155
қатысушы жауынгер ақын, енді біреулері (Шал, Көтеш) – ел
аралап, айтысқа түсіп, жас кездерінде жұрт арасында ойын-
сауық той-думанға араласқан қатардағы адамдар.
Бұл ақындар 7-8 буынды аралас ұйқасты өлеңмен қатар,
11 буынды
ааба ұйқасты қара өлең үлгісің жиірек қолдана
бастайды. Бұл – әдеби тілдің көркемдеу тәсілдерін де, сөздік
байлығын да түрлендіруге әсерін тигізді. Өйткені қазақ
өлеңінің буын саны ең үлкен қара өлең өз тармақтарына
әлдеқайда күрделі эпитеттерді, теңеулерді сыйғызуға немесе
ба
ұйқасымен берілген соңғы екі жолға күрделі құрмалас сөйлемді
орналастыруға жағдай туғызды. Мысалы, Шал ақынның:
Таяққа қартайғанда асыларсың,
Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың.
Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң,
Бұтыңды отқа қақтап қасынарсың, –
деген шумағында
тас ұрғандай басылу, күтімсіз кедей тәрізді
«образды теңеу, эпитеттер бір-бір жолға орналасқан, ал
үшінші, төртінші жолдарда құрмалас сөйлем берілген. Деген-
мен жыраулар толғауы мен ақындар өлеңі әдеби тілді түбірлі
айырмашылыққа ие ететіндей дәрежеде бір-бірінен ажыра-
тылмайды. Бір-бірімен жалғасып, ұштасып жатқан бұл жанр-
лар өзара әсер етіп, көркемдеу құралдары мен тілдік тұлға-
тәсілдерді бір-бірінен алғандығы байқалады. XVIII ғасырдағы
ақындардың өзі кейбір шығармаларын толғау түрінде ұсынды.
Мысалы, Шал ақындағы «Бұл дүниенің мысалы» дейтін толғау
(егер оны біз авторсыз ортақ мұра қатарына жібермесек), «Па-
сыл да, пасыл, пасылман», «Арғымақ ат кімде жоқ» сияқты
шығармалары тақырыбы, идеясы, баяндау стилі жағынан жы-
раулар толғауларынан еш айырмасы жоқ. Керісінше, кейбір жы-
рауларда (мысалы, Бұхарда) ақындарға тән тақырып пен стиль
еркіндігі бары байқалады. Демек, бұл екі мектеп әлі үзілді-
кесілді ажыраспаған. Сөйтсе де ақындық әдеби тілдің одан да
әрі халықтық сипат ала түсуіне жол ашты деуге болады.
Күнделікті өмір құбылыстарын, айналадағы ірілі-ұсақты
зат, нәрсе т.б. әңгіме желісіне байлаған ақындар солардың
атауын немесе оларға қатысты сын-сипат, қимыл, іс-әрекетті
білдіретін сөздерді поэзия тіліне енгізе бастайды. Енді
өгіз
Достарыңызбен бөлісу: