеге 
келген  түрлі  бағыттардың  ішінде  ағартушы-демократтық  бағыттың  орны  
ерекше. 
Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылар 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінің  ӛркендеуіне  ӛлшеусіз  үлес 
қосты.  Олар  қазақ  әдебиетін  шын  мәніндегі  ӛнери  жазба  әдебиет  деңгейіне 
кӛтеріп, ӛмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең ашуға ұмтылды. 
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың білім деңгейлері түрліше      
 сипатта  болып  келеді.  Кӛбі  сауатын  қазақша-жаңаша  (жадидше)  оқумен 
ашып,  кейін  орыс  мектептерінде  оқып,  дүниелік  ғылым-білімнен  молынан 
хабардар  болып  ӛсті.  Олар  негізінен  орыс-батыс  әдебиетіне  еліктеп,  сол 
деңгейде  шығарма  жазуға  талаптанды.  Жазушылықпен  бірге  қоғам 
қайраткері  ретінде  де  танылып,  ұлтының  ертеңі  кӛбірек  толғандырды. 
Қоғамдағы  саяси  ӛзгерістерді  де  жіті  танып,  соның  нәтижесінде  қазақ 
қоғамына қажетті жайларды дұрыс бағ-дарлай алды. 
Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылар  ӛз  шығармаларында  ағар-тушылыққа 
үндей  отырып,  қоғамдағы  әлеуметтік  теңсіздіктерді  де  кӛре  білді.  Сӛйтіп 
демократиялық  ой-пікірлерді  алға  шығарды.  Қоғамдағы  қайшылықтарды 
құрғақ  сынап  қоймай,  әрқайсысы  әл-қадарынша  оның  кесір-кесапатын 
жоюдың  ӛзіндік  жолдарын  ұсынды.  Қоғамдық-әлеуметтік  ӛмірді,  замана 


139 
 
сипатын,  дәуір  шындығын  кең  кӛлемде  суреттеуге  ұмтылудың  нәтижесінде 
қазақ әдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына ӛлшеусіз еңбек сіңірді. 
Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылар  қазақ  арасындағы  ілгершіл  қоғамға  жат 
ескілік  қалдығын,  теңсіздікті,  отаршылдық  саясатты  аяусыз  сынады. 
Халықты  оянуға,  мәдени  шаруашылық  жақтан  жетілуге,  еңбекке,  оқуға, 
алдыңғы  қатарлы  елдер  мәдениетінен  үйренуге,  отырықшылдыққа,  қала 
салуға үндеді. Әлеуметтік теңсіздіктің басты кӛрінісі ретінде әйел теңсіздігін 
алып, ӛздерінің негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті. 
Олардың  жазба  әдебиетті  ӛркендету  мақсатындағы  жанрлық  ізденістері 
жазба  әдебиеттің  құр  еліктеу  дәрежесінде  қалып  қоймай,  ұлттық  тӛл 
әдебиетіміздің  қалыптасуына  жол  ашты.  Сӛйтіп  жазушылық  қол  таңбалары 
айқындала  түсіп,  әрқайсысының  ӛзіндік  тақырыбы,  ой-пікірі,  стилі,  ӛзіне 
ғана тән шеберлік мектебі қалыптасты. 
Ағартушы-демократтық  бағыттағы  ақын-жазушылар  шығармашылығы 
шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге кӛтеріліп, дүние құбылысын кең, 
терең негізде ашты. Бұл бағыттың ӛкілдеріне таза әдеби шығармашылықпен 
айналысып,  кәсіптік  деңгейдегі  жазушылық  шеберлікке  кӛтерілген 
Ш.Құдайбердиев,  С.Торайғыров,  М.Сералин,  С.Дӛнентаев  сынды  ақын-
жазушылармен 
бірге 
шығармашылығы 
ағартушылық-ұстаздық 
қызметтерімен  тығыз  байланыста  ӛрістеген  С.Кӛбеев,  Б.Ӛтетілеуов, 
Т.Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-
жазушылар да жатады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет