«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет168/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   247
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Өгдүлміш айтты, ойланып болып,



 

Ұқтым деп енді, ақиқат жолын.

4875  Сөзіңді ұқтым, тыңдадым бəрін,

 

Сөзімді кестім, аңдадым мəнін.



 

Турасын айттың, сөз — шындық толған,

 

Басқаның бəрі, кіл қыңыр жолдар...



 

Сенікі — шындық, менікі — ойын,

 

Бой ұсындым шынға, ойынды қойып.



 

Барайын енді, қал жақсы, аман,

 

Қос дүние нұрын көргейсің əмəн.



 

Бауырым, Алла күш, тауфиқ берсін,

 

Дұғаңда атап, қамымды жерсің!?



4880  Алладан мені тілей бер оңдап,

 

Көңілімді ашсын, тəңірім қолдап.



*  *  *

 

Үзді де сөзін, орнынан тұрды,



 

Қоштасып, үйге ол жүзін бұрды.

*  *  *

 

Атқа мініп, келді үйіне оралып,



 

Түсіп, кірді, тынды біраз демалып.




 407

 

Ішті, жеді. Біраз ойға торықты,



 

Естіген сөзін пісірді де, қорытты.

 

Күннің жүзі түнек буып, жоғалды,



 

Бүкіл əлем қара түске оранды.

4885  Руми қызы* жүзін шашы жасырды,

 

Күллі əлемге қап-қара шаш шашылды.



 

Аспан зəңгі* болып, түнек асылды,

 

Құстар тыншып, жүрер аяқ басылды.



 

Дəрет алып, оқып түнгі намазын,

 

Орын сайлап, бұрды ұйқыға назарын.



 

Біраз ұйықтап, оянды да қарады:

 

Төбесінен Бақыр* ауып барады.



 

Жəне көрді: Үркер ауып өтіпті,

 

Туардан «адан**  туып, өрлеп кетіпті.



4890  Тағы біраз жатты ұйқы көрмеді,

 

Безгек  қысқан  адамдай  көз  ілмеді.



 

Жатты ұйқысыз, ойынан ой түледі,

 

Əппақ болып, бозарды аспан реңі.



 

Абыр*  бүркеп, түйді аспан қабағын,

 

Жерден арай өніп, шашты шапағын.



 

Күн өрледі, жерден нұры алаулай,

 

Түсі жайнап желбіреген жалаудай.



 

Тұрды  Өгдүлміш, жуынды да, күтінді,

 

Білгенінше намаз оқып бітірді.



4895  Қызыл қалқан найза бойы асқанда,

 

Сарайға кеп, кірді тура жасқанбай.



*  *  * 

 

Келгендігін естіп Елік жол берді,



 

Кірді Елікке, қауыштырып қол берді.

 

Елік ымдап, отырар орын нұсқады,



 

Бұл орынға барды əдепті ұстанып.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет