184
де орындарын ауыстырып келе береді. Мысалы:
Ол харами-
ларны әзіне дұспан білгенімізден а’ли кәһәли хазрәтлеріңізге
йазған ердім (ол харамиларға әскер йіберіп қорқытмасаңыз)
анлар һечте тиылмасалар дәйу (сонда).
Кім/ки дәнекерімен
құрастырылған сөйлемдер – ортаазиялық жазба тілдердің нор-
масы, бұл да – жоғарғы мәтіндерде орын алған синтаксистік
ерекшеліктердің бірі:
Айтыпсызлар кім бір неча насихат
сөзлеріңізні.
Қазақ даласынан жазылған дүниеліктердің
мәтіндерінде уа,
һәм, ләкин, дәйу, бірлән, білән, иле, че жалғаулықтары арқылы
бірыңғай мүшелер мен құрмалас сөйлемдерді жалғастыру
– актив тәсіл, бұл жалғаулықтар «түркілік» элементтер екені
белгілі
151
.
Түркі жазба тілінде бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан
ресми-қатынас қағаздары стилі қазақ топырағындағы осы
салаға жататын құжаттардың тілінде де пайдаланылған. Бұл
жанр тек стильдік белгілері бойынша емес, жалпы тілі (лек-
сикасы мен грамматикалық құрылымы) жағынан да қазақтың
жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен көркем әдебиеті тілінен алшақ
тұрды.
151
Бұл ресми қүжаттардың синтаксисі
Т. Қордабаевтың арнайы еңбегінде
жан-жақты толық талданған. Қараңыз: Кордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. -
Алматы, 1964. - 135-174-б.