Әлеуметтік желілердің жеті түрі: Әлеуметтік медианың ерекшеліктері: ● Интернет-қауымдастықтар;
● Блогтар;
● Виртуалды ойындар;
● Әлеуметтік желілер;
● Ақпараттың қолжетімділігі;
● Жеке кеңістікті барынша азайту;
● Кеңістіктегі шектеулердің болмауы;
● Жеделдік.
● Бірлесіп контент
өндіретін қауымдастықтар;
● Бірлескен жобалар;
● Геоәлеуметтік сервистер;
1999 год 2001 год 2003 год 2004 год 2004 год 2005 год 2006 год 2009 год Дәстүрлі медиа жүргізетін әлеуметтік парақшалар да адамдар үшін маңызды.
Себебі, қазір адамдар медиа-басылымның сайтына кіріп емес, ақпаратты әлеу-
меттік желілер арқылы алуға үйренген. Егер ақпарат ұнаса, достарымен онлайн
бөлісуі мүмкін. Осылайша, дәстүрлі медиа үшін әлеуметтік желілер ақпарат тара-
туың маңызды жолдарының біріне айналды. Әлеуметтік желілерде пайдаланған
оңай, тез әрі тегін. Профайл ашу үшін немесе контент жүктеу үшін, достармен
сөйлесу үшін арнайы қабілеттің, білімнің қажеті жоқ. Әлеуметтік медиада ортақ
қызығушылықтары бар адамдарды іздеген оңай. Кәсіби журналист емес адамдар
кез келген уақытта өздерінің бастап өткендерін баяндап, өздерін қызықтырған мәселерді көпшіліктің талқысына сала алады. Сонымен
қатар, қарапайым адамдарға қоғам өміріне белсене араласуға мүмкіндік береді. Адамдар онлайн пікір қалдыра алады, сілтемесімен
бөлісе алады, сұрақтар қоя алады.
Қатерлер. Адамдар өздеріне қатысты ақпаратты кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді кеңістікке өз еріктерімен жариялайды. Де-
мек, ақпаратты кез келген адам пайдалана алады. Сондықтан, қандай ақпаратты көпшіліктің назарына ұсынуға болады, қайсы дербес
ақпарат, осыны анықтап алу керек. Мысалы, ақпаратты бөтен адамдардың көрмегенін қаласаңыз, баптаулардан өзгертуге болады.
Кейбір жұмыс берушілер жұмысқа тұруға ниет білдірген үміткерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарайды. Олардың он-
лайн кеңістікте имиджін қалай қалыптастырғанын көреді. Әлеуметтік желілерден келер қауіп те жоқ емес. Мысалы, шет елге демалысқа
кетіп бара жатқаныңыз туралы жазба қалдырдыңыз делік. Ал, егер, ұрылар сіздің үйіңізді бақылап жүрген болса ше? Онда олар сіздің
әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызды да қарап жүруі мүмкін. Анонимді ақпаратты ашып алу да оңай. Онлайн аңду, фейк аккаунт-
тар, хакерлерге көптеген жаңа мүмкіндіктер бар. Желіде жарияланған кез келген ақпаратқа сіздің келісіміңізсіз-ақ қол жеткізуге болады.
Яғни, көпшіліктің назарынан жасырған ақпарат бір-ақ сәтте таралып кетуі мүмкін.
Сондықтан, «жариялау» батырмасын баспай тұрып тағы да бір рет ойланыңыз. Көптеген әлеуметтік желілерде қауіпсіздік баптау-
лары бар. Мысалы, жазбаны көретін адамдар санын шектеу және т.б. Сонымен қатар, кейбір қолданушыларды блоктап тастауға
да болады. Құпиясөздің сенімді, қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Ол кемі сегіз символдан тұруы керек, яғни әріп, сан, белгі аралас
болғаны дұрыс. Дербес деректеріңіз ұрланбасын десеңіз, бұл ақпаратты да жасырын сақтаңыз.