ӘҢГІМЕНІҢ ЖАЛҒАСЫ... Үш мемлекет келіссіздер жасасып, Альфаның территориясын өзара бөліп алды. Бетта жаңа ресурстарға, Омега шекарасының кеңейгені-
не қуанды. Зет мейірімді екеніне риза. Ол өзінің жаңа жерінде Альфаның мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін сақтап қалу үшін
арнайы аймақ ашты. Қуанбаған тек Альфа ғана, себебі ондай мемлекет енді жоқ...
176 177 АҚПАРАТТЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ АҚПАРАТТЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
5-қадам. Мұғалімнің толықтыруы. Ақпарат адам немесе үміткер туралы ғана емес, кез келген құбылыс немесе
оқиға туралы көзқарас қалыптастыра алады. БАҚ қазіргі уақытта ақпарат
таратудың маңызды құралы, ал ақпарат мықты қару ретінде пайдаланыла-
ды. Қазіргі таңда соғыстар соғыс алаңында ғана болып жатқан жоқ. Соғы-
стар ақпарат айдынында: интернетте, газет бетінде, телевизия мен радио
эфирінде тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл ақпараттық соғыс деп аталады. Сол
себепті, нақты бір мүдде мен мақсатты көздегендер жекеменшік бұқаралық
ақпарат құралдарын аша алады.
Журналистердің этикалық стандарттары бар, онда объективтілікке баса
мән беріледі. Журналист оқиға немесе конфликтіде бір тарапқа жақтаспауы
керек. БСС, Германия мен Франция БАҚ-тары осы қағидаға сүйенеді.
СЛАЙД № 18 СЛАЙД № 19 БАҚ – өте мықты құрал. Журналистер қоғамның жанды мәселелерін көтереді,
қоғамның және биліктің сол мәселені шешуіне ықпал етуге талпынады. Журнали-
стердің көбі журналистік зерттеу жасауға және нақты ақпарат беруге ұмтылады.
178 179 АҚПАРАТТЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ АҚПАРАТТЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ