Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет62/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138
80
81
ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ


Бұған жол бермеу үшін жасөспірімге виртуалды әлемге қарағанда өмірдің қызықты жайт-
тарға толы екенін, Интернетте сөйлескен нен бетпе-бет отырып тілдесу анағұрлым қызықты 
екенін түсіндіру керек. Интернеттен басқа да қызығушылық түрлерін көрсетіп, пайдалы әрі 
қызықты нәрселермен қызығушылығын оятуға тырысу керек. Себебі, расымен де, виртуалды 
әлемге қарағанда, өмір деген бір ғажап дүние емес пе?
Дегенмен де, жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануының бірнеше жақсы жақтары да 
бар. Оны мойындау керек.
Жыл сайын өтетін америкалық 119-психологиялық ассоциацияда таныстырылған зерттеу нәти-
жесінде тұйық, ортамен байланыс жасауы қиын интроверт жасөспірімдер әлеуметтік желілердің 
көмегімен әлеуметтік дағдыларды меңгере алады делінген. Яғни, әңгімелесе білу, сөз бастау, 
дәлелдер келтіру, сыни баға беру, қарсы шығу және т.б. Себебі, ұялшақ адамдар экранның арғы 
бетінде өздерін қауіпсіз сезінулері мүмкін. 
Психологтар жасөспірімдер әлеуметтік желілердің көмегімен басқа адамдарға тілектес болу 
арқылы психологиялық жағынан байсалды, сабырлы бола бастайды. Интернет ресурстардың 
пайдалы тұстары да осыған ұқсас.
Көптеген адамдарға коммуникация мүмкіндіктері жетпейді. Кейбір адамдар аутистикалық спек-
трдің бұзылуынан зардап шегеді. Олар әртүрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін. Бір полюсте – ерте 
балалар аутизмі, ол жалпы дамуды тежейді. Екіншісінде – коммуникация мүмкіндіктерінің шекте-
улі болғанынан туындайдын бұзылу. Ол интеллектке кері әсер етеді. Осындай ерекшеліктері бар 
адамдар үшін онлайн әңгімелесу өте тиімді. Себебі, желіде тілдесу басқа тірі адамдармен комму-
никация орнату үшін ешқандай күш талап етпейді. Интернеттің арқасында өзін қауіпсіз, ыңғайлы 
сезінетін «ұяшық» қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, өзінің интеллектуалды мүмкіндіктерін 
жүзеге асырып, қызықты әрі толыққанды өмір сүруге болады. Мұндай адамдар үшін Интернет 
әлеуметтенуге мүмкіндік береді. 
Сонымен, мынандай қорытынды жасауға болады: жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді қолда-
нуының қауіпті жақтары бар. Дегенмен, ол даму мен байланыс орнатуға жақсы мүмкіндік береді.
Жасөспірімдік шақ – тұлға болып қалыптасудың ең қиын кезеңдерінің бірі. Өтпелі кезеңді қалай 
тездетуге болады деген сұрақ ата-аналардың да, жасөспірімдердің өздерінің де көкейінде болуы 
мүмкін. Бұл қиындықтардың барлығынан оңай өтудің немесе оларға ұрынбаудың жолдары бар 
ма? Мұндай жағдайда бір ғана кеңес беруге болады. Ол физикалық денсаулықты сақтау үшін 
спортпен шұғылдану немесе физикалық күшті талап ететін басқа қызығушылықты табу. Ал, ру-
хани дертке шалдықпас үшн ересек адамдардың ақылы қажет. Ол жасөспірімге өтпелі кезеңнен 
аман-сау қалай өтуге болатыны туралы барлық құпияны айтып бере алады. Ал, өтпелі кезеңді 
тездету мүмкін емес. Ұзаққа созылған қыстан кейін көктемнің келуіне адам баласы қауқарсыз 
екенін секілді, бұл да табиғаттың бір заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет