«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет142/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   247
Өгдүлміштің Елікке жауабы

3875  Айтты Өгдүлміш: — О, құтты Елік,  бағамда,

 

Дауасы жоқ не бар дейсің ғаламда!



 

 Ұзақ өмір кешкей, Елік, дін-аман,

 

Өзің үшін, жаным пида сұраман.



 

Бұл сөзді айтам өтінгеннен жүгініп:

 

Еш пайда жоқ өкінгеннен түңіліп.




 341

 

Былай депті ақылды ер бір өткен:



 

«Айтарыңды сайлап сөйле, жүректі ер!

 

Тілді тиып сөйлемесең — бір тəлім,



 

 Өкіндірді сайрап, талай бұл тілім!

3880  Сөйлемесең сөзің саған құл болар,

 

Сөйлеп қойсаң сені өзі құл қылар.



 

Санап сөйле, асықпай сен толғанып,

 

Асықтың-ақ, өкінішке  қалғаның!»



 

Одғұрмышты, ойламадым келмес деп,

 

Шақырғанда, тілегімді бермес деп.



 

Бір тілесең, мен мың мəрте тілегем,

 

Келіссе, өзім көмек көріп жүрер ем.



 

Тілегім сол, бірге болсақ деп едім,

 

Қол ұстасып, қызмет қылсақ деп едім.



3885  Мен қаншама қатты айтсам, өтімді,

 

Ол соншама қатты қақты бетімді.



 

Тағы бару қажет болса, барайын,

 

Айтар болса, тағы да айтып қалайын.



 

Елік тағы бір хат жазып жіберсін,

 

Оқып хатты сенсін, ойға тірелсін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет