«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет128/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   247
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Айтты Өгдүлміш, ашты тілін тербеді,



 — 

Айтар сөзді естіп, көңіл бер! — деді.

 

Бұл дүниені тəңір біліп жаратты,



 

Халал қылып берді ішіп, жер тамақты.

3405  Қатысса кім, қарасса ізгі дос тұтып,

 

Ізгі іс қылар, қосар досқа дос құтын.



 

Кім пайдалы, сыйлап жақын жүргейсің,

 

Олжа салған кісі олжалы білгейсің.



 

Жалғыз жортқан кісі қыпшақ көшпелі,

 

Шарапаты тимес елге еш, тегі.



 

Шарапаты тимес кісі — бір өлік,

 

Өлік болма, пайда келтір, ер, күлік!



 

Көп болса ердің қолдаушы дос — орманы,

 

Аты елге тарап, ісі оңғаны.



3410  Бұл жалғанда тілегенін алады,

 

Ақыретте күтсе — медет табады.




 309

 

Сағыныш — шер болса, өзі күйінер,



 

Сүйініште, жайнап көзі сүйінер.

 

Елге жаяр даңқ, сипат-сыныңды,



 

Тілін тияр, көрсе — мінің, мұңыңды!

 

Жатқан ердің ұйқысын жау бүлдірер,



 

Мін, айыбын — түгел елге білдірер.

 

Жау болмаса — елге ердің ерлігі,



 

Аты, тіні, жетпес пе еді ендігі?!

 

 

(Жау болмаса, ерге ат  қалай таңылар,



 

Қашан атақ-даңқы тарап, танылар?!)

3415  Кімнің енді көп болса, даңқ, жүлдесі,

 

Теңдессіз көп болар дұшпан, күндесі.



 

Кім даңқты, асыл текті, жаны нар:

 

Күллі жұрты жау боп талар, жабылар.



 

Жақсы адамның, қарап тұрсаң, жауы көп,

 

Жауыз — өлік, өліктердің жауы жоқ.



 

Қалың дұшпан кімге тиісіп, таласа —

 

Сол өнерлі, ер болғаны тамаша!



 

Ердің аты шығар жаумен тіресіп,

 

Жаусыз жанның аты естілмес, білесің.



3420  Айбынды ердің не дегенін естігін,

 

Жібермеген тілегінің ешбірін:



 

«Мың дұшпансыз ер атанар несіне —

 

Күніне мың сөкпесе, алып есіне.



 

(Мың кісіге айбат қалай бір кісі —

 

Күніне мың ғайбаттамай мың кісі...)



 

Итке бөрі бұрылар ма жолынан?!

 

Мың ит үнін естісе де соңынан!?



 

(Көп төбетті бөрі елемей жеңбей ме?

 

Ит үреді, керуен көше бермей ме!?)»



 

Жалғыз, кісі іздемеймін дедің сен,

 

Құр бекерге сөйлемеймін дедің сен.




 310

 

Не сөйлерсің,  кісілермен тұрмасаң,



 

Араласып, өзің мойын бұрмасаң!

3425  Нағыз  ер сол: жүріп жұрттың ішінде,

 

Төрге шықса, бағып тілін, ісін де!



 

Қатты сөзге жұмсақ жауап қайтарса,

 

Ащы айтқанға тəтті  тілмен айта алса.



 

Кісі жүгін алса, жүгін артпаса —

 

Жапа қылған жанға опа қып, мақтаса.



 

Өшін — кегін қуса жүрек түбінен,

 

Ділінде бар — тұрса шығып тілінен!



 

Не дегенін есті ойлы нар адам,

 

Ізгілікпен атақ-даңқы тараған:



3430 «Ауыр сөйлеп, тіл тигізбе адамға,

 

Кеш жібиді, көңілде дық қалар да!..



 

Сені сөксе, мақта — оңбассың таласып,

 

Ол қор болып, сен жақсы атта қаласың!



 

(Өзің мақта, сені сөккен наданды,

 

Ол жер болып, арттырасың бағаңды!)



 

Жафаға — опа жаса, батпа қапаға,

 

Мəрт опалы, жаман даяр жафаға!



 

Алыстаса сенен туыс — қарындас,

 

Ай, бауырым, оларға өзің жақындас.



 

Егер, күшті күш көрсетіп қинаса —

 

Кешір оны, діннің жолын сыйласаң.



3435  Жазықты боп қалса құл-күң, жазығын,

 

Кешіре біл, беріп сыйын, азығын.



 

Ерлік, ерлер  көтеріп жүк-азабын,

 

Сабыр сақтап жүрер күтіп ажалын!»



 

Бүгін үйде тұрған жалғыз қарасың,

 

Ай, ақ көңіл, не барқадар табасың!?



 

Рахат, тілек, құтты көзбен көрмедің,

 

Күміс, гəуһар, алтын, бақыр термедің.




 311

 

Сенде жер-су, сарай-жайдың түгі  жоқ,



 

Ат, ер-тұрман, ұл-қыз, қане, бірі жоқ.

3440  Қолың қысқа, билігің жоқ, мақұлда,

 

Өзіңді ұстай алсаң, жақсы атың да.



 

Қане,  нəрсең сені ел-жұрттан бездірген,

 

Қай  ақымақ сені захид деп жүрген?



 

Азды олжалап, молға ықылас қоймаса —

 

Захид солар — қанағатты ойласа.



 

Захид болар тілегінен жаңылған,

 

Айласы да  қалмас өзге сабырдан!



 

Мың тілегі орындалса да нағыз ер,

 

Жүзін бұрып, болмас текке əбігер.



3445  Жоқ-жітікке  жеп-ішкізіп, қарасса,

 

Ибадат қып хақ жолымен жанасса.



 

Дүние келсе — көңіл бөліп, алмаса,

 

Кетер болса — қабақ түйіп қалмаса!



 

(Мəн бермесе дүние-мүлік жеткенде,

 

Қапаланып, қайғырмаса — кеткенде.)



 

Егер қолы жетсе арыз-тілекке,

 

Өзін ұстап тілін, ділін түзетсе...



 

Бұған мына сөздің мəні келеді,

 

Ай, ақпейіл, тыңда, болар керегі...



 

«Ердің ері — қай істе де күймесе,

 

Істер жерде өзін берік билесе!



 

 

3450  Мың тілекке жетсе де, есін сақтаса,



 

Мəрттің мəрті  ол: өзін тыйып,  лақпаса!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет