МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ
Мақсаты: жаңа медиадағы ақпаратты сыни бағалау дағдысын қалыптастыруға, сонымен қатар жаһандық желіні пайдалану
арқылы пайдалы дағдыларды игеруге көмектесу.
Міндеттері:
Адамның мәдениеті мен оның жалпы өмір салтын қалыптастырудағы Интернеттің рөлінің артуын айшықтау;
Интернеттің адамға жағымды және жағымсыз әсерін анықтау;
Қоғамға ақпараттық ықпал ету мәселелері туралы түйіндер жасау;
Дүниежүзілік жаһандық желідегі адамның дамуына арналған құралдармен таныстыру;
Желіде ақпаратты пайдаланғанда оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту;
Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Өз бетінше ойлануға, өз көзқарасы үшін жауапкершілікке баулу және пайдалы техникалық жаңалықтарды игеруге деген құштарлықты
ояту.
Құрал-жабдықтар: мультимедиа проектор
Сабақ типі: білімді жүйелеу және жаңа материалды оқу.
Негізгі ұғымдар: «Интернет», «жаңа медиа», сыни ойлау, ақпарат, әлеуметтік желі, мессенджер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпта ықпалдастық қарым-қатынас орнату.
2. Жаңа материалды меңгеру.
Сабақ жоспары:
- Интернет пен ақпараттық технологиялардың заманауи әлемдегі орны;
- Интернеттің қазіргі заман адамының өміріндегі рөлі мен қызметі;
- «Жаңа медиа» мен «азаматтық журналистика» ұғымдары.
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ
СЛАЙД № 1
Сабақ тақырыбын хабарлау.
Мұғалім оқушылардан өткен сабақта не өтілгені туралы сұрайды.
Мұғалім бүгінгі сабақта оқушылардың интернет туралы білімдерін тексерілетінін,
әртүрлі онлайн-ресурстар туралы талқылайтындарын хабарлайды. Бүгінгі сабақта
Интернет пен ақпараттық технологиялардың заманауи әлемдегі орнын, Интернеттің
қазіргі заман адамының өміріндегі рөлі мен қызметін және «жаңа медиа» мен «аза-
маттық журналистика» ұғымдарын қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: