Мазмҧны кіріспе


Сәбит  Дӛнентаев  (1894-1933)



Pdf көрінісі
бет53/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   144
Сәбит  Дӛнентаев  (1894-1933).  Кереку  ӛңірінде  дүниеге  келген.  “Уақ-
түйек”  (1915)  -  алғашқы  ӛлеңдер  жинағы.  Поэзиясының  басты  тақырыбы  - 
әлеуметтік  теңсіздік.  Ақын  ӛлеңдерінде  сыншыл  реалистік  сипаттар  басым 
келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, “Менің жайым”). 1917 жылғы февраль 
революциясын  шынайы  түсінді  (“Бостандық”).  Ақынның  шығармашылық 
ғұмырнамасын  дәуірлеудің  басты  белгісі  –  ақынның  кӛзқарас  эволюциясы. 
Абай  мен  Тоқай  және  орыс,  батыс  классиктерінен  үлгі-ӛнеге  алып  ӛскен. 
Шығармашылығының  басты  бағыты  –  ағартушы-демократтық  бағыт.  1920 
жылға  дейінгі  аралықтағы  поэзиясында  ұлтжандылық  сарын  бар 
(“Адасыппыз”,  “Сарыарқа  анамызға”  т.б.).  Кеңес  дәуіріндегі ірі  ӛзгерістерді 
де поэзиясына арқау ете білді. 
Сәбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуына айтулы үлес қосты 
(“Бозторғай”,  “Ыбылыс  пен  шайтан”,  “Ауырған  Арыстан”,  “Екі  теке”,  “У 


143 
 
жеген  қасқырға”,  “Кӛзі  тоймайтын  ит”  т.б.).  Ақын  мысалдарының  тақырып 
ӛзегінің арналары әралуан. Ақынның шығармашылығынан ӛлең-фельетондар 
да  орын  алады.  Сәбит  публицистикасының  тақырып  ауқымы  ӛте  кең. 
“Кӛркемтай” атты әңгімесінің кӛркемдік жетістігі айтарлықтай.  
Кеңес  тұсында  біраз  шығармашылық  ізденістерге  барды.  Алғашқы  тұста 
біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық белсенділігі арта түсті. 
Революция  жеңістерін,  кеңес  ӛкіметі  әкелген  жетістіктерді  жырлады. 
С.Дӛнентаев поэзиясында ӛзіне тән ойшылдық сипаттар да кездеседі (“Қиял”, 
“Ой”).  Ақындық  қолтаңбасының  ӛзіндік  ерекшелігі  ретінде  оқиғалы  шағын 
ӛлеңге  шеберлігін  айтуға  болады.  Шығармашылығында  негізінен  сыншыл 
реализм  бой  кӛрсетеді.  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінде  Сәбит 
Дӛнентаевтың ӛзіндік орны бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет