Мазмұны Содержание Contents


Сыбайлас жемқорлықсыз білім жедел-іздестіру қызметі



бет10/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   224
Сыбайлас жемқорлықсыз білім жедел-іздестіру қызметі сияқты өзіндік ерекшелігі бар заң ғылымы мен тәжірибе саласымен байланысты.
Жедел-іздестіру қызметі – бұл жариялы және құпия түрде жедел-іздестіру шараларын өткізу жолымен жүзеге асатын қызметтердің ерекше түрі. Жедел ақпаратты алудың жарияланбаған, яғни жасырын, бүркілген, құпияланған, құпиялы әдістерін қолданудың арқасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау механизмдерін анықтауға және дәлелдеуге болады. Мысалы, құпия аудио-бейнежазбаларды қолдану - параны алушылар мен берушілердің нақты уақытын, орнын анықтауға негіз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықсыз білім әкімшілік құқықпен байланысты.
Әкімшілік құқық-мемлекеттік – басқару органдарының ұйымдастыру және атқарушы-өкімші әрекет ету процессында орын алатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Әкімшілік құқық бұзушылық немесе теріс қылық – мемлекеттік және қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандығына, белгіленген басқару тәртібіне

жасалған құқыққа қайшы, кінәлы (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік, ол үшін заңнамамен белгіленген әкімшілік жауапкершілік қарастырылған*.


Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (2014 жылғы


05 шілдеде қабылданған, №235-V ҚРЗ) «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» атты жеке 34- тарау қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамын сабақтас салалардан ажырату керек. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, заңды жауапкершіліктің түрлері ҚР ӘҚК 676-681 баптарында регламенттелген.
Сыбайлас жемқорлықcыз білім еңбек құқығымен байланысты.
Еңбек құқығы – жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы, яғни сайламалы лауазымдарды немесе қоғамдық функцияларды орындайтын тұлғалардың іс-әрекетіне қатысы жоқ еңбек. Еңбек құқығы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс беруші арасындағы қатынастарды реттейді**.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (ҚР ЕК) «Шаруашылық құқығындағы


мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық компанияларда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста болумен байланысты шектеу» №240-1 бап қаралған. Осыған сәйкес басқару функцияларын атқарумен байланысты мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық лауазымға
бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.
____________________________
*Қараңыз.: Үлкен заң сөздігі.-М.: ИНФРА-М2002.-С.17
**Қараңыз.: Сол дереккөз, б.634.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет