«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет57/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   247
Айтолдының Елікке сауалы

 

Айтолды айтты: — Уа, Елік, қадірлі,



 

Ізгілікте қасиет көп тəлімді...

 

Міні бар ма адам ұғып, тілге ілер,



 

Не бар оқып, ақылға сап біз білер?»



Еліктің Айтолдыға жауабы

 

Елік айтты: — Ізгі іс — елдің мақтаны,



 

Тек ессіздер сөйлеп сөгіп жатқаны.

910  Жақын тартып, құшақ жайса мəрт жігіт —

 

Жауыз ғана жасар қарсы əккілік...



 

Жауы қорлап, жасығанда жақсылар,

 

Жаман сөгіп, күн көрсетпей қас қылар.



 

Кім жақсылық тілесе — істер, қарамас,

 

Қор екен деп,  ынжық-кем деп санамас.



 

(Бір күн үшін бүлініссе кімде-кім,

 

Білсін,  өзі өз  жүрегін тілгенін.)



 

Кім бір күннің қызығына жүгірсе,

 

Ессіздік қып, күйігін жер түбінде.



 

Ниеті ізгі ер не дейді, тыңдағын:

 

«Жақсылық қыл, тиген жерге тырнағың:



915  Ізгіліктен  бүгін зиян көрмейсің,

 

Ертең пайда келеді анық, сенгейсің.



 

Жамандығың бүгін нəсіп болғанмен,

 

Анда зиян тартқызады, ойланғын!



 

(Жауыздардың тұрса желі оңынан,

 

Жан азабын тартары анық соңынан.)



 

Ізгілік — оң, Ессіздік — сол: Жүгің — ар...

 

Оңың — ұжмақ, солың — тамұқ, біліп ал!




 131

 

Ессіз бүгін қанша есірер, құлшынар,



 

Ертең сонша өкінішке тұншығар.

 

Ізгі кісі қанша езіліп, қорлансын,



 

Жаны жəннат табар, ізгі болғансын!»

920  Бұл — ақиқат, ай, Айтолды, білсең сен,

 

Өкінбеймін жақсы атақпен өлсем мен.



 

 

Турашыл ер тілі — шындық, тыңдалық,



 

Түгел сөздің түп атасы — туралық!

 

«Əзіз болып, ізгілікпен жүрсе кім,



 

Ай, ізгі жан, соны қалап, іздедім!

 

Айтшы, ізгілік, кім бар тойып жеріген,



 

Мен өзіңе ашпын, енді бері кел!

 

Ізгі кісі, мейлі, қанша қор болсын,



 

Ризамын, болуға оның жолдасы!»

925  Бектік маған ессіздікпен ерттелген,

 

Қажет емес. Қидым саған, жеткенмен.



 

Кісілердің құлқы жаман, бұзық-ақ,

 

Рахаты — аз,  өкініші — тым ұзақ. 



 

Шайыр сөзі көкейге оттай басылар,

 

Ұқсаң мұны көзің, санаң ашылар:



 

«Ізгі ісі үшін опық жеген жан бар ма!?

 

Жаманатты зауал таппай қалған ба?



 

Жамандықты қусаң — азап шегесің,

 

Жамандыққа — жақсылық қыл: жеңесің!»



930  Ессіз  істі мен қалайша мақтайын,

 

Ессіз жанды мен қалайша жақтайын!



 

Көрсоқырлық, ұятсыздық, ұлығым,

 

Бəрі түгел — жамандардың қылығы!



 

Мехнат, жафа, күйініш пен  көз жасы,

 

Біл, ай, жігіт, жамандықтың қордасы.



 

Мақтамайын қалай ізгі кісіні,

 

Сүйсінбейін қалай ізгі ісіне?!




 132

 

Ақылдылық — асылы ізгі жандардың,



 

Кішілікте — кісілік бар, аңғарғын...

935  Бар қылығы ізгі — ізгі кісінің,

 

Ізгіліктің ізгісі — ізгі ісіңіз!



 

Досың ізгі болса — ер де, сене бер,

 

Ізгілікпен,  ізгі доспен өнеді ер!



 

Рахат, Даңқ, Қуаныш һəм Салтанат —

 

Ізгі ниет еншілейтін мархаббат.



 

Елбасы айтты: Айтолды, алғын сауабын —

 

Сен сұраған сауалға осы жауабым!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет